- 05 нау. 2024 03:41
- 173
Алдар көсе мен Қожанасыр
Алдар көсе мен Қожанасыр
1. АЛДАР КӨСЕ
Алдар көсе мен шайтан бірлесіп бидай егеді. Егін піскен соң орып, бастырып, бидайын бір бөлек, саламын бір бөлек қойыпты да, шайтанға көрсетіп айтыпты:«Көбін аласың ба? Азын аласың ба?» – деп, шайтан: «Көбін аламын!» – депті. Көбі мынау деп, саламды шайтанға беріп, бидай біткенді өзі алыпты.
* * *
Бір күні Алдар көсе мен шайтан екеуі түлкі қуып соғып алып, қай жасы үлкеніміз алайық дейді.
Алдар көсе шайтанға: «Кəні, сен нешедесің? Жасыңды айт»,– дейді. Шайтан: «Мен туғанда көк табақтай ғана, жер кеседей ғана еді», – дейді. Алдар көсе еңіреп қоя береді. Шайтан:
«Неге жылайсың?» – дейді. «Менің үлкен балам нақ сол жылы туып еді, құрдас екен - ау деп жылап тұрмын», – депті. Сүйтіп, Алдар көсе үлкен шығып, түлкіні алады.
2. ҚОЖАНАСЫР
Қожанасыр жарлы болған адам. Бір күні жаяу кіре тасып, кəсіп қылып, тамақ асырамақ болған. Базарға келіп, жаяу кірешілердің жанында тұрғанда, бір сандықкесе, шыны - аяқ, тас табақ сияқты шетін нəрселерді алып баруға жалданбақшы болады. Нəрсе иесі айтады:«Алып бару ақыңа мен саған үшауыз мағыналы, қасиетті сөз үйретемін», – дейді. Ақша басқалардан да табылады ғой, мұның қасиетті, зор мағыналы сөздерін естіп қалайын деген оймен Қожанасыр жарайды дейді.
Сандықты көтеріп иесіне еріп келе жатып, біраз жер жүрген соң: «Қәне, қасиетті мағыналы сөздеріңізді айтсаңыз екен», – дейді. Жалдаушы айтады: «Бірінші сөз мынау: егерде біреу аштық тоқтықтан жақсы десе, еш уақытта нанбағайсың!».
«Жақсы, бұл бек мағыналы сөз екен», – дейді Қожанасыр.
Тағы біраз жүрген соң: «Енді екінші сөзіңді айтсаң екен»,– дейді. Жалдаушы айтады: «Екінші сөз мынау: аттыдан жайау жүру жанға тыныш десе, еш уақытта нанбағайсың», – дейді.
«Бұда зор мағыналы сөз екен», – дейді Қожанасыр.
Үйдің жанына келіп қақпаға кірердің алдында тұрып: «Енді үшінші сөзіңді айтсаң екен», – дейді. «Үшінші сөзім: егерде жаяу кірешінің сенен де ақылсызырағы бар деуші болса, асылан нанбағайсың», – дейді.
Қожанасыр төбесіндегі сандықты жерге алып ұрып: «Егер - де біреу бұ сандықтың ішінде сынбай қалған нəрсе бар десе, ешуақытта сен де нанбағайсың», – дейді.
1. ҚОЖАНАСЫР АҚЫЛЫ
Жиын үй. Жиылған жұрт. Əркім мінбеге шығып, жұртқа білген ақылын, үгітін айтып жатыр. Бір уақытта мінбеге Қожанасыр шығып: «Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нəрсенің жайы, білесіңдер ме?» – деді. Жұрт: «Жоқ, білмейміз», – дейді. «Білмесеңдер, білмейтін нəрселерің жайынан қалай сөйлеймін», – деп Қожа мінбеден түседі.
Жұрт қамтама қалып, білмейміз деп ағат айтқан екенбіз, енді сұраса, білеміз деп айтайық деседі.
Басқалар сөйлеп жатқан соң, Қожа шыдап тұра алмайды, тағы халықтан сұрайды: «Жамағат, мен не жайын сөйлемекпін, білесіңдер ме?» – дейді. Жұрттың бəрі: «білеміз, білеміз», – деп шулай қоя береді.
«Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын», – деп Қожа сөйлемейді. Тағы мінбеден түседі.
Жиында болған адамдар, Қожа енді сұрай қалса, білетініміз де, білмейтініміз де бар делік, онда не дер екен дейді.
Басқалар мінбеге шығып, анау жақсы, мынау жақсы, олай ету керек, бұлай ету керек деп, ақылдарын айтып жатқан соң, Қожа төзіп отыра алмайды, тағы мінбеге шығады.
Жұрттан үшінші рет тағы сұрайды. «Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын, білесіңдер ме?» – деп. Жұрт: білетініміз де, білмейтініміз де бар», – дейді.
«Олай болса, білетіндерің білмейтіндеріңді үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін», – деп Қожа мінбеден түседі.
А. Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"