
- 25 шіл. 2025 20:29
- 44
"Пара алып, өкілеттігін асыра пайдаланды" — Жамбылдағы шенеунік Тоқаевтан көмек сұрады
"Пара алып, өкілеттігін асыра пайдаланды" — Жамбылдағы шенеунік Тоқаевтан көмек сұрады
Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Нұрсұлтан Болатбеков инспекция басшылығын жемқорлыққа барғаны үшін айыптап, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан тікелей көмек сұрады.
Болатбеков таратқан видеомәлімдемеде, инспекция басшысы мен бөлім басшысы жүйелі түрде пара алып, ақша жинаумен айналысқанын, ал бұл әрекеттерге қатысудан бас тартқан өзін бірнеше жыл бойы қудалап, қысымға алғанын ашық айтқан.
— "Маған заңсыз әрекеттерге қатысуға қысым көрсетті. Пара алуға, ақша жинауға мәжбүрлеуге тырысты. Қарсы болғаным үшін жұмыста қудаландым. Мен бұл туралы барлық инстанцияға шағымдандым, бірақ нәтиже болмады. Енді Президенттен араша сұраймын," — дейді ол видеода.
Оның айтуынша, жемқорлық деректері бірнеше жыл бойы жалғасып келген. Болатбеков соңғы үміт ретінде бұл әрекеттерді жария етуге мәжбүр болғанын айтады.