Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Қазақстандық ата-ана жазылып кеткен баласы арқылы 1,3 млрд теңге жинап, қымбат өмір сүрген

Қазақстанда тағы бір астыртын қайырымдылық жымқыру ісі әшкереленді. Бұл жолы Дәулет пен Толқын Тотақанов есімді ерлі-зайыпты жұп өздерінің ауыр диагноз қойылған ұлы Алтаирдің еміне деп қаражат жинап, кейіннен ол жазылып кеткен соң да науқанды жалғастырып, 1,3 миллиард теңгеден аса қаржыны заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.


Тотақановтар 4 жыл бұрын ұлдарына ота жасату үшін 50 миллион теңге қажет екенін айтып, Instagram парақшасы арқылы халықтан қаражат жинаған. Бірақ баланың нақты еміне бар-жоғы 6 миллион теңге ғана жұмсалғаны белгілі болды.

Ал қалған қаражат:

  • Жылжымайтын мүлік сатып алуға,
  • Қымбат автокөліктер алуға,
  • Шетелге саяхаттауға,
  • Құмар ойындарға кеткені анықталған.

 Қазіргі таңда ерлі-зайыптыға "аса ірі көлемдегі алаяқтық" және "қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру" баптары бойынша айып тағылып отыр. Қылмыстық іс тергелу үстінде.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама