
- 28 шіл. 2025 17:10
- 27
АҚШ пен Еуроодақ жаңа сауда келісіміне қол жеткізді
АҚШ пен Еуроодақ жаңа сауда келісіміне қол жеткізді
АҚШ пен Еуропалық Одақ арасында стратегиялық маңызы бар жаңа сауда келісімі жасалды. Бұл жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамп Шотландияда өткен кездесуде мәлімдеді. Келіссөздер Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейенмен өтті.
Трамптың айтуынша, Еуроодақ алдағы уақытта АҚШ-тан 750 миллиард доллар көлемінде энергия ресурстарын сатып алуға және 600 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуға келіскен. Сонымен қатар Брюссель АҚШ әскери техникасына қомақты қаржы жұмсамақ.
Келісім аясында Еуроодақ 1 тамыздан бастап енгізілуі мүмкін болған 30%-дық кеден салығынан құтылуға мүмкіндік алады. Өз кезегінде Брюссель америкалық экспортқа кедендік шектеулерді жоюға дайын екенін мәлімдеді. Яғни, америкалық тауарларға кеден салығы нөлге дейін төмендетіледі.
Сонымен бірге, АҚШ ЕО-дан келетін кейбір импорт тауарларына, атап айтқанда автокөліктерге 15% кеден салығын енгізеді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 25% болған. АҚШ тарапы бұл қадам арқылы сауда тепе-теңдігін сақтауға мүдделі екенін жеткізді.
АҚШ-тың сауда министрі Говард Лютник екіжақты келісімге енбей қалған кейбір салалар бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты. Атап айтқанда, жартылай өткізгіштер мен дәрі-дәрмектерге қатысты кедендік мәселелер алдағы екі апта ішінде шешімін табады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Bloomberg агенттігі ЕО тарапынан АҚШ-тың 30%-дық тарифіне жауап ретінде қарсы шаралар дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. Алайда қол жеткізілген жаңа келісім жағдайды ушықтырмай, екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға жол ашты.
Трамп бұл келісімді «АҚШ тарихындағы ең ауқымды сауда келісімі» деп атады.
-
АҚШ бірнеше B61-12 үлгісіндегі термоядролық бомбасын Ұлыбританиядағы Саффолк графтығында орналасқан Lakenheath әскери базасына орналастырды. Бұл туралы UK Defence Journal басылымы хабарлады.