Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ақтөбелік жолаушыны жарақаттаған такси жүргізушісі 500 мың теңге төлейді

Ақтөбеде «Яндекс.Такси» арқылы жолға шыққан әйел жол апатынан зардап шекті. Оқиға салдарынан әйелдің қабырғасы сынған. Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жас ақтөбелік әйел ұлымен бірге «Яндекс.Такси» қосымшасы арқылы көлік шақырған. Оларды 27 жастағы такси жүргізушісі Chevrolet Cobalt автокөлігімен тасымалдаған. Нерегулируемый қиылыстан өткен кезде жүргізуші басқа көлікке жол бермей, соқтығысқан. Апат орнынан такси жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Соққыдан әйелдің үш қабырғасы сынған.

Жол ережесін бұзғаны үшін сотқа тартылды

Жол ережесін бұзғаны үшін такси жүргізушісі сотқа тартылды. Оған ҚР ҚК-нің 345-бабы (Адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге немесе адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша айып тағылды.

Жүргізуші жол ережесін бұзғанын толық мойындап, жәбірленушіге дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке кеткен шығындарын өтегенін айтты. Ол отбасында жалғыз асыраушы екенін, әйелі эпилепсиямен ауыратынын алға тартып, қатаң жазаламауды сұрады.

Моральдық шығын талабы

Сотта жәбірленуші әйел таксиде алған жарақатынан ұзақ уақыт бойы қозғала алмай, дем ала алмай, тамақтана алмай қиналғанын айтты. Оның айтуынша, екі ай бойы жұмыс істей алмағандықтан, несиелерін төлеу үшін алған қарыздары көбейіп қалған. Әйел кінәлі тараптан моральдық шығын ретінде 500 мың теңге өндіріп беруді талап етті.

Сот такси жүргізушісін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту және бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, сот кінәлі тарапты жәбірленуші жолаушыға моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Жаңалықтар

Жарнама