
- 30 сәу. 2025 22:06
- 28
«Астана банкінің» бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана банкінің» экс-басшысы Олжас Тоқтаровтың сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады. Сондай-ақ, оның жалпы құны 14 миллиард теңгені құрайтын мүлкі тәркіленді. Олардың қатарында тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік нысандар, түрлі ғимараттар, жер телімдері, бағалы қағаздар мен криптовалюта бар.
Экс-басшымен бірге банк филиалдарының, департаменттері мен басқармаларының бұрынғы басшылары және қарамағындағы қызметкерлері де кінәлі деп танылды. Алайда олар бас бостандығынан айырылмай, өзге жазаларға тартылды.