
- 12 там. 2025 10:40
- 11
Австрияда алғаш рет «X» таңбалы паспорт берілді
Австрия билігі тарихында тұңғыш рет жыныс графасында ер немесе әйел орнына «X» белгісі қойылған паспорт рәсімдеді. Құжат Германияда тұратын азаматқа берілген.
2024 жылы Германияда гендерлік өзін-өзі анықтау заңы күшіне еніп, азаматтарға жыныс бағанында divers («өзге» немесе небинарлы) деп көрсетуге мүмкіндік туды. Сол жылы Еуроодақ соты бір елде тіркелген гендерлік мәртебе өзгерісі одаққа мүше басқа мемлекеттерде де танылуы тиіс деген қаулы қабылдады.
Австрия заңында небинарлық ресми бекітілмесе де, бұл ереже негізінде Венадағы миграциялық орган азаматтың өтінішін қанағаттандырды. Бұған дейін Австрия өтінішті кері қайтарған, алайда өтініш иесі құжаттарын қайта тапсырып, ерекше жағдайын түсіндірген: шекарадан өткен сайын оның жыныстық мәртебесі заң жүзінде өзгеріп отырған.
Бұл шешім ЕО аумағында гендерлік бейтарап құжаттарды мойындау процесінің нақты қадамға айналғанын көрсетеді.