Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Тақырыбы: «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алаш» атты кітап көрмесі», Алаш қайраткерлеріне арналған буклет, «Азаттықты аңсаған Алаш» атты газет, Алаш туралы жазылған сөздер.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 - 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.
1. Жүргізуші:«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды.
Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов.
ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.
2. Жүргізуші: «Алашорда үкіметі» 1917 жылы Орынборда 3 - 15 - желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Әлихан Бөкейханов. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы Семей қаласы еді.
Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға байланысты қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді, кезекте бостандықтың жауы большевизммен күресу тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.
1. Жүргізуші:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
ІІ Бүкіл қазақ съезінен көрініс
(Бір топ адамның алдына шығып)
Ә. Бөкейханов: «Азаттықтың таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті.
Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкіршілік!
Мен кадет партиясына кеттім.
(Топ ішінен екі үш адам: «Біз де ойлансақ қайтеді» деген дауыстар шығады).
Әлиханның артынан жүріп бәрі сахнадан шығып кетеді)
2. Жүргізуші: Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды Алаш, өлмейміз.
Жасасын Алаш, жасасын!
Көрініс
Дауыс: «Алашорда үкіметін бүгіннен қалдырмай жариялаймыз ба?»деген ұсыныс болады.
Дауыс беру басталып кетеді. Дауыс берудің қорытындысы бойынша Шығыс алашорда 42 дауысты, ал Батыс Алашорда 39 дауысты алады. Үш адам дауыс бермей қалыс қалады.
Батыс Алашордашылар: «Алашорда үкіметін бүгіннен қалдырмай жариялайық».
Шығыс Алашордашылар: « Жоқ, тоқтай тұрыңдар, мынау Түркістан облысы, Түркістанға қарайтын Жетісу облысы, Сырдария облысы бар соларды пікірін білейік» дейді.
Дауыс бермей қалыс қалған үш адам: «Біз Алашорда үкіметіне қосылмаймыз, біз Түркістан автономиясын құрамыз» деп сахнадан шығып кетеді.
1. Жүргізуші: Алаш десе, рухың сілкініп, ұлттық «менің» оянып, мақтаныш сезім билейді. Осы сезімді аспан астын Алаш атымен тұндырып, ән салғың келеді. Ал, Алаштан қалған ән бар ма осы?
2. Жүргізуші: Бар. Бар болғанда қандай!
Зар заман мәнерлеп оқу.
1. Оқушы: Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асырып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.
Заман - ай?
Азаматы алаштың
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.
Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, бастап топты
Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.
Заман - ай!
Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды - көпті аямай барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?
Мұсылманның жолына жаныңды сал.
Заман - ай!
Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?
Өлең, күйдің шебері ақындарым?
Азаматтың міндеті елді қорғау,
Төнгелі тұр басына күшті толғау.
Заман - ай!
1. Жүргізуші: Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,
Жер әлемге жетеді көпке үнім!
2. Оқушы Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыры - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат - мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. Ол 1872 жылы қаңтар айының 28 - де Торғай облысы, Торғай уезінің Тосын болысында Сарытүбек дейтін жерде дүниеге келді. Әкесі Байтұрсын қарапайым шаруа болғанымен мәрттігі, кісілігі басым, көзі ашық азамат болса керек. 1885 жылғы қазанның 12 - де ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі 15 жылға сотталып, 17 жыл бойы “итжеккенде” айдауда болды. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет Торғайдағы екі жылдық орыс - қазақ училищесін тәмамдаған соң 1891 жылы керуеншілерге Орынборға барып сонда қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебіне оқуға түседі.
3. Оқушы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Қарқаралы оязы, Әлтеке – Сырым облысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық атауы бойынша бұл елді – мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, ”Қаратал “ совхозына қарайды. Қазақтың болашақ саяси көсемі, бір басында сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей тұлғаның білім дариясынан сусындаған ілкі қадамы бұрынғы Мырзатай аталған, қазіргі Қасым қыстағында ауыл молдасынан сауат ашудан басталады. Ресейдегі жоғары дәрежелі амандар даярлайтын білім ордасының есігін 1888 жыл ашқан, ол 1892 жылы ойдағыдай бітіріп шықты.
4. Оқушы Міржақып Дулатов (1885 - 1935) Ол 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында қазіргі Торғай облысының Жанкелдин ауданында “Қызбел” кеңшарында дүниеге келген. 1897 жылы Торғай қаласындағы Ы. Алтынсарин ашқан екі кластық орыс - қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы ойдағыдай бітіреді.
2. Жүргізуші: Қазақстан картасында КарЛАГ (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті.
Көрініс:
Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.
Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)
Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.
Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым – халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.
Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол рас па?
Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.
Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін....
Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?
Қазақ тергеушісі: Ағай сізге не болған, Мә су ішіп жіберіңіз. Қазір жаңағы жан алғышта келіп қалар.... Құдайым ай соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?! Келіп қалды бекем болыңыз.
Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс тергеуші және жендет келеді)
Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес.
Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы жендетке алып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)
Ей, халқым
Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек.
Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам
Сонда менің болмас еді ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.
1. Жүргізуші: Қапияда
Қауып алар қармақтар,
Ойды орап,
Қырды жапқан Карлагтар.
Қайда барсаң
Қан сасыған іргелер,
Тірі өлікке толған іші түрмелер.
Көрініс:
Күй ойнап тұрады. Бес арысты әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады.
Әскер: Иә, соңғы сөзді кім айтады іштеріңнен?
Мағжан: Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы
(Мылтық даусы естіледі)
2. Жүргізуші: Қазақстанда 101мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың барлығы ақталды.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар.
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.
(Алаш зиялыларын еске алу 1 минут үнсіздік)
1. Жүргізуші: Өшіп кетіп бір жылы жер бетінен,
Өзге орында балалап өскен елмін.
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
2. Жүргізуші: Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.
Мұғалім сөзі: Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті.
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Сабағымызды Әлихан Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек».