- 03 қаң. 2021 00:00
- 237
Борхес және мен
(новелла)
Оның — Борхестің тағдырына оқиға жазылған. Буэнос-Айрес көшесінде қаңғырып жүрмін. Подъездердің аспасы мен есік торларына бір қарау үшін де еркімнен тыс тоқтай салам. Борхес туралы пошталардан дерек алып, оның аты-жөнін оқытушылар тізімінен немесе өмірбаяндық сөздіктерден көрем. Мен құм сағаттарды, жағрапиялық карталарды, XVIII ғасыр басылымдарын, этимологиялық штудияларды, кофенің дәмін және Стивенсон прозасын жақсы көрем. Стивенсон менің талғамымды тап басады. Тіпті еркінсігені соншалықты - басымдыққа да ие болып бара жатқандай. Әсте, бояуды тым қоюлатудың қажеті жоқ; біз - бір-бірімізге жау емеспіз. Әзірге тірімін, Борхестің өз әдебиетін жасауы үшін тірі боламын да. Әрі сол арқылы өз тіршілігімді де дәлелдеймін. Құлықпен мойындаймын, кейбір дүниелерім, сәтімен жазылды. Бірақ мені олар да қорғап қала алмайды. Өйткені сәтімен жазылған сол туындылар үшін Борхес басқаға да, өзіне де қарыздар емес. Тіл мен дәстүрге ғана қарыздар. Ақыр-соңында менің де жоғалуым кәдік. Менен де болмашы бірдеңелер ғана қалуы мүмкін. Оның тентектікке, асыра сөйлеуге бейімділігін білсем де бойымдағы барымды біртіндеп соған беруге тырысам. Спиноза "бәрінен бұрын әркім өзі болып қалуға тырыссын" деп нығарлайды. Тас-тас күйінде, жолбарыс-жолбарыс қалпында қалсын! Менің талайыма өзім емес - Борхес болып қалу жазылған. (Жалпы, мен осы бар ма екем?) Мен Өзімді Борхес кітаптарынан гөрі басқа құбылыстардан, немесе өзін-өзі ұмытқан гитара әуендерінен жиірек кездестірем. Бірде одан да азаттық алуға тырысып, оқшаулану мифологиясын уақытпен, кеңістікпен ойынға алмастырдым. Ал дәл қазір сол ойын Борхеске тиесілі. Ал менің басқа бір жаңа дүние тауып алуым керек. Соған қарағанда менің өмірім қашудан тұрады, мен үшін бәрі де -шығын. Сөйтіп, бәрі ұмытылады, бәрі де соған, басқа біреуге тиесілі.
Бұл беттерді де екеуіміздің қайсымыз жазып отырғанымызды білмеймін мен...