Жылқы шаруашылығы – қазақтың ғасырлық өнері
Мазмұны
І. Кіріспе
«Қазақ, дала және жылқы»
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қолға үйрету тарихы
2. Өмір мерзімі және кезеңдері, сипаттамасы, түсі, түрлері
3. Қазақ халқындағы жылқы маңызы
4. Жылқы және қазақ рухы
ІІІ. Қорытынды
Мал өсірсең, жылқы өсір,
Табысы оның көл - көсір
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты жылқы малының тарихын, олардың өмір сүру кезеңдері мен түрлерін, биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Жылқы малының бапталуы мен күтімі жайлы мәліметтерді жинақтап қазақ халқында жылқының маңызы мен күтімі жайлы зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады.
- ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау
- жылқы малының ерекшеліктерін анықтай
- жылқы малының жас ерекшелігін, бапталуын, күтімін зерттеу.
- жылқы малының адам өміріндегі пайдасын анықтау.
Кіріспе
«Қазақ, дала және жылқы»
Бұл қазаққа қанат болған жүйрік ат,
Қазір міне арман болды, байқаймысың жамағат?
Атакәсіп ұранымен төрт түлікті өсірсек,
Жан серігі Құлагердің ізін басар талай ат.
Халқымыздың ерекше қастерлеп және жанына жақын көрген төрт түлігінің ішіндегі қастерлеп пір тұтқан қасиетті түлігінің бірі жылқы.
Халқымызда «қазақ, дала және жылқы» деген сөздер бір - біріне жақын тамырлас та, тағдырлас та айтылады.
Тарих деректері бойынша адам баласы жылқыны біздің жыл санауымызға дейін 3 - 4 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп саналады. Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар – Тарпаң мен Керқұлан деп есептеледі. Бұлар ерте заманда Орталық Азия мен Қазақстанның кең байтақ далаларында мың - мыңдап, үйір - үйірімен жайылып жүрген. XVΙΙ – XVΙΙΙ ғасырларда қазақ халқы тарпаңды жылқы үйіріне қосып, тұқымын асылдандырып, етін пайдаланғаны жайлы мағлұматтар бар. Біздің тегіміз - түркі, түлігіміз жылқы. Содан да болар «жылқы төрт түліктің төресі» деп атам қазақ бекер айтпаған. Қазақ қазақ болып қалғаны үшін ана мен атқа қарыздар. Осындай байтақ жеріміздің бабаларымыз аттың жалы, түйенің қомында жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап қалды. Ерте заманда қазақтар баласын кішкентайынан атқа мінгізіп үйреткен.
Жылқы қасиеттері. Жылқы түлігінің қасиеті ұшан теңіз. Ол мінсең көлік, жесең тамақ, ішсең сусын, кисең киім. Жылқының еті де, сүті де, қаны да дәрі. Қазысының майы адамның сүйегін балқытады. Адамның теріс біткен сүйегін осы майды пайдаланып қайта салады. Бие сауған әйел адамның дені сауы болады.
«Жылқы – жаным, қымыз - қымыраным» деген атам қазақ. Жылқының тағы бір қасиеті соғыстарда, бәйгеде, көкпарда, жорықтарда қаншалықты аласапыран қырғындарда мертіккен жаралы жауынгерлердің денесін баспаған. Тіпті кей жағдайларда аттан құлаған адам аман қалады, тіпті еш жері жарақаттанбайды. Қазақта «Есек тұяғын төсейді, түйе шудасын төсейді, өгіз мүйізін, ат жалынын төсейді» деген сөз бар. Бұл тұлпарға тән тазалықтың, пәктіктің белгісі. Өзі туған қанды, өзінен тараған қанды білетін жаза баспай танитын, өз денесінің иісін, тараған ұрпақ иісін жаңылмай танитын, өз тұқымының үн - дыбысын мінез құлқын жаза баспай табатын қазақы жылқы тұқымының естілігі мен ақылды қасиеттері кім - кімді де таң қалдырады.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал, исі - жұпар, терісі - киім, мінсең тұлпар деп Досбол шешен жылқының халық өміріндегі алатын орнын өте жоғары бағаланған. Қазақ - өзі аттан, қазаны оттан түспеген халық, сондықтанда жылқы жайлы деректер өте көп - ақ.
Негізгі бөлім
Жылқы тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
1. Қолға үйрету тарихы
Қазба қалдықтары жылқының б. з. б 7000 ж. бұрын - ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдеді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан және қазірде жойылып кеткен тарпан жатады. Соңғысы 19ғ дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Рейсейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Монғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жылқылар кейін тағыланып кеткен.
Қазақстандағы тарихы
Ежелгі дәуірден - ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақтандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б. з. б. 4 - 3м. ж), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б. з. б. 2 - м. ж), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б. з. б. 1м. ж., б. з. 2ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп әдеп - ғұрыптық рәсімдердің ажырымас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Арийлер кезеңі
Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпар қатты қадірленген.
Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер. Оған ұшқыр тұлпарларды қос - қостан жегіп алып сары далада сағымша жүйіткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері т. б туралы мағлұмат алуға болады,
Сақтар кезеңі
Сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір - үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқығы салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс - тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. «Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді» деп жазады. Ежелгі грек тарихшысы Геродот, ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшкейлейді. Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі - жыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т. б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да «иесіне аты о дүние де серік болады» деген сеніммен пайда болған.
2. Биологиясы
А) Өмір сүру мерзімі және кезеңдері
Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25 - 30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40 - тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.
Жылқы төлдерін былай бөледі.
құлын (биенің жас төлі)
жабағы (6 айдан асқан құлын)
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны)
дөнежін шығар (3 жастағы байтал)
дөнежін байтал (3 жастан асқаны)
бесті бие (4 жастан асқаны)
қасабалы бие (7 - 8 жастағы бие)
кәртамыс бие (11 - 14 жастағы бие)
жасаған бие (20 жастан асқан бие)
мама бие (көп құлындаған жас бие)
бедеу – құлындамайтын жылқы
құлық - алғашқы құлындаған бие
қысырақ - үйірге алғаш қосылған жас мал. т. б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айырдың атаулары.
құнан айғыр (2 жастан асқаны)
дөнен айғыр (3 жастағысы)
сәурік айғыр (3 - 4 жастағы үйірге салынбағаны)
бесті айғыр (5 жастағысы)
сақа айғыр (11 - 12 жастағысы)
ат - ақталған (кестірілген) еркек жылғы, мініс ат.
Ә) Сипаттамасы
Жылқының басы созылған арықтау келеді. Көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырлаған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады. Түсі әр алуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады. 1 - ші және
5 - ші саусағы мүлдем болмайды. 2 - ші және 4 - ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан. Тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады. өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миы бір шама кішкентай және қатпарлары үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады.
Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 - 185 см, салмағы 60 - 1500 кг болады.
Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық.
Түсі
Жылқы түсі қылан, ала, баран болып бөлінеді.
1. Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр құлагер, қызыл, нарқызыл т. б. жылқылар;
2., Баранға торы, қара, қракөк, қара сұр, қоңыр, жирен, күрең т. б. жатады.
3. Алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала т. б. жылқылар жатады.
Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т. б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр(лошак), құланоид(құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.
Түрлері
Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқылары т. б.), мініс жылқысы (араб жылқысы, ақалтеке т. б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы т. б.), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары. т. б. ) солтүстік дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары т. б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250 - дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы, Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі: Хидирова Карима Асқарбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.