«Жыр Күләші» (Ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кеш)
Атырау қаласы,
Еркінқала орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жұмағалиева Нұргүл Қайыржанқызы
«Жыр Күләші» (Ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кеш)
Мақсаты: Ақын оқушыларды шығармашылығымен таныстыру, өз Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейрімділікке, сөз сенерін құрметтеуге, тілді құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ақын портреті, кітап көрмесі, слайд (қанатты сөздер)
Ортаға жүргізушілер шығады
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен жыр сүйер қауым! Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кешімізге қош келдіңіздер. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кемде емес. Солардың бірі - өлең өлкесінде өзіндік өнерімен ерекшеленетін, қиялға қанат сермеген қазақтың ақын қызы - Күләш Ахметова.
1 - жүргізуші: Жырым менің
Қарсы шық соңғы оқтарға,
Көмекке бар күрескер солдаттарға,
Жалау болып желбіре айқастарда
Әділеттің жеңісін қорғап қалды!
Ойна аязда - ойна нұр шашып қарға,
Күзде бұлтты алып кет қашықтарға
Жапыраққа жаңбыр бол жаз алтында
Көктемдерде көмектес ғашықтарға,
Өзің бірде ел жүгін көтеремін,
Жүрегімді түсініп өтер елім.
Бір көмекке зәру боп жатқандарға
«Жедел жәрдем» сияқты жет, өлеңім!
2 - жүргізуші: Ән әлемінде біз білетін бір Күләш бар, оның есімі әмбеге аян. Күләш Байсейітова!
Өлең өлкесінде, жыр дүниесінде тағы бір Күләш бар. Ол - біздің бәрімізге белгілі ақын - Күләш Ахметова.
Бірі - ән Күләші
Бірі - жыр Күләші.
Бірі - халық жүрегін әнмен тербетті.
Бірі - ел жүрегін жырымен елжіретті.
1 - жүргізуші:
Ән мен жыр!
Ән мен жыр әлімсақтан егіз - мәңгі бірге өмір сүріп келеді. Мәселе, соны кімнің қалай жүрекке жеткізе білуінде!
Ендеше, бүгінгі әңгіме жыр жайында, жыр Күләш жайында болмақ.
2 - жүргізуші:
Ақынның өмір жолымен Арай таныстырады.
Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищені, 1973 жылы ҚазМҰУ - ді тамамдаған. Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973 - 1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977 - 1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.
1 - жүргізуші:
Барлық ақындардың жандарына жақын тақырыптардың бірі - туған жер. Балалық шақтың елесі қалған, кең жазира даласында ән салып, бауырында бәйшешек гүл терген, туған жерге деген сағыныш әрбір жанды бейжай қалдырмайтыны анық. Ал ойларын өлеңмен өре білген нәзік жүректі ақындардың сағынышын сезбеу, оны оқи отырып ерекше күйге енбеу мүмкін емес.
2 - жүргізуші:
Жыр Күләші! Өлеңнің өз Күләші! Әсіресе, соңғы ширек ғасыр ішінде қазақ өлеңінің өн бойын Күләштің әсем әніндей бір ғажайып саз тербетіп келе жатқаны ақиқат. Сол саз ешкімді де жалықтырар емес, қайта барған сайын құмартып, құнықтыра түскендей.
1 - жүргізуші:
Таластың құтты төрінде көктеп, бүр жарған жас қайындай талдырмаш аққұба қыз мектеп қабырғасында – ақ өлең жаза бастайды. Жамбылдың дәрігерлік училищесінде оқып жүрген кезінде - ақ өз ортасына ақын болып таныла бастады.
2 - жүргізуші:
Қазақ мемлекеттік университетіндегі студенттік шақта поэзияның қасиетті өлкесіне нәзік сырлы, ыстық сезімді күмістей сыңғырлаған сұлу әуенді дарынды өлеңдерімен елең еткізген ақынның көп ұзамай оқырманы молая түсті.
1 - жүргізуші:
Ендігі кезекті ақынның жырларына берейік.
«Отанды сүю»
2 - жүргізуші:
Осы өмірде адам баласына жақын екі асыл жан бар. Оның бірі - аяулы ана, екіншісі - ардақты әке.
«Мен сені болашаққа жеткіземін», «Әке» өлеңдерін оқиды.
1 - жүргізуші:
Ақын өлеңдері - сезім мен тебіреніске толы. Оның жырлары кейінгі ұрпақты адалдық сияқты сезімдерге жетелеп, адамзатты сүюге бастайтын жол тәрізді.
«Жас баланың жанарына қараңдар» өлеңі
2 - жүргізуші:
Ақын жырлары өз оқырманын ойшылдығымен, сыршылдығымен, тұнықтығы - мен баурайды. Оның әрбір өлеңі бір - бірімен үндесіп, ұштасып жатқан тұтас әлем. Ендеше ақынның тағы бір өлеңіне кезек берейік.
«Ақын жүрек» өлеңі
1 - жүргізуші:
Қазақ поэзиясында саралы жолы бар, айшықты ерекшеліктерімен танылған ақынның қай өлеңін алып қарасақ та, ойды ширатары анық. Айналасына жыр жолдары арқылы шуақ шаша білген ақынның ендігі өлеңіне құлақ түрейік.
«Сөнбеңдер, жарық шамдарым»
«Жапырақ – жаздың жүрегі»
2 - жүргізуші:
Қазақ жері – ғасырлар көшінің көне куәгері, байлықтың кені, өнер ордасы, достықтың мекені - міне, ақын осы тақырыпты жырлайды. Сөз маржанын терген ақынның өнер туындысына үңілген сайын бойыңды ерекше сезім билейді.
«Өмір» өлеңі
1 - жүргізуші:
Қадірлі қонақтар! Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген, ақын апамызға арналған кешіміз өз мәресіне жетті.
2 - жүргізуші: Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет!
Кеш қонақтарына сөз береміз.