ЖОО-ның арасынан өзіне керегін қалай жаңылмай таңдауға болады?
Талапкерлер әлемдік тәжірибеде тізімдегі жүздеген ЖОО-дан өзіне керегін іріктеу үшін ең алдымен бір нәрсеге баса назар аударады. Бұл – университеттің беделі, түлектерінің қазіргі қызметі, я сайтында көрсетілген жақсы жарнамасы да емес, ЖОО-ның талапкер қалаған мамандықты оқытудағы жетістігі. Өйткені атағы жер жаратын университеттің өзі белгілі бір мамандықтарды даярлауда ақсап тұруы мүмкін. Сондықтан шетелде талапкерлер бірінші өзіне «Менің мамандығымды қай университет сапалы оқытады?» деген сұрақты қояды. Ал осы сауалдың жауабын табу үшін әлбетте ЖОО арасында жүргізілген рейтингке жүгінеді.
Мұндай сараптамалық жұмыс нәтижесі бүгінде бізде де жарияланып тұрады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен үш жылдан бері жасап келе жатқан үздік университеттердің топтамасы бар.
Елімізде университеттер тым көп, мұндай мазмұндағы сын негізінен соңғы 3-5 жылдың көлемінде жиі айтылып келеді. Тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында еліміздегі ЖОО санын қысқартуды тапсырған болатын. Білім және ғылым министрлігі осы ауқымды істі жүзеге асыруда. Сондай-ақ білім беру гранттарын бөлуде де палатаның «ЖОО рейтингі» нәтижелері негізге алынады.

Отандық ЖОО-да оқуды қалаған талапкерлер алдымен мамандықты таңдау үшін «ЖОО рейтингі» нәтижесіндегі білім беру бағдарламаларының көрсеткішіне көңіл аударуы керек. Осы ретте көкейде «Бұл рейтинг қаншалықты әділ әрі сапалы жүргізілді?» деген сауал туатыны түсінікті.
Рейтингтің объективті бағалануы үшін былтыр 2036 білім беру бағдарламасы, 109 ЖОО нәтижесі зерттеліп, 58 мың 894 түлектің кәсіби біліктілігіне талдау жасалған. Бұл жұмысқа білім беру бағдарламаларын әзірлеуде тәжірибесі бар 700 сарапшы тартылған. Осыдан-ақ айқын көруге болады – бір сарапшы қателесіп қалар, бірақ 700 адамның мүлт кетуі мүмкін емес.
Әр талапкер өзіне ұнаған мамандықты, яғни кәсіпті болашақта нан тауып жеу үшін, өзін-өзі асыру үшін игереді. Осы орайда сұраныстағы мамандықты таңдау бар да, сұранысқа ие маман бола білу бар. Соның екіншісі әрбір талапкерді және студентті, әсіресе түлекті толғандыратыны сөзсіз. Себебі сұраныстағы мамандықты бітірсе де, сұранысқа ие маман бола алмай жүргендер өте көп. Сондықтан да талапкер университетті таңдар алдында «Бұл ЖОО маған ұнағанымен, тұрғылықты жеріме қолайлы болғанымен, болашақ жұмыссыздарды дайындамай ма?» деп алаңдағаны жөн.
Мамандық алып, кәсібін игеріп кету үшін алдымен дұрыс оқу орнын таңдау керек. Бұл жерде ең бірінші ол оқу орнының статусы мен онда дәріс беретін оқытушылар құрамын білу маңызды. Сол саланы бітірген түлектердің атақтылары кімдер, қай салада жұмыс істеп жүр, деген кішігірім ізденіс, зерттеу жұмысын да жүргізген артықтық етпейді. Адам жан дүниесіне, жүрек қалауына сай келетін салада ғана зор табысқа жете алады. Мамандық - ол сіздің болашағыңыз, табысыңыз, өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы дұрыс таңдай білудің өмірлік маңызы бар.
ҚАЗҰУ ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Әлемнің 1200-ден астам университеттерін бес пәндік бағыт бойынша сараптаған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерін жақсартып, позициясын нығайтты. ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні бойынша өз көрсеткіштерін 277-ден 156-шы орынға, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» пәні бойынша 351-ден 257-ші орынға көтеріп, оң нәтижеге қол жеткізді.
ҚазҰУ «Қазіргі тіл білімі» мамандығы бойынша да үздіктер қатарынан табылып, әлемнің үздік ЖОО арасында 52-ші орынға ие болды. Университет келесі мамандықтар бойынша: «Ағылшын тілі мен әдебиетінен» – 101-150, «Лингвистика» және «Құқықтанудан» – 151-200 үздік топтарына, «Экономика және эконометрикадан» – 251-300 , «Математикадан» – 301-350 және «Физика және астрономиядан» – 501-550 алдыңғы топтарына енді.
Бұл рейтингке бірқатар мамандықтар алғашқы рет қатысып, бірден үздік атанды. Мәселен, «Тарих» мамандығы 151-200, «Бизнес және менеджмент» – 401-450, «Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық жүйелері» – 501-550, «Химия» мамандығы – 551-600 алдыңғы топтарына кірді.
QS World University Ranking by Subject рейтингінің әдістемесі төрт негізгі көрсеткішке негізделген: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалаларға сілтеме және Хирш индексі. Пәндік рейтинг 95 мыңнан астам академиялық сарапшылардың, 45 мыңдай жұмыс беруші сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, сондай-ақ «Scopus» мәліметтер базасынан алынған ақпараттар негізінде жасалды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық пәндік рейтингтерде де жоғарыда көрсетілген оқу бағдарламалары бойынша қазақстандық университеттер арасында жетекші орын алады. ҚазҰУ халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік университеттердің институционалдық рейтингінде де және пәндік рейтингте де табысқа жетіп, үнемі алға жылжып келеді. Сонымен, 2020 жылы QS World University Ranking әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша жетекші қазақстандық университет (ҚазҰУ) әлемдегі ең үздік университеттер тізімінде 165 орынға ие болды. Бұл топта ТМД елдерінен тек Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана бар.
Мәдениеттану мамандығының 2 курс студенті: Тоқан А.Н Өндірістік тәжірибе жетекшісі: Есболова М.А