- 26 нау. 2015 00:00
- 268
Лионель Мессидің әр кезде айтқандары
Менің орныма екі аяғым сөйлейді.
Мен Барселона қаласында 12 жасымнан бастап тұрып келемін, бірақ мен әлі Аргентина азаматымын.
Кішкентай кезімнен мен ұяң болатынмын және барлық уақытымды тек футболға арнайтынмын. Достарым мені көше кезуге шақыратын, бірақ мен ертеңгі күні жаттығуым болғандықтан, кезуге көп шыға бермейтінмін. Сол балалық шағымнан бері әлі ешнәрсе өзгерген жоқ, Қазір де достарым бір жерге шақырса, үйде қалғанды жөн көремін.
Мен барлық матчты финалда ойнап жатқандай ойнаймын.
Марапаттар әрине жақсы, бірақ бұл мені емес тілшілерді алаңдатуы керек.
Кей уақытта өзіңе: "Барлық ойында жеңу мүмкін емес" деп айтуыңа тура келеді.
Өмірде футболдан да маңыздырақ нәрселер бар.
Ақша менің ойнау дәрежемді өзгертпейді. Мен өзімді әлі, мамасынан доп сұрап алып, аулада сол допты қуалап жүрген баладай сезінемін. Бұл сезімді жоғалтқан уақытымда футболмен қош айтысамын.
Маған ақша төлемей қойса да, осы дәрежеде тегін-ақ ойнай берер едім. Ақша әрине өмір сүру жағдайыңды түзейді, бірақ қанаттандырмайды. Мен экономикалық жағдайымды түзеу үшін емес, футбол ойнау үшін өмір сүрудемін.
Маған адамды таң қалдыратын шаш үлгісі немесе дене бітім керек емес. Менің аяғыма допты беріңдер, өнерімді сонда көрсетемін.
Роналду өте тамаша ойыншы, оған деген ешқандай қызғаныш сезімім жоқ. Егер Роналду болмағанда мен оның дәрежесін асу үшін ұмтылмас едім, бір деңгейде қалып кетер едім.
Футболды аяқтағаннан кейін, мені жақсы футболшы емес жақсы адам деп еске алғанын қалар едім. Осы нәрсе мені көбірек мазалайды.