Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Мемлекет басшысы ІІМ басшысын қабылдап, қылмыс азайғанын атап өтті

Мемлекет басшысы ІІМ басшысын қабылдап, қылмыс азайғанын атап өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, еліміздегі қылмыстық ахуал мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы есеп тыңдады.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың алғашқы 7 айында қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыс саны 9 мыңға азайған. Адам өлтіру, қарақшылық, бұзақылық секілді ауыр қылмыстар кеміген. Аса ауыр қылмысқа қатысы бар 146 қылмыстық топ жойылды.

Полиция өндірісіндегі істер бойынша азаматтардың 28 млрд теңге көлеміндегі шығыны өтелген. 956 қашқын ұсталып, оның 24-і шетелден экстрадицияланды. 600 хабар-ошарсыз кеткен, оның ішінде 125 бала табылды.

Интернет-алаяқтықпен күресте 6 call-орталық жойылып, 67 млн жалған қоңырау мен 3 мың сайт бұғатталған. 2,8 млрд теңге алаяқтардан сақталған. 11 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 19,5 мың сайт бұғатталды.

Сондай-ақ, мас күйде қылмыс жасауға жол бермеу, кадрлық әлеует пен қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар сөз болды.

Президент қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша нақты тапсырмалар берді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама