Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 минут бұрын)
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ге жасалған соққыларға қатысты мәлімдеме жасап, келіссөз алаңын ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Ариқиді қабылдап, Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАӘ-ге жасалған шабуылдарға алаңдаушылық

Президент БАӘ аумағына жасалып жатқан соққыларға байланысты қатты алаңдаушылық білдірді. Қазақстан азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды алғашқылардың бірі болып айыптағанын атап өтті. Бұл туралы ол БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлескенде де айтқан болатын.

Тоқаев бейтарап елдердің соғыс қимылдарына тартылуына Қазақстанның қарсы екенін, шиеленісті тоқтатуға және қақтығысқа қатыспай отырған Парсы шығанағы елдерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақыратынын жеткізді.

Келіссөз алаңын ұсыну

Мемлекет басшысы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін баса айтты. «Еліміз қажеттілік туындаған жағдайда, ізгі ниет білдіріп, бейбіт келіссөздер жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін растады», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Стратегиялық әріптестікті нығайту

Бұдан бөлек, Тоқаев Қазақстанның БАӘ-мен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға және негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті. Өз кезегінде, елші Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Ариқи Қазақстанның БҰҰ Жарғысының қағидаттарын қолдап, БАӘ және Парсы шығанағы араб мемлекеттері Ынтымақтастық кеңесі елдерінің егемендігі мен қауіпсіздігін құрметтегені үшін алғыс білдірді.

Жаңалықтар

Жарнама