
- 14 мау. 2025 03:49
- 43
Қазақстандық авиакомпаниялар үшін Таяу Шығыстағы бірқатар елдердің әуе кеңістігінен ұшу уақытша тоқтатылды.
Қазақстандық авиакомпаниялар үшін Таяу Шығыстағы бірқатар елдердің әуе кеңістігінен ұшу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті ресми мәлімдеме таратты.
Комитеттің ақпаратына сәйкес, Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның үстінен ұшуға тыйым салынған. Бұл шектеу өңірдегі әскери шиеленістің күшеюі және азаматтық авиацияға төнген қауіптің артуына байланысты енгізіліп отыр.
— Бұл нұсқаулық Қазақстаннан ұшатын барлық тұрақты және чартерлік жолаушы, жүк және техникалық рейстерге қатысты. Құжат қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және барлық әуе компаниялары үшін міндетті, — делінген ведомство хабарламасында.
Комитет өкілдері жағдай тұрақталған жағдайда қосымша ақпарат берілетінін жеткізді. Қазіргі уақытта ұшу бағыттарына өзгеріс енгізіліп, балама әуе дәліздері қарастырылуда.