- 29 қыр. 2018 00:00
- 242
Септикалық шок
Септикалық шок — іріңді-септикалық инфекцияның шоғырланған түрінің де, жайылған түрінің де ағымын қиындатуы ықтимал қауіпті асқыну. Септикалық шоктың туындауына соқтыратын жайттарға кез келген хирургиялық араласу жатады: ұрық жұмыртқасы қалдықтарын алып тастау мақсатында жасалған жатыр қуысы кюретажы, абсцестерді, жараларды хирургиялық өңдеу, бактериялардың ыдырауына алып келетін белсенді бактерияға қарсы ем, босану, т.б. Әдетте, септикалық шок инфекциялық патологияның клиникалық көріністерімен қатар хирургиялық араласудан кейін бірінші-екінші тәулікте дамиды.
Септикалық шок кезінде паренхиматозды ағзалардың қызметі бұзылып, олардың ауыр зақымдары орын алады:
— жіті бүйрек жеткіліксіздігі;
— жіті өкпе жеткіліксіздігі;
— жіті бауыр жеткіліксіздігі;
— ДТҰ-синдром (диссемирленген тамыр-ішілік ұю синдромы).
Шартты түрде септикалық шоктың алты түрін ажыратады:
— инфекция белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, лейкоцитоз, бактериемия, уытты қаназдық;
— ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) тарапынан байқалатын бұзылыстар: іс-әрекеттің талапқа сай бомауы, қозу, сопорозды-комотозды ахуал.
— тыныс бұзылысы: тахиптік (минутына 30 реттен астам), гипоксия, құрғақ және ылғал ұсақ көпіршікті сырыл, «шокқа шалдыққан өкпенің» рентгенологиялық белгілері;
— гемодинамика бұзылыстары: минутына 11-120 рет соғумен жүрек автоматизмі мен ырғағының бұзылуы, гипер- немесе гиподинамиялық синдром, миокард ишемиясы, микроциркуляция бұзылысы, коагулопатия.
— бауыр мен бүйректер қызметінің бұзылысы: жіті бүйрек жеткіліксіздігінің және жіті бауыр жеткіліксіздігінің белгілері (олигурия, анурия);
— метаболизм бұзылыстары: гипопротеинемия, диспротеинемия, гипергликемия, метаболикалық ацидоз, диспротеинемия, гиперосмолярлық.
Септикалық шок жіті бауыр жеткіліксіздігі дамуының негізгі себебі болып табылады.
Ота алдындағы дайындық кезінде антибиотиктермен ерте тиімді ем жүргізу, плазманың орнын толтыратын және коллоидты ерітінділермен, гемотрансфузиямен гиповолемияны жою, гемодинамиканы реттеу үшін глюкокортикоидтар енгізу, тездетілген диурезді қолдану, оксигенотерапия, анаэробты сепсиске күдік туғанда поливалентті гангренаға қарсы сарысу қолдану, т.б. жүргізіледі.
Жұқпа көзін хирургиялық жолмен жоюға жатыр түтікшелерін алып тастай отырып, жатырды оның қосалқыларымен бірге алып тастау, құрсақ қуысын дренаждау және қайта қарау жатады. Бұндай жағдайларда консервативтік ем нәтиже бермейді. Септикопиемиясы бар науқастарда жатырды алып тастаған соң пиемиялық ошақтарды қайта қарау және дренаждау, сондай- ақ метастаздық іріңді ошақтар түзілуі ықтимал көздерді санациялау және мұқият күту қажет.
Іріңді-септикалық инфекция болған науқастарда нейроэндокриндік және полиоргандық бұзылыстар жиі дамиды. Ірінді-септикалық жұқпаны бастан кешкен әр әйелге төнетін қауіп көп, сондықтан оңалту кезінде оларға емдік шаралар кешені жүргізіліп, әйелдерге кеңес беру орнында диспансерлік бақылауға алынуы тиіс.
Л. К. Ибраимова