Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Шакира Қазақстанға келуі мүмкін – ұйымдастырушылар келіссөз жүргізіп жатыр

Шакира Қазақстанға келуі мүмкін – ұйымдастырушылар келіссөз жүргізіп жатыр,-деп хабарлайды Infohub.kz тілшісі.

Әлемдік деңгейдегі әнші Шакира Қазақстанда жеке концерт беруі мүмкін. Бұл туралы Дженнифер Лопестің Астанадағы кешін ұйымдастырған продюсер Мәлік Хасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда танымал жұлдызбен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

— Мен сіздерге кішігірім құпияны ашайын. Біз Шакирамен келіссөз жүргізудеміз. Бұйырса, күзде нақты шешім белгілі болады. Жаңалық күтіңіздер, – деді Хасенов «Адырна» тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, 1 тамызда Астанада Дженнифер Лопес алғаш рет қазақстандық көрермен алдында өнер көрсетті. Ал 10 тамызда ол Алматыда концерт қояды. Сонымен қатар, қыркүйек айында Астана мен Алматыда атақты Backstreet Boys тобының кештері жоспарланып отыр.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да бұған дейін Лара Фабиан мен Шакираның концертіне барғысы келетінін айтқан болатын.

Егер келіссөздер сәтті аяқталса, бұл Қазақстандағы шоу-бизнес пен концерттік индустрияның дамуына үлкен серпін болары сөзсіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама