Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Вьетнам Коммунистік партиясы Бас хатшысы То Лам 5-7 мамыр күндері Қазақстанға мемсапармен келеді

 

2025 жылдың 5–7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам ресми мемлекеттік сапармен келеді. Сапар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асады.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер аясында екіжақты қатынастарды кеңейту мәселелері, соның ішінде сауда, экономика, инвестиция және гуманитарлық салалардағы әріптестікті тереңдету жолдары қарастырылады. Тараптар стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін нақтыламақ.

Сонымен қатар, сапар бағдарламасына сәйкес, 7 мамыр күні То Лам Астанада өтетін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

Бұл сапар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық байланысты нығайтып, өзара тиімді серіктестіктің жаңа парағын ашуға негіз болмақ.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама