
- 02 мам. 2025 17:01
- 59
Шымкентте жүргізуші куәлігін 500-ден астам адамға сатып отырған қылмыстық топ ұсталды
Шымкент қаласында жүргізуші куәліктерін заңсыз сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді.
2023–2024 жылдары аралығында жүзеге асқан алаяқтық схема аясында 500-ден астам адам жүргізуші куәлігін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей алғаны белгілі болды. Тергеу барысында бұл істі ХҚКО басшысы Ж.Р.Мурашимов пен өзге де лауазымды тұлғалар ұйымдастырғаны анықталған.
Жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеу қызметі үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алынған. Бұл қылмыстық жолмен табыс табудың кең ауқымды жүйесі болған.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сот санкциясымен 12 күдікті ұсталды. Олардың 2 жеке үйі, 2 пәтері, 2 жер телімі және 10 автокөлігі тәркілеу мақсатында бұғатталып, жалпы құны 200 миллион теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.