
- 17 сәу. 2025 21:06
- 61
Сот залында төтенше жағдай: Шерзат Полаттың әжесін жедел жәрдем алып кетті
Алматыда Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесі кезекті отырыс кезінде күтпеген оқиғаға ұласты. Айыпталушылардан жауап алынғаннан кейін, адвокаттардың бірі айыптау қорытындысын қайта оқу туралы өтініш білдірген болатын. Осы сәтте прокурор іс материалдарын оқып жатқанда, марқұмның туған әжесі өзін кенеттен жайсыз сезініп, сот залынан шығарылды.
60 жастағы әйел қан қысымының күрт көтерілгенін айтып шағымданған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әйел жедел жәрдем көлігіне жатқызылғанымен, ауруханаға барудан бас тартқан.
Сот процесі қоғам назарында қалып отыр. Куәгерлер мен жәбірленуші тарапқа ауыр психологиялық салмақ түсіп жатқаны байқалады.