
- 17 сәу. 2025 21:03
- 60
Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілер өз кінәсін мойындаудан бас тартуда
Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілер өз кінәсін мойындаудан бас тартуда,деп хабарлайды Infohub.kz.
Алматыда Шерзат Сатыбалдының қазасына байланысты өтіп жатқан сот процесі жалғасуда. Кезекті сот отырысында мемлекеттік айыптаушы іс материалдарын таныстырғаннан кейін судья Ержан Жанұзақов сотталушылардан кінәларын мойындайтын-мойындамайтынын сұрады. Алайда күдіктілердің басым бөлігі өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді.
Сотталушылардың жауабы мынадай болды:
- Абзал Шынасыл – бұзақылық бойынша кінәсін жартылай мойындады, алайда адам өлтіру бабын жоққа шығарды.
- Равиль Сакиев – өз кінәсін толықтай жоққа шығарды.
- Шыңғыс Белғожаев – кінәсін мойындады, бірақ іс материалдарында сәйкессіздіктер барын атап өтті.
- Азамат Тоқтаубаев – кінәсін ішінара мойындап, «оқиға орнында болғанын, алайда қолында пышақ болмағанын», сондай-ақ «телефонды ұрлық ниетімен алмағанын» айтты.
- Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Дидар Қалияхмет, Думан Ысқақ – барлығы өз кінәларын мойындамады.
- Нұрбол Тоқтаубаев – кінәсін ішінара мойындады.
Сот процесі 18 сәуір күні сағат 10:00-де жалғасатын болады. Қоғам назарындағы бұл іске қатысты шешімдер келесі отырыстарда нақтырақ айқындалады деп күтілуде.