Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Темір және оның маңызды қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Темір және оның маңызды қосылыстары
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту, оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық (9 сынып химия ), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер, интерактивті тақта..

I. Ұйымдастыру. Амандасу, оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Блиц турнир:
1. Алюминийға сипаттама беру?
2. Алюминий неше валентті?
3. Алюминий оксидінің формуласы?
4. Алюминий оксиді қандай түсті?
5. Алюминий қандай элементке жатады?
6. Алюминий гидроксидінің физикалық қасиеті қандай?
7. Алюминий гидроксидін не себепті амфотерлі қосылысқа жатқызады?
8. Алюминийді қайда қолдануға болады?
9. Алюминий сульфатына сода ерітіндісін қосқанда не түзіледі?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Машина мен трактордың жаны,
қара металлургияның наны, ол не? (Темір)
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді.», бұл көріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман.
Темір периодтық жүйеде:
4 - период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2), электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.(слайд)
Физикалық қасиеті: Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7, 864 г/см3, балқу t0 ═15390С.
Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген. Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.
Темірдің 7690С дейін магниттік қасиеті сақталады.(таблица)
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған, салмағы 60т. 1895 жылы Гренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған, қазір Нью - Иоркте сақталуда. Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90%темір құрайды. Жер мантиясында 12%, жер қыртысында 5%темір бар. Жер қыртысында таралуы бойынша - 6 орында.

Темір және оның маңызды қосылыстары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама