Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Темір, периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы
Темір, периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік: Оқушыларға темірдің жай зат күйіндегі құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: Темірдің адам өміріндегі және қоғамдық даму барысындағы тарихи мәнін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, эстетикалық көзқарастың дамуына тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық (9 сынып химия), периодтық кесте, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы
Сабақтың технологиясы: СКТТ
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, физика, биология, астрономия, тарих, медицина

Ж О С П А Р Ы:
Темір, оның ПЖ - гі орны, атом құрылысы
Темірдің ПЖ – гі орны, атом құрылысы
Табиғатта кездесуі
Өнеркәсіпте алынуы
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Қолданылуы
Қорытынды

Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:

Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?

Шешуі: темір.
Темір.

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді.», бұл көріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман.

1. Жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
4 - период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2), электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Темір – VIIIБ топ элементі, d - элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы
s - e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі
d - e болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді:
Fe0 – 2e - Fe+2
Fe0 – 3e - Fe+3
Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2FeO4 – калий ферраты) болатын тұрақтылығы төмен қосылыстары белгілі.

2. Табиғатта таралуы
Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші металл.
Оның жер қыртысындағы үлесі 5, 1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.
Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда. Онда таулар толық темірден құралған. Курск, Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов - Cарыбай).
Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады, оның орташа құрамы 0, 01 - 20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.

Темір, периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама