- 26 қаз. 2020 00:00
- 191
Уәде – қасиетті сөз
— Мен кінәлімін. Ешқашан тентек болмауға уәде беремін. Оқуды беске оқимын. Енді не дейсің? Уәдем осы.
Жәкіш сынып толы оқушыларға жасқанбай қарап тұр, ақсары жүзінде жігер бар.
— Уәде дегеннің не екенін білесің бе өзің? — деді балалардың біреуі.
— Білем.
— Айта ғой білсең.
— Уәде ме, уәде — адамның ар-ұятымен айтылған сөз, қасиетті сөз. Осылай деп анасы үйреткен еді.
— Жақсы. Сен ғой тентек Бәйкеннің жетегімен кеткеніңді айтпай, бәрін өзім істедім дейсің. Біз барлығын да біліп қалдық. Осы қалай? — деді Еркін ағай. Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп қыбыжықтай берді, төмен қарап тырнақтарын шұқылады.
— Не десем екен? — деді ол қиналып. — Былай, ол да уәде. Мен айтпауға, жолдасымды ұятқа қалдырмауға уәде бергем.
— Солай ма, ол жайлы шешеңе де айтпадың ба?
— Иә.
— Енді неге айтып тұрсың?
— Жаңа ғана өтірік айтпаймын деп уәде бердім ғой.
Балалар ду күлді.