Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жұмбақ

(пародия)

Ол телефон соққан кезде мен төсекте телевизор көріп жатқанмын. Түнгі он екілер шамасы болар, бәлкім.

— Сәлем, — деді ол. Дауысы әдеттегіден жай шықты. Тіпті ауырып қалған адамның дауысы тәрізді сәл өзгеріңкіреп шықты. Әлде дұрыс сөйлеуге бар күшін жұмсайтын мас адамдардікі сияқты ма екен? Әйтеуір біртүрлі.

— Сәлем. Жайшылық па? 

— Иә, жай.

Сөзсіз ішіп алған деп ойладым. Удай мас.

— Қай жерде, нені тойлап отырсыңдар?

— Біз… Біз бүгін жол апатына ұшырадық қой. 

— Иә?

Жүрегім су ете қалды.

— Бізің кім?

— Берік, Бақыт, үшеуміз. Трассада. Қатты жүріп… машина аударылып… Машина жолдан көп шығып кетіп… Жақын маңда ешкім жоқ. Ешкім көрген жоқ.

— Айналайын, дұрыстап рет-ретімен айтшы. Енді қазір қайдан звондап тұрсың? 

— Сол жерден. Біреулерді шақыра салшы дейін деп…

— Жақсы. Қай жерде тұрсыңдар?

— Қаладан шыққаннан кейінгі көпірдің маңайы.

— Жақсы, қазір звондаймын. Барлығың амансыңдар ма, әйтеуір?

— Жоқ, жоқ, аман емеспіз.

— Не болды?

— Бәріміз аман емеспіз.

Ол телефон тұтқасын қоя салды. Ал мен жалма-жан орнымнан тұрып, жедел жәрдемге, Құтқару қызметіне телефон шалдым. Содан кейін такси ұстап, өзім де жеттім. Барлығына көп болса бір сағат уақыт кеткен шығар. Олардың үшеуі де қайтыс болып кетіпті. Барлығының өлген уақыты — бүгін таңертең!!!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама