Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 27 минут бұрын)
Қазгидромет Алматы, Астана және тағы төрт қала тұрғындарын ауа сапасының нашарлауынан сақтандырды

Қазгидрометтің ресми сайтында Алматы, Астана және Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Павлодар қалаларының тұрғындарына арналған ауа сапасы бойынша ескерту жарияланды. Болжам бойынша, 27 наурызда бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алады.

Бұл жағдай ауаның ластануына ықпал ететін тынық ауа райы, желдің әлсіздігі, тұман және инверсия сияқты факторлардың жиынтығынан туындайды. Мұндай жағдайда атмосфераның жер бетіндегі қабатында зиянды заттар жинақталады.

Қалалар бойынша болжам

Астанада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ сақталады. Шығыс бағыттағы жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы болады.

Алматыда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік-шығыс жел батысқа ауысып, 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы болады.

Қарағандыда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман болады. Шығыс, солтүстік-шығыс жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Петропавлда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыс жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 9-11 градус жылы болады.

Павлодарда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыс жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Жаңалықтар

Жарнама