Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Төрт түліктің төресі - түйе

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің  
2 сынып оқушысы: Күнтуарқызы Аймира
Ғылыми жетекші: Унгарбаева Аяужан Косниязовна
Бастауыш сынып мұғалімі

 

ПІКІР

Зерттеу жұмысының барысында жас зерттеуші Күнтуарқызы Аймира Маңғыстау жеріне климатына бейім жануар түйені зерттеді. Ол тек түйе жануарының пайдасын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар оның адам өміріне өте қажет жануар екенін, жесе тамақ, мінсе көлік, сүті өте пайдалы екенін білді.

Түйе сүтінен жасалған шұбаттың өкпе ауруына шипалы екенін, түйенің жүні әрі киім, әрі жамылғы екенін білді.

Терісінен тон, етік, сусын құятын торсық, белдік т.б жасайтынын білді.

Шығармашылық жұмысын зерттеу барысында шығармашылық қабілеттері дамып, логикалық ойлауы, ой-өрісі кеңейді.

Жас зерттеуші дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындығын көрсетті. Зерттеу барысында түрлі материалдарды қолданды.

Жас зерттеуші Күнтуарқызы Аймира ізденімпаздық жолында қанаты талмай, жоғары самғап белгілі бір дәрежеге жетуіне тілек білдіремін.

Жетекшісі: Унгарбаев Аяужан

 

Абстракт

Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының төрт түлігінің бірі санаған түйенің қасиетті мал екенін, қасиетті мал деп санауының себебін білдіру. Түйе малы мінсең көлік, ішсең сусын, жесең тамақ, ауруыңа шипа, кисең киім, тұрмыстағы керекті заттар. Осындай қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санағанына тоқталу. Әр бір зерттеулер арқылы баланың ой толғанысын арттыру, білімге құштарлығын ояту.

Зерттеудің болжамы: Түйені зерттей отырып оқушының қызығушылығы оянады, белсенділігі артады. Тақырыпқа байланысты түйе өнімдері мен, әдебиетпен ұштастыра отырып, түйенің өнімділігі жайында бизнес жоспар құруға дағдыланды.

Зерттеудің кезеңдері: 2015 жылдың қыркүйек айында тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді. Жинақталған материалдар мен жұмыс бағыты-бағдары айқындалып, жоспар құрылды.

Зерттеудің әдістері: Жұмысты зерттеу және жинақтау.

Зерттеудің жаңалығы: Түйе жануарының болмысы жайында түрлі болжамдар қарастырылып, жан-жақты зерттелді.

Зерттеудің нәтижесі: Түйе Маңғыстау жеріне бейім екенін зерттеп. Шұбатының емдік қасиетін адам ағзасына пайдалы нәруыздарын анықтап кестеге толтырылды.

Қорытынды: Еліміздің мал шаруашылығына аса көп мән беріліп, түйе сүтінің, жүні және етіне мемлекеттік қолдау көрсетіліп, халықаралық үлгіде экспортталып аса зор орын алса біздің мықты тұсымыз жаңа табыс көзіне айналары анық.

 

Жоспар

І. Кіріспе
І. Негізгі бөлім

Түйенің шығу тарихы
Түйенің түрлері
Түйенің өнімдері

ІІІ. Зерттеу бөлімі
Әдебиетпен ұштастырылуы
ІҮ. Зерттеудің жаңалығы
Ү. Ұсыныс
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Пайдаланылған әдебиет

І. Кіріспе

Маңғыстау облысы Қазақстаның оңтүстік-батысында орналасқан. Жер көлемі 165,6 мың шаршы шақырым. Облыстың солтүстік бөлігінде Желтау, (221м), Маңғыстау (148м) таулары және құмды массивтері (Қарақұм, Сам және басқалары), сортаң жерлері (Өліқолтық, Қайдақ, Қарадүлей және басқалары) және Бозащы түбегі бар Каспий маңы жазығы орналасқан. Орталық бөлігінде Маңғыстау түбегі және ТМД-дағы ең үлкен ойпат-Қарақия (132м) орналасқан. Оңтүстік-батысында Кендірлі-Қаясан жазығы, оңтүстігінде-Қарынжарық ойпаты, шығысында-Үстірт жазығы орналасқан. Маңғыстау облысының аумағы биоклиматтық жағдайларының сипаты бойынша сұр-бозғылт топырақты шөлейтке жатады. Барлық аумақта кең таралған сорлар, сортаңдар кездеседі. Кең ауқымды аумақты құм алып жатыр.

Маңғыстау облысының климаты арктикалық, ирандық және тұрандық ауа массаларының әсерінен қалыптасады. Жылдың суық кезеңінде батыстан қатаң сібір антициклонының келуімен ауа массасы басымдық көрсетедіжылы кезеңдеол Орта Азия мен Иран шөлдерінің ыстық тропикалық массаларымен алмасады. Осы ауа массаларының әсерінен құрғақ, шұғыл континентті климат түзіледі.

Каспий және Арал теңіздерінің әсері өте шектеулі. Ол тек жағалаудың жіңішке шеттігінде байқалады және ауаның дымқылдануына, қыс айларында температураның жоғарылауына, жазғы айларда ауаның салқындауына,жылдық және тәуліктік температура солтүстігінде -5, -80 С, ал оңтүстігінде  жылымықтар болып тұрады. Аладен төмен емес. Кей жерлерде ауа температурасы 42-470 С-ге дейін көтеріледі. (абсолюттік максимум). Ауаның орташа тәуліктік температурасы 00С жоғары болатын кезеңнің ұзақтығы 250-300 күн. Жауын-шашын аз түседі. Орташа жылдың мөлшері 130-180мм. Жауын-шашын максимумы жылдың жылы кезеңіне тән. Қарастырылып отырған аумақ желдік энергетикалық қорына бай. Күшті желдер мен борандар болып тұрады. Аумақтың басым бөлігінде желдің орташа жылдық жылдамдығы  4-5м/с құрайды. Қатты жылдамдықпен соғатын жел Каспий теңізінің жағалауында болып тұрады, онда желдің орташа жылдық жылдамдығы 6-7м/с құрайды. Аумақтың басым бөлігінде шығыс және оңтүстік шығыс бағыттан жел соғады.

Маңғыстаудың климаты егін шаруашылығына қолайсыз, бірақ шөлге шыдамды малдарға қолайлы. Су тапшылығы болғандықтан, онда егістіктер қолдан суарылады. Мал шаруашылығында сиыр, қой, жылқы, түйе жануарлары өсіріледі. Өлкеміздегі үй жануарларының ішінде 57% түйе алып отыр.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.  Түйенің шығу тарихы

Түйе – сүтқоректілер класының көнтабандылар (сірітабанды) отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік Американың таулы  аймақтарында таралған түйетек (гуанако) және түйебас та (викунья) осы отрядқа жатады. Олардың денесі түйеден кіші, өркеші болмайды. Олардың қолға үйретілген қол тұқымдары тау тайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп аталады.

Түйе латынша (Camelus) – сірі табандылар отряд тармағына жататын ірі сүтқоректі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, аязға да,  төзімді, күшті көлік малы. Түйенің екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактриа  түйесі) - негізі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахань, Сталинград, Саратов және Чита облыстар. Бұрынғы КСРО- да мұның Астрахань түйесі, Қазақстан түйесі, Маңғол түйесі деп  аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі. Бір өркешті түйенің көп өсірілетін жері – Қарақұм.Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады. Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір шыдамды түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет,  қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады.Түйенің тағы бір биологиялық ерекшелігі - қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және қораны керек етпейді. Бірақ түйелер қырқылган алғашқы аптада өкпек желмен жоғары ылғалдыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Түйенің дене тұрқы ірі .Оның салмағы 450-550кг, мойны иір және ұзын. Денесінің  бір жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етугебейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі-жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка. Айыр өркешті жабайы түйе Манғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі  деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара» кей жерде «қаусыл - қазы» деп атайды. Ертеде түйелі көш «сахараның салтанаты» деп аталған. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқынаңғартады. «Түйесі бардың – киесі бар», «Көтерем деп түйедей безбе –салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе – қос қанатың емес пе?». Түйе түлігін қастерлеп «ұлық» деп атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрде орын берген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп шақырады. Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған.

2.2 Түйенің түрлері

Түйенің сырт бейнесіне қарай екі топқа бөлінген. Олар айыр өркешті (дромедар) және сыңар өркешті (бактриан), жас шамасына карай бірнеше топқа бөлінеді. Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындарының  «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «інген», еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілд  «бактриан» деп аталады.Оның денесі ірі,салмағы 450-550килоға дейін жетеді.Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар қалмақ, қазақ және маңғол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетін қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімдікеледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс  Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. Сыңар өркешті түйені ғылыми түрде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Казақстан жерінде ғасылар бойы халықтың сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, шудасы, сүті үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойыша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.

2.3 Түйе өнімдері

Түйе адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Соның ішінде түйе сүті көптеп қолданылады. Түйе сүтінің пайдасы оның құрамындағы нәруіздарда. Түйе сүтінің ерекшелігі май, белок, минералдық заттары және басқа құрамдық элементерінің мөлшері көп болып келеді; оның үстіне аса нәрлі. Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, құрт, балқаймақ дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінен 85%таза, өте бағалы түбіт. Оның мұндай қасиеттерін өте ертеден-ақ білген. Мықты шаршамайтын мініс атын өсіру үшін, мысалы, Құлынға түйе сүтін берген. Түйе сүтінің түсі әдетте аппақ болады, дәмі тұщылау-тәтті немесе тәттілеу –тұздылау болып келеді, консистенсиясы қою, бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда қатты көпіреді.

Түйе сүтіндегі белоктың құрамы.

 

Түйе түрі

Белок %

Казеин%

Альбумин%

Глобулин%

Бактриан

4,45

3,22

0,71

0,46

Дромедар

3,6

2,8

 

 

Қоспақ

3,7

2,8

0,87

0,9

 

Түйе сүті белоктарының сапалық құрамының бие мен сиыр сүті белоктарының сапалық құрамының елеулі айырмашылықтары бар.

 

Төрт түліктің сүтіндегі белоктың құрамы

Жануар түрі

Белок%

Казеин%

Альбулин,глобулин%

Түйе

4,45

3,22

1,23

Сиыр

3,4

2,7

0,7

Бие

2,2

1,25

0,95

 

Бактриандар сүтінде сауылу мерзімінде аминқышдары көп болады. Жылдың ір түрлі маусымында аминқышдары мөлшері бірдей болмайды. Биологтардың зерттеулерінде түйе сүтінде қанның қызыл формалы элементтерін түзуге көмектесетін амин қышқылдары болғандығы анықталды. Түйе сүтіндегі май мөлшері оның тұқымына, түріне жыл мезгіліне, азықтандыруға және басқа факторларға байланысты. Қазақ бактриандарының сүтінің майлылығы сүт шығатын кезде уытқиды. Сүті сұйық інгендердің сүтінде 3,6-3,8%, ал сүті қою інгендердің сүтінде 8% дейін болады. Бөліп-бөліп сауылған түйе сүтінің майлылығы бұдан да гөрі ауытқиды. Мысалы алғашқы сауымның майлылығы 3,5%-4%дейін, негізгі сауымдікі -5,5-6,0% дейін және соңғы идірімдікі 8%-12% дейін.

Шұбат асқазан, ішек, өкпе, рак ауруларына бірден-бір ем. Шұбат адамның денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады. Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499-528 ккал болса шұбатта 789-991ккал болады. Шұбат құрамында май, әртүрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау облысы Тұшыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған. Бұрын қазақтар қою түйе сүтін шәйға қосып ішкен, оның үстіне түйе сүтін олар сиыр сүті ретінде пайдаланады. Шұбаттан басқа, қазақтар түйе сүтіне басқа да жануарлардың сүтін қоса отырып түрлі сүт тағамдарын өндіріп шығарған. Мысалы: құрт, балқаймақ, т.б.

 

Түйенің сүті

шұбат

Қышқылдық

18%

28%

Майлылық

4,3%

4,3%

Лактоза

2,75%

1,32%

Құрғақ заты, майдың басқасы

8,2%

6,6%

Минерады заттар

0,86%

0,75%

Этил спирті

 

1,1%

Аскорбин қышқылы

5,6%

4,8%

 

Шудасы

Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң,буйрек  ауруларына радиация сәулелеріне  қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалынады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.

ІV. Әдебиетпен ұштасуы

•    Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы.
•    Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
•    Бір түйенің екі өркеші, бір кетсе - күші жоқ,
     Бір биенің екі емшегі, бірі кетсе - сүті жоқ.
•    Түйе қашып, жүктен кете алмас.
•    Түйе көп болса, жүк сыймайды.
•    Түйе өлген жерде жүк қалады.
•    Қоныс ақысын түйе қайтарады.
•    Алыстан шабынған бураның күші қайтады.
•    Өткелден өткенде түйенің үлкені таяқ жейді.
•    Ат биеден, аруана түйеден түйеден туады.
•    Төрт аяқтыда бота, екі аяқтыда құрдас (бажа деп те айтады) тату.
•    Түйе баласы төре баласы.
•    Түйе байлық, жылқы мырзалық.
•    Түйе жаманы – көрт, шөп жаманы керт.

 

Жұмбақ

Иір-иір денесі,
Шаруаны толтырсын!
Сахараның кемесі.     
Көзі жарық жұлдыздай
Мойыны иір қобыздай,
Құйрығы ұзын қамшыдай,
Шудасы бар жамшыдай.
Ащы шөптер-тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
(Түйе)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)

Маң-маң, маң басқан
Шудаларын шаң басқан.
(Түйе)

Өлең жолдары

Ит-құс, пәле, індеттен аман сақтап,
Топ-топ қылып боталат, аруана
Және бір тілек тілейін,
Бергеніңді білейін,
Қотанға сыймас түйе бер,
Түйе берсең үйе бер!
Жатқан жері даладай,
Азу тісі қаладай,
Екі өркеші баладай,
Қаршылдаған бурасы,
Жалбыраған шудасы,
Жібектен болсын бұйдасы.

Аңыз әңгімелер

Түйе-тау - Табиғат-Ананың асқан шеберлігінің нәтежиесінде пайда болған мүсін. Тіпті, кейбір саяхатшылар тауды - «табиғат кешенінің нышаны» деп атап жатады.

Ресейдегі Орынбор жерінде орналасқан осы ерекше тау туралы ел аузында бірнеше аңыздар бар.

Ерте ерте ертеде, есте жоқ ескі замандарда бір алып түйе Орал жоталарымен күш сынаспақ болып, сапарға аттанады. Табиғатты жеңген тіршілік иесі бар дейсіз бе? Түйе де табиғатқа төтеп бере алмай, қырдың ең биік жерлерінің біріне келгенде тас болып қатып қалғанекен. Сол уақыттан бері бірнеше ғасыр өтсе де, түйе әлі өз орнында жатыр...

Келесі бір әдемі аңыз былай деп сыр шертеді бір кездері дәл осы жерлермен атақты сауда керуені жүріп өтетін болыпты. Бұл керуендегі адамдар шаруаға жайлы жер іздеп жүрген көрінеді. Тура шөл далаға келгенде олардың сулары мен тамақтары таусылып, барлық адамдар мен түйелер қырылып қалады. Тек қана бір түйе ғана аман қалып, жол жүруін жалғастыра береді. Ұзақ жол жүріп, бір қырдың басына аялдағанда өліп кетеді. Сол түйе бүгінде тауға айналған...

Қорытынды

Біз осы жобаны қорыта келе, Маңғыстау жерінің климатына бейім жануар түйені зерттедік. Зерттеудегі мақсатымыз түйенің қандай түрлері кездеседі, оның қандай пайдалы қасиеттері бар. Осы мақсатта жұмыс жасадық. Зерттеу барысында түйе сүтінің, шұбатының емдік қасиеттерін зерттеп оның құрамындағы адам ағзасына пайдалы нәруыздарды анықтап кестеге толтырдық.

Түйе шаруашылығы, түйе өсіру – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. Га) түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Еліміздің азық-түлік кешені жүйесінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда жоғары сапалы, экологиялық тұрғыда таза және бәсекеге қабілетті өнімді (ет, сүт және жүн) өндірудің қосымша қоры бар мал шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі – түйе шаруашылығы.

Өзіңізге белгілі, еліміздің тұрғылықты халқы ықылым заманнан бері түйе шаруашылығымен айналысады. Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген.

Соңғы жылдары түйе санының тұрақты өсуі байқалуда. Мысалы, 2004 жылы республикада 125, 7 мың бас түйе болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 158, 6 мыңға жеткен, яғни 6 жылда 26, 1%-ға көбейіп отыр. Айта кету керек, республикадағы түйе санының 80% Маңғыстау (46, 5 мың бас), Атырау (31, 4 ), Қызылорда (28, 1), Ақтөбе (16, 6) облыстарында өсірілуде. Мемлекетіміздің кейбір өңірлерінде биылғы ұзаққа созылған қуаңшылыққа байланысты қалыптасқан жағдай экономикалық тұрғыдан тәуекелге бел буып, жер шаруашылығын дамытқаннан гөрі, мал шаруашылығын, оның ішінде осы аймаққа бейім түйе шаруашылығын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін көрсетті. Сондай-ақ, түйе сүтінен өндірілетін дәстүрлі өнім мемлекетіміздің ерекшелігі ретінде табылады және ол дұрыс дамып, мемлекеттік қолдау тапса халықаралық нарықта біздің үлгі боларлық мықты тұсымыз (визитная карточка) не жаңа табыс көзіне айналары анық.

Ұсыныс:
Өлкемізде түйе шаруашылығын дамыту;
Арнайы жайылым
Фермалар ашу
Сауыншылар
Сүт, шұбат өндіретін зауыттар;
Мал дәрігерінің санын арттыру
Мал азығына қаржылай көмек.

V. Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Сейілханұлы Қ. «Өскен Орда», «Зерде», 2003.
2. «Маңғыстау энциклопедиясы», «Атамұра», 1997.
3. «101-жұмбақ», «Атамұра», 1998.
4. «Жануарлар әлемі», «Мектеп», 2008.
5. www.google.kz
6. www.aktau--bicnes.com
7. линей К. «Жануар биологиясы», «IDEN». 2010.
8. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары, «Атамұра», 2013.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама