Ләңгі тебу де бір өнер (Үйірме жұмысы)
Үйірме жұмысын қызық әрі тиімді етім өткізейік
Үйірме: «Қазақ халқының ұлттық ойындары»
Сабақ№1
Сабақ тақырыбы: Ләңгі тебу ұлттық балаларға арналған дене шынықтыратын ойын түрі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Ләңгі тебу арқылы бабаларымыз ептілікке, икемділікке, тепе-теңдікті ұстауға, өз мақсатына жетуге, жеңіске құштарлыққа баулыған.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Ләңгі ойнату арқылы болашақ футболшыларды жаттықтыру Ләңгі ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Қажетті құрал жабдықтарды тағайындап, олармен таныстыру, психологиялық ахуал туғызу
Ләңгі тебу де бір өнер
Мұғалім сөзі:
Ләңгі – көшпенді қазақтың балалары ешкінің тулағынан кесіп алған бір жапырақтай теріге немесе ешкі құйрығына оймақтай қорғасын құйып жасап, теуіп ойнайтын ойыны.
Ауыл баласының бір кездері шын беріліп ойнайтын ұлттық ойындарының бірі – асық болса, екіншісі – осы ләңгі еді. Бірақ кейінгі жылдары ұмытыла бастаған бұл ойынды елордада өткен жарыс жаңа қырынан танытты десек, асыра айтқанымыз емес.
Ұлттық сипаттағы нәрсенің бәріне үркіп қарап, ұлттық санадан өшіруге тырысқан Кеңес Одағы кезінде оны «бала денсаулығына зиян» деген желеумен мұғалімдер арқылы тыйым салып қудалап, мүлдем ұмыттыруға тырысқан болатын.
Бұл қудалау солтүстік өңірлерде ойынды ұмыттырғанымен, қазағы қалың оңтүстік, батыс және шығыс өңірлердің қара домалақтары күздің қара суығына дейін асық атуын, күн суытқан соң осы ләңгі тебуін тоқтатқан еместі.
Кей жақтарда оны жоғарыда айтқандай тулақтан жасаса, Алматы облысының балалары шүберектен жасап тебе беретін. Айырма осы болғанымен, ойын түрі барлық жақта бірдей екен.
Бүгінгінің компьютер құмар баласы асқан шеберлікпен аяқтың ептілігін қажет ететін, «ләңгі» деп аталатын ойын бар екенін біле ме екен? Балалық шақтары өткен ғасырдың 70 – 80-ші жылдарында өткен аға буын өкілдерінен бұл ойын жайында сұрай қалсаң, аузының суы құрып айтып беруге дайын. Бертін, 90 - жылдардың аяғына дейін ауылдық жерлерде ойналып, кейін халық қалаға қарай үдере көш кенде ләңгі ойынының да дәурені тарқай бастапты. Себебі, ләңгі ойыны асфальтта емес, топырақта өскен ойын баласына арналған болатын. Қазір ләңгі ойнамақ түгілі, шыбықты ат қылып мінбейтін қала баласын тек «counter strike» қызықтырады.
Қазақ жерінде көктем туғанда ләңгі ойынының асқынып кететіні сондай, тіпті ол балалардың оқу үлгеріміне әсер етіпті кезінде. Совет үкіметінің білім жүйесі мұны жылдам байқап, мұғалімдерге ләңгіден шап жарығының (грыжа) пайда болатыны туралы қауесетті сіңіруге тырысқан. Бірақ оны тыңдайтын ойын баласы ма? Күн жылынып, жер кебе салысымен ләңгі науқаны қызу күшіне енген. Ол кезде ұлдарды қойып қыздардың өзі білек сыбана кірісіп кетеді екен бұл ойынға.
Жарас ағайдың сөзі:
– Көшеден ескі аккумуляторлар тауып әкеліп, оның ішіндегі қорғасынды ерітіп, ләңгінің түр түрін жасайтынбыз, мұғалім күніне не ше ләңгіні тартып алса, қалтамызда сонша ләңгі жүретін, – дейді ағалар.
Енді «Ләңгі қайдан шықты?» деген сұраққа келейік. Білгіш Уйкипедиа ләңгінің Орта Азия елдері балаларының арасында кеңінен таралған ойын екенін айтады және ойынның Қазақстандағы ойналу тәртібі, ережелері жайында жазады. Ғаламтор кеңістігін шарлағанымыз да ләңгі ойыны туралы аздаған деректерге жолықтық. Бұл ойын ежелгі Орта Азия жеріндегі көшпенді тайпалар арасында пайда болыпты. Ат құлағында ойнаған дала баһадүрлері үшін аяқ пен қолдан асқан қару жоқ. Тақым мен тізе мықтылығын шынықтыруға арналған арнайы жаттығу ретінде пайда болған ләңгі кейін балалар ойынына айналған.
Ләңгінің қысқаша тарихы осындай. Ол қалай болғанда да, қазаққа етене жақын ежелгі ойын. Көкпар, асық сынды ұлттық ойындарымыздың қатарында.
– Ләңгіні де сол қатарға алып, қазақ баласына қайта ұсынсақ, ұлттық мәдениетіміз байи түспесе, кедейленіп қалмас. Онсыз да қымызыңа неміс, айтысыңа армян жиендік етіп жатқан уақытта өз ұлттық құндылықтарымызға аса сақ және құрметпен қараған жөн.
Ләңгі тебу барысын көрсетіп беру:
1.«Аяқ ұшы»,
2.«Қосаяқ»
3. «Қайыру»
4.«Шанжыр»
5. Теуіп беру» ойын түрлерін көрсету
сондай ақ аяқтың ішімен және сыртымен бірдей тебу
Жарыс оқушыларға көрсетіп берген соң басталып кетті
ұпай жинау амалын қамтығандықтан, жарыс көрігі бірден қызды.
VII. Ойнату
VIII. Жеңімпазды анықтау
IX Үй тапсырмасын беру: Барлық ләңгіге байланысты қазақ халқының мақал – мәтелдерін, аңыз ертегілерін біліп келу