tengrinews.kz
- 24 нау. 2026 16:30
- 23
Zeekr көлігінің рөлде кім болғаны жұмбақ күйінде қалуда: Қазақстандықтар әлеуметтік желіде жауап іздеуде
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған, үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 24 наурызда Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Шәрібаев мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Істің мән-жайы
Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қозғалды. Бұл бап бойынша кінәліге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Апат 24 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында болды. Батысқа қарай бағыт алған Zeekr электромобилі жоғары жылдамдықпен қарсы жолаққа шығып, шығысқа қарай келе жатқан Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Mercedes-тің жүргізушісі мен екі жолаушысы (бірі 22, екіншісі 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі аман қалып, жарақат алғандықтан медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция тергеуде
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта күдікті медициналық мекедеде бақылауда. Жағдайы тұрақталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалатын болады.
«Апатқа қатысты барлық тұлғалар анықталды. Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді, көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Ешкім жауапкершіліктен қашпайды», - деді Шәрібаев.
Оның айтуынша, барлық бейнебақылау камераларының жазбалары, соның ішінде жекеменшік камералардың жазбалары да алынып, іс материалдарына қосылған. Қазіргі уақытта олар мұқият зерттелуде. Сонымен қатар, жүргізушіге алкогольді пайдалану бойынша медициналық куәландыру тағайындалды. Нәтижелері кейін хабарланады.
Полковник азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды. «Заң бойынша барлық кінәлілер жауапқа тартылады», - деп атап өтті ол.
Қоғамдық пікір
Желі қолданушылары соңғы бірнеше күн бойы Әл-Фараби даңғылындағы жол апатын белсенді талқылап жатыр. Қазіргі уақытта барлық назар Zeekr жүргізушісінің тұлғасына аударылған. Кейбір сұрақтарға әлі күнге дейін ресми органдар жауап берген жоқ.
Желідегі кейбір пікірлерде бұл апатты құқық қорғау жүйесі үшін сынақ деп атап, қоғамның «заң бәріне бірдей» деген талапты қойып отырғаны айтылады. Ашық сот процесін талап етіп, істің жабық есік артында шешілмеуін қалайтындарын білдіруде.
Тәуелсіз журналист Михаил Козачковтың ақпараты бойынша, апат кезінде рульде 32 жастағы, Алматының жоғары жағында тұратын бизнесмен болған. Оның көлік тасымалы саласында жұмыс істейтін компаниялары бар. Бір компаниясы 2024 жылдың күзінен бері қазынаға 50 миллион теңгеден астам қаржы салған.
Куәгерлердің айтуынша, сол түні Zeekr көлігі басқа көлікпен жарысқа түскен.
Журналист апаттың кінәлісі сот алдында жауап беретініне және 10 жылға бас бостандығынан айырылатынына сенім білдірді.
-
Выдающийся альпинист Ерванд Ильинский удостоен высшей государственной награды за вклад в развитие спорта и общественную деятельность.