Қанды кек
I
Күн бесіндікке келген кезде Көркемтайдың ауылы астан-кестен болды: кемсеңдеп кемпір-шал жылады; қанын тартып сұрланып, сең соққан балықтай мең-зең болып жастар тұрды.
Ауыл дағдарысқа кездесті: әркім өз ойымен шұғылданды, біреуге біреу ақыл айтып, біреуді біреу сүйей алмайтын секілденді.
— Құдай-ай, көрсеттің-ау! Қалқам, құлыным! — деп шеткі үйдегі қара кемпір сарнап жылап, елді басына көтерді.
— Қайтсін сорлы! Жалғызы ғой, ерінен жастай жесір қалып еді. Бір баланың қамы үшін ерге де тимеп еді. Енді, жасы жер ортаға келгенде, не сүйенер ері жоқ, не талшық қылар малы жоқ, жалғыз ұлдан айрылып не күн көремін дейсіл-ау! — деп екінші бір әйел, анаған шектестігін көрсеткен секілденіп, кемсеңдеп о да жылады.
— Қойшы әрі, көппен көрген ұлы той емес пе, жалғыз соның баласына келіп отыр ма, одан қадырлы боздақтар да кеткелі отыр ғой, — деп үтттінттті бір әйел жақтырмай сөйледі.
Сақалы сапсиған шалдар, таяқтарына сүйеніп, ербиіп, есіктерінің алдына шықты. Шүйделі желке, шермиген қарындар да термен быршып, кештің самал салынына шығып бойларын жазған сияқты болды. Бәрінің ойында бір түйін. Бәрі де нақ осы сағатта бір кемеге мініп, телегей теңізге түсіп, ақ қалы тұрған сияқты еді.
— Уа, Қалеке, бері келіңіз, деп, мыртық денелі, толық бет қара кісі есік алдында тұрған Қалиды жанына шақырды.
Жұрт тұс-тұстан андап бұлардың қасына жиналды. Екі қолын артқа ұстап еңкеңдеп кәрі кемпірлер де келді, жаулығын ысырып құлағынан кейін түріп, топқа келе алмай одағайлап, жас әйелдер бір өңкей жиналды. Беттері білеудей ісік, солықтарын зорға басып қыз-келіншектер де біртіндеп көріне бастады.
— Ал енді қайтпекпіз?
— Қайтпек керек, ақылға келетін іс көрінбейді ғой.
— Не көрінді сендерге? Неге ұйлығасыңдар? Адамшылықтарың қайда? Кілең бағланды қолдан тізіп беріп, үйде тыныш отырмақсыңдар ма? Неге ізденбейсіңдер, неге жұртшылық қылмайсыңдар? — деп, денелі келген қара торы әйел шаптыға сөйлеп, көз жасына булығып жылап та жіберді.
— Бәсе десейші, сүйтпес пе.
— Біздің ауылдың еркектерінің әдеті ғой — үйкүшік келетін... Әлі керерсің біздің ауылдан басқалар бір балада жібермес.
— Құдай осы қатындарды неге жаратты екен? — деп Қали ақсақал кейіді. — Құр байбаламнан басқа еш нәрсенің жайын білу жоқ. Білмеген нәрсесіне араласпаса қайтеді екен?
— Әдірақал! Сен біліп жетістіріп тұрсың, бұғалық салынып отыр, бағланың тізіліп айдалғалы отыр. Білсең, не қылып отырсың? Осы жерде жұмсамаған біліміңді қайда апарып жұмсамақсың?
— Шешемнің айтқаны дұрыс, құр ұйлыққанмен болмайды, бір амалын қарастыру керек, — деп, Әбді дейтін жігіт сөз бастап еді, жұрттың құлағы елел етіп, бәрі де бажырайысып соған қарай қойды. Әбді мүдіріп тұрып қалды.
— Сонда не істемекшіміз?
— Бәсе, не істейміз?
— «Жеделбайсынға» қарай кешіп кетсек қайтер еді?
— «Жеделбайсын» жеткізбес, сыр бойына ауса да бір амалын табуға болар еді-ау.
— Балалар, ол қолдан келмес. Көшу деген оңай болмайтын, рулы ел шұбырып қайда барып паналамақшы?
Жұрт дабырлап әңгіме қыза берген кезде, ауылдың сырт жағындағы белестің басына біреу шоқытып шыға келді, жұрт тіксіне қарады.
— Бұл кім?
— Базарбай ғой!
— Бұл қайдан келеді?
— Хабар білемін деп Тәкең аулына кеткен, содан келе жатқан шығар.
— Шақыр, мұнда келсін!
Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айқайлады, Базарбай атының басын бұрғанша жас балалар анталап қарсы барып та жетті.
— Уа, не хабар?
— Тінекең аулына бардым, тыныштық. Шалдары болыстың аулына кетіпті. Жастары жиын, бір-бір атын жаратып мініп алыпты. Бүгін ауылнайдікіне барып, жанын қысып отырып іспескені алған білем...Біздің ауылдың да іспесігі бар дей ме?
— Тоқтаңдар, түге, сөз бөлмей... ал, сосын?
— Сонымен барып қайттым. Жастары қызу, неге болса да әзірміз дейді. Бүгін Исабай ауылы «Көк моланың» басына жиналып «тасаттық» берген білем. Тінекең ауылы ертең береміз деп малдарын әзірлесіп жатқан көрінеді.
— Міне жұртшылық! Біздің ауыл тым болмаса «тасаттық» беріп құдайдан тілеуді де білмейді.
— Бәсе, десейші.
— Ал, ендеше «тасаттық» берейік.
— Қашан береміз?
— Ертең берейік. Сәрсенбінің сәтіне беріп, құдайдан бір тілеп көрейік, мақұл ма?
— Мақұл!
Дағдарған ауыл өздерінше бір жол тапқан сияқты болып үйді-үйіне тарады да, от жағылып, ошақ асылды. Көлбей ұшқан көк түтін ауылдың үстін мұнартты. Өрістен қайтқан сиыр, батқайлары сыртылдап, ауылдың тұс-тұсынан айдап тола бастады. Күн ұзаққа мүлгіп, тілсізденіп тұрған ауыл бірден жанданып кеткен сияқты болды: шелегін алып әйелдер шықты. Таяғын ұстап шалдар шықты. Жұрт қарбаласып кешкі тіршілігіне кірісті.
Ауылдың сыртындағы белес басында, шапанын желең жамылып бір адам тұр. Бұл осы ауылдың мұғалімі Бөлкебай еді. «Ақөпқа жігіт алу» хабары бұған да жеңіл тиген жоқ. Оның үстіне, ауыл адамы жылап-сықтап үрейін алып болды. Екі күннен бері бала оқытқан жоқ. Ауылдың жастары жиналып, мұның мазасын алды.
— Оқығансыз ғой, көзіңіз ашық қой, бұған не амал бар? — деседі.
Не амал болсын? Білсе айтпас па еді? Өзі де білмейді, өзіне де жұмбақ. Мең-зең боп кешеден бері ойлағаны өз басы, өз қамы қалай құтылу керек? Құтылатын жол бар ма? Әлде, көптің бірі болып, қолына күрегін ұстап, қан майданға кетпекші ме? Барғанда не бітіреді: не соғыса алмайды, не жұмыс келмейді қолынан. Ойланып келіп Бөлкебай күрсінді:
— Қой, ауылға бару керек: «У ішсең ұлтыңмен» деген, екі талай күн туғанда, әлдеқайда қаңғырып жүруімнің жөні болмас, ертең жүрем, кетем! — деді өзіне.
II
Бөлкебайлар қара жолдан бұрылып бір ауылға төніп келгенде, ұзынша томардың күнбатыс жақ мүйісіндегі он шақты үйдің адамдары біртіндеп өріп тысқа шыға бастады. Ортадағы қоңыр төбел үйден төрт-бес жігіт самсап шыға келді. Күнге қарай қолымен көзін көлеңкелеп, кемпір-шалдар да, бұларды таңсық көргендей, қарасып жатыр. Бәрінің де көзі жолдан бұрылған арбалыңа. Арбалы томарды жағалайтын жіңішке жолға түскенде, бірен-сараң сақ иттермен қабаттаса бұзау бағып жүрген жас балалар алдынан шығып, бірдеме десіп жатты.
— Уа, қай жақ боласыздар?
— Тамамыз.
— Жақсы-жаманнан не хабарларыңыз бар?
Он шақты үйдің адамы тайлы-таяғына шейін қалмай арбалыны қоршай жиналды. Бәрінің көзі арбада, арбадағы Бөлкебай мен Сәрсенбайда.
— Құжырайған шал ғой, не хабар біледі дейсің, дейді бір келіншек.
— Жанындағысы оқыған жігіт болу керек, шашын көрмейсің бе, желкесінен обырап шығып тұр.
— Өзі сыпа жігіт екен, сызылып тұрғанын көрдің бе? − деп әйелдер жағы қонақтарды бірсыпыра сөз қылып өтті.
Жиналған жұрт қанша қазбалай сұрағанмен қонақтардан «жат хабар жоқ» дегеннен басқаны есіте алмады.
— Шүкір, амандық, басқа хабар жоқ. Ермағамбет кемпірі қайтты, — деп Сәрсенбай бір әңгімесін қайта-қайта айта берді.
«Солдат алу» хабары бұл елге де тараған болып шықты. Бір жігіт батырлана сөйлеген болып:
— Не болса да кезінде көрерміз. Күн бұрын жабығудың жөні жоқ... Жас жігіт көрінесің, қон, бір түн болса да бірге отырып сауық құрайық, — деп ол Бөлкебайға қарады.
Бөлкебай қонуды теріс көрмеді. Сәрсекең де көнді. Қоңыр төбел үйдің ту сыртына әкеліп Сәрсекеңнің жауыр күреңіл бір жігіт доғаруға кірісті.
— Отағасы, бұл науқанға жасы тура келетін балаңыз бар ма еді? — деп біреулері Сәрсенбайды тілге алды.
— Бізде бала деген болмайтын, шырақтарым, інімнің бір қызын асырап алып бала қылып едім, сол бар қолымда, бірақ азаматтың бөтендігі жоқ еді. Жарлымын, шалмын. Істелмей жатқан жұмысым болса, өздерің сияқты азаматтар ауқым қылып бітіріп тастайтын еді, бұл жасыма келгенше баласыздықтың зарын көрген шал емеспін, жұртымнан айналайын! Біреуі бала болып, біреуі іні болып көңілімді жұбатумен келеді, — деп Сәрсекең өз күйін бір сүре әңгіме қылып өтті.
— Айналайындар-ай десейші, бұлар пәле-қазадан сау тұрса, сен сияқты шалға кемшілік бар ма, − деп бір кемпір Сәрсекең сөзін тірілтіп, әлденеге көңілі босап, жаулығының шетін икемдеп көзін сүртті.
Хабар есіткелі жиналған жұрт бұл келген жүргіншіден ауыз тұшырлық еш нәрсе есіте алмай, біртіндеп үйлеріне тарады. Жер ошақ біткеннің бәрінен көкала түтін көтерілді, шақыр-шұқыр қазан қырылды. Қаспаққа таласып, жер ошақ басын шандатып аш төбеттер алысты. Әлдеқайда, тұсаулы атқа бара жатып бір жігіттің шырқап салған әні естілді:
Қара көл, қыраң-қыраң белің қандай, '
Құлпырған көк майсалы жерің қандай.
Бас қосқан бағландары сауық құрып,
Қайғысыз, қасіретсіз елің қандай!
Бұл өлеңді есіткен кемпір-шал:
— Уай, қалқаларым-ай десейші!.. − деп көздерін тағы жаспен шыласты.
Бозбала жағы жабайы кеңесті тастай беріп, кешеден бергі ұшына шыға алмаған «салдат» мәселесіне тағы айналып соқты:
— Шалдарымыз болыстың ауылына кетіп еді, айналып келетін кездері болды, неғып кешігіп жатыр екен?
— Жақсылық хабар болып, сондаймен бөгеліп жатпаса?
— Жақсылық хабар демекші, әлгіде Ыбырайды көріп едім, Салыққа жолығып ауылына қайтып барады екен, сол айтып тұрды: Салық айтты — «Қазақтан солдат алмаймын» деп ит терісіне жазып берген патшаның уәдесі бар дейді, сонысын, әлі де болса да, орындаса керек деп айтты деді...
— Уәде беруі өтірік қой. Уәде берсе, өзі патша болып, екі сөйлеп жыңданып па?
— Патша емес дейді ғой, мұны істеп отырған патшаныц министрлері − дейді ғой.
— Ендеше, жұрт неге ізденбейді? Патшаға барып неге айтпайды? — орта бойлы сары жігіт қоржаңдай қозғалып қалтасынан жарғақты суырды да, алақанын толтырып насыбай атты. Аузынан шашыраған темекіні тілімен үйіріп жинап, баптап бір рет түкірді де, жұрттың сөзіне кірісті:
—Мен сендерге айтайын ба, — деп, соны хабар айтатындай жұртты аузына қаратты: — мен білсем, осыны шығартып отырған біздің Ыбыраш болыс. Ыбыраш болыста дін жоқ; Құдай құлдың шағымымен Жоламанды арыстауыт қылдырған Ыбыраш емес пе еді? Жоқтан пәле салып, дау туғызып, жарлының жалғыз шолағын «айыпқа» деп алып отырған Ыбыраш емес пе еді? Алпыс үйлі әжімнің әжетке жарайтын қызын нөкеріне қатарға ұстап, ажары тәуір әйелді байынан айырып, екі күннің бірінде шырылдатып сатып отырған Ыбыраш емес пе еді? Ыбырашта дін жоқ. Ыбыраш мұны істейді...
— Қой,шырағым, Ыбыраш — бізге Ыбыраш шығар. Патшаға тілін алғызуы қиын болар, — деп екінші бір жігіт оған қарсы түсті.
— Ыбыраштың тілін алмайды деп отырғаның ба? Тілін алмаса, омырауын толтырып патша оған медаль неге береді! «Почот кираждан» деп жұрттан бөліп ат неге тағады? Тілін алғызатындығын, міне, осыдан білу керек! Ыбыраш тілін алғызады. Баяғы патшаның тойы болатында, қан қалпақты киіп барған Ыбыраш емес пе? Сол жолы патшаның тойына шашу деп ат басындай жамбы апарыпты дейді ғой. Патша қатынымен екеуі Ыбырашты қарсы алып амандасқанда, патшаның қатынының қолын сүйіп, жамбысын беріпті дейді ғой.
— Бай-бай, Тасперген-ай, ағызасың-ау, — деп тағы бір жігіт оның сөзін бөлді.
Тасперген сөзін бөлгендерге наразылық көрсетті. Сүзеген сиырдай көзін алартып жан-жағына қарап қойды.
— Ал, менікі өтірік-ақ болсын, өздерің айтыңдаршы, деп сөз қарқыны бұрынғысынан бәсендеп, күмілжи түсіп, таза сөзді доғарды.
Шетке таман отырған бір жігіт кенет бұрылып, ауылдың алдыңғы жағына қарап шұқшиды. Жұрттың бәрі елеңдесті.
— Немене, жай ма?
— Мына бір салт атты төпеп келеді...
— Апырым-ай, жай болса игі еді?! — десіп, жұрт орындарынан ұшып-ақ тұрысты.
— Жігіт алуға қаладан әскер шығып қалған болар ма?
— Болыстың ауылдарының жігіттері бүгін жиналып жатыр деп еді, әлде солар бір нәрсе істеді ме екен?..
Бір минуттың ішінде жұрттың басына мың түрлі ой келді. Қылаң атты біреу төпеп келе жатыр. Желбейінің құлағы делдиіп, етегі жайылып, астындағы атының сауырын жауып келеді. Үрпиіп тұрған жұртқа жақындай беріп:
— Уа, сүйінші! − деді.
— Опырым-ай, не болды?
— Жақсылық болды!
— Қандай жақсылық?
— Патшаның қатыны ұл тауыпты, соның қуанышына қазақтан жігіт алмайтын болыпты... «Манапас» болыпты...
— Құдай-ай, бере көр!
— Ия, аруақ!..
— Қарақтарым-ай, көздің жасын иді ғой! − деп жыламсырап кемпірлер жүр.
Дағдарған жүздерге қуаныш белгісі жүгіріп, күлімдеп сала берді. Дабыра айқаймен ауыл ың-жың болды. Қалтаға қол салынып, сылдыраған күмісті сүйінші сұраушының алақанына басып жатысты. Құдайы деп қолындағы жүзігін суырып берген кемпірлерде болды.
Ауыл той түсін алды. Ауылды басқан қайғы біртіндеп, бұлттай ыдырап тарап бара жатқан секілді болды. Бозбаланың біреуі жекерек шықты да:
— Құдай берді ғой, қуанышты құр өткізбейік, алтыбақан тебейік! Түн бойына асыр салып, бүгінгі түнді сауықпен өткізейік! — деді.
— Болады!
— Жинаңдар бағанды!
Бала-шаға үйді-үйге жүгіріп ошақ басында жатқан бақандарды, сырықтарды ауылдың сыртындағы белес басына қарай сүйретті. Біреулердің өредегі бақаны алынды, біреулердің үй бастырылулы тұрған арқандары шешілді, жайшылықта бажылдап үйінің маңына жолатпайтын кемпірлер бұ жолы мүлде жадырап, балалардың сұрағанын өз қолдарымен беріп жатты.
Алтыбақан құрылды, белес басы бозбаламен шоғырланды. Екеу-үшеу бас қосып қыз-келіншектер де жинала бастады. Іңір шапағы жамырады. Ауыл үстіл қара көлеңке жапты. Жер оптанға жылтылдаған от сөнді. Түндік жабылып, жұрт төсекке бас қойды... Бірақ жастар жағы «алтыбақан» басын айырықша бір дүние қылып өлең айтып, ән салып, тынық түнде дауыстары әлдеқайда естіліп, асыр салумен жатты.
III
Болыстың ауылы ығы-жығы адам, топтанған ат, арба; біреулер келіп жатыр, біреулер кетіп жатыр, екеу-үшеу бас қосып күбірлесіп сөйлесіп отырғандар бар. Жұрттан бөлегірек бір топ адам отыр. Иықтары түсіңкі, түстері сұрғылт, ыстық күннің күйдіруін елеместен, еріндері кезеріп, есі-дерттері бір ғана әңгіме болып отырған секілді.
Топтанған аттың қасына арбаларын қоя салып Бөлкебай мен Сәрсенбай осы топқа жақындай бергенде:
— Болыстың көнуі керек. Болыс көнбесе, елдің де көнуі қиын болар. Түбінде екі талай іс болып, ел басына қиын күндер туса, соған жауапты болатынында болыстың ұмытпауы керек... Қазақ баласы бұл күнге шейін салдат болып көрген жоқ. Енді бүгін мал орнына айдалып соғыс табанына бара қоймас, мұны да болыс ойласын! − деп сирек сақалды, жалақ қара кісі қамшысымен жерді бірер нұқып қойды.
Тыңдап тұрған жұрт иықтарын көтере түсіп:
— Жәкең дұрыс айтады, бәріміздің де айтатынымыз осы! — десті.
Бөлкебай мен Сәрсенбай бұл топтың кеңесіне түсіне алмай, шеткі біреумен «манапас» жайын сөйлесіп еді, ол салқын күлді де:
— «Манапес» деген өтірік алдау көрінеді; елден олжа түсіру үшін қулардың шығарып жүргені ғой, − деді.
— Ыбырай мен Кәрім екеуің барыңдар. Болыстан біздің жалғыз-ақ тілегіміз — бізге орыспен бірге жау болып тимесін?! «Ел тілімді алмайды» деп өз басынан кінәні аударсын да қарап отырсын. Сосынғысын өзіміз білейік. Осыны барып айтып келіңдер! — деп, Жарықбас, түйінді сезін шіміркене сөйлеп, екі адамды болысқа жіберді.
Қалған жұрт өзара күңкілдесіп, есіткен-білгендерін біріне-бірі айтып жатты.
— Он бес күннің ішінде адамды түгел жиып беремін деп болыс қолынан подписке беріп келіпті ғой.
— Боқты жияр, орысқа әлі келмегенмен де осы көптің болысқа әлі келер ғой!
— Мұның амалы мынау: бозбалаларды жиып жіберіп, іспесокті болыстан тартып алып өртеу керек!
— Уа, таптың ақылды, болыс шетіңнен ұстап Сібірге айдасын; одан да болыстың өзін жою керек десейші...
Жарықбас басын көтеріп алып:
— Тәйт, ауыздарыңа ие болсаңдаршы! Шіркін, бала болыс кетесіңдер ме? Сондай сөзді сарапталта салатын жер осы ма екен? — деп, кейіп қалды.
Болысқа барған Кәрім мен Ыбырай, жүндері жығылып, топқа кайтып оралды.
— Болыс беттетейтін емес, өзімізді боқтап, үйінен айдап шықты. Он күннің ішінде списокті дайын қылып бересіңдер, әйтпесе қаладан әскер шақыртам! − деді.
Отырған жұрт тіксініп, сұрланып-ақ алды.
Жарықбас назаланып, қамшымен жер шұқыды...
— Апырмай, болмады-ау... Екі талай жұмысқа шынымен аяқ басатын боламыз ба? — деді ол басын бүгіп.
Ұйлығып отырған жұрт аттарын мініп, бет-беттеріне тарай бастады.
Болыстың үйінде бала оқытып тұратын Иман берді дейтін учитель болатын. Бөлкебай онымен таныс еді, амандасып кетпекші болды.
Иманберді үй көлеңкесінде кітап оқып отыр еді. Бөлкебайды күлімдеп қарсы алды.
— Е, мұғалімбысың, қал қалай?
— Қал шамалы.
— Неге? Сендешігетін болдың ба?..
Бөлкебайдың сөйлеуін күтпей-ақ Иманберді үгіттеу түрінде сөз бастады:
— Оқа жоқ, бару керек. Қазақ баласы баяғыдан бері соғысқа бармай жүргенде де бітіргені шамалы, қайта, соғысқа барса, жол көріп ысылады.
— Оныңыз дұрыс қой, бірақ қазақ баласын нақ осы соғыс тұсында алуы қате емес пе? Көре, біле өлімге кім барады?
— Бармайды деп ойлайсың ба?
— Бармас, бостан өлетін болса, үйінде отырып соғыспай-ақ өледі.
Бөлкебай бұл сөзді қалай айтқанын өзі де сезбей қалды, жаңағы Жарықбасты көрген соң, солай болады-ау деп өзінше болжап еді. Иманбердіге айтқаны осы болжауының қорытындысы болды.
Иманберді Бөлкебайдың бетіне бірсыпыра қарап отырды. Бір мезгілде ауыр күрсініп, алыстан толғағандай пішінмен тағы сөз бастады:
— Мұғалімдердің мұндай сөзді айтуы жарамайды, мұғалімдер елдің көсемі болуы керек. Соғыс екенін, қырғын болып жатқанын бәріміз де білеміз, бірақ, барма деген сөзді айтуға батылдығымыз жоқ, айтуға болмайды. Үкімет құрығы ұзын; ел көнбейтін болса, әскер жібереді де қырдырады; елге әскер шықса маңы жалғыз жастарға ғана тиіп қоймайды, қатын-бала, кемпір-шалың босып, тозып кетеді... Міне, осы жағын еске алу керек!
— Әй, учитель-ай, осы сөзіңді-ақ қоймайды екенсің? — деді біреу жұлып алғандай.
Иманберді де, Бөлкебай да бұл сөйлеушіге жалт қарады; үсті-басы жалба-жұлба, еңгезердей сұр жігіт, үйге арқасын сүйеп бұлардың әңгімесін тыңдап тұр екен.
— Әй, Қайрақпай-ай, сенде қоймадың-ау! − деді Иманберді оған.
— Мен неге қоямын? Қазақган салдат алса, байлардың, болыстардың баласы барар дейсің бе? Мына біз сияқты сорлылар кетеді. Баяғыдан бері ебегімізді байға жегізумен келіп, енді, мал құсап айдалып кете алмаспыз!
— «Байға еңбегіңді жегізбе» деген сөз — менің үйреткен сөзім емес пе еді? — деп Иманберді күлімсіреді.
— Әлде болса үйрет! Бізді баста, көп болар дейсің бе? — Қайрақпай сөзін аяқтап үлгірмеді, үрген тұлыптай семіз бәйбіше үлкен үйден ырғала басып шықты да, Қайрақпайға шаптыға сөйлеп:
— Немене, құдайдың атқаны, байланысып жатқаның? — деді.
Қайрақпай ашулы көзімен бәйбішеге тесе қарады. Тұла бойы қалтырап ашу кернеп кеткендей болды.
Қайрақпай кеткен соң, Иманберді, өзінен өзі ойланып, басын шайқады:
— Өте қызу бала, бір сойқанды шығармаса игі еді... Болыста езінің тісі де бар екен: жас күнінде осының шешесін болыс біреуге сатып, бұл осы үйдің есітінде жетім болып өсіпті. Мен жайшылықта өзін аяп, «біреудің жұмысын ақысыз істеуді қой» деуші едім. Мына хабар шыққаннан бері өзінен шоши бастадым. Түнде маған келіп: «нақ кететін болсам, болысты бауыздаймын да өлтірем. Соғысына барғанша түрмесінде отырсам қайтеді?» — деді. Мен шошып, жағамды ұстадым... Саған тапсыратыным — ел жігіттерін үгіттеп басуға тырыс. Бұйрық шыққан соң адам алмай қоймайды. Қарсы келсе, ел намыт болады. Ел ішінде соғыс шығарып, жас баланы найзаның ұшына ілгізудің жөні жоқ.
Бөлкебай қоштасып жүріп кетті. Жол бойы Жарықбастың кеңесі, Иманбердінің үгіті, Қайрақпайдың кайраты бірінен соң бірі ойына түсіп, басын даңқыңды, қайсысы жөн екенін айырып біле алмады...
Ауылдың қотаны ызы-шу, қым-қуыт, шапқан ат, жүгірген адам, жылаған дауыспен кұлақ тынғандай.
— Уа, не болды?
— Аттаныңдар, аттан!
Етектері делегейленіп екі салт атты ауылдың басынан кіріп, аяғынан шықты. Ешбір үйге кідіріп тоқтаған жоқ, бірақ ауыл адамдары бұлардың жұмысын айтпай біліп отырған секілді еді. «Аттан» деген дауысты естісімен ер азамат өре тұрып, жүген алып жылқыға жүгірісті. Түскі ыстықта бүгелектеп, жыландай шумақталып тұрған жылқы быт-шыт болып бөлінді.
Шапқыншының біреуі желі қасына келіп кідірген соң Бөлкебай оған жақын келіп, жұмысының жайын сұрады. Бұжыр бетті қара жігіт екен, самайының кірі айғызданып ағып, ат үстінде тұрып демін зорға алады. Ақ көбігі ағып терлеген қара дөнен тыпыршып тұрғысы келмейді.
— Бес жүздей жігіт жиналып, ішінде Жарықбас бар, екінші ауылға келіп қалды. Сол жерге жиналып, содан болысқа барып, списокты алып, өртейміз, — деді ол.
— Списокты өртегенмен бармай қалуға болар ма екен? — деп Бөлкебай желкесін қасыды.
— Болады дейді, список өртенсе, қайтадан жазып бермесе, адамды қайдан тауып алмақшы?
Бөлкебай ойланып, тағы сөйлегенше, шапқыншы жігіт қаракер дөненді борбайға салып жіберіп жөнеп те кетті.
Ауыл жігіттері аттарына мініп, ауылдың тұс-тұсынан аңдағайлап шыға басылды.
— Атыңды ерттедің бе? — деді біреу Бөлкебайға.
Бөлкебай не дерін білмей апалақгап калды; бармаймын деу қиын соғып, шарасыздан бұ да еретін болды.
Алды-артын жиып алған соң, бұл шыққан жігіттер аттыңбасын қара томарға қарап түзеді. Желе шоқытып жүре бергенде, алдыңғы жақтан:
— Бас қамшыны! — деген дауыс шықты.
Тобылғы сапты қамшы ат бауырына орала тартылды. Шапқан аттың тұяғы жолдың тозаңын уыстап аспанға атты. Жайлаудың жазық даласы аска жиналған адамдай болып кыбырлап кетті. Қайғылы жастар, ат үстіне мінген соң серпіліп, уайым-қайғы, қорқыныш ойдан кетіп, бет алған жұмысын қайтсе де орындайтын күйге мінді. Оннан, жиырмадан белініп, лек-лек болып жүріп келеді. Үн жок, бірінің ішіндегі сырды екіншісі айгпай сезіп келе жаткан секілді. Бірі бастаған жұмысты екіншісі аяқтайтын сияқты. Ел үстін басқан қара тұман, азамат басына іліккен тұзақ осы жолы быт-шыт болып үзіліп, ел жастары содан былай еркін тыныс алатын секілді...
Шапқан аттың екпінімен алдағы белеске шыға келгенде күлімдеген көлдің аңғары көрінді. Қосынныл алды иіріліп тоқтады.
— Уа, не бар?
— Кеңесеміз дейді. Сөзді бір жерге байлаймыз дейді...
Аттар шарт түйіп тастап, ортаға келіп бәрі де отыра қалысты. Алка-котан отырған жұрттың қақ ортасында Жарықбас отыр. Боз желбейдің бір құлағын жымқырып алыпты. Самсаған жасқа тегісінен бір көз салып өтіп, Жарықбас сезін бастады.
— Уа, балалар! Жасымнан тентек болып, басыңды жардырғаннан Жарықбас атанып едім. Мен тентектікті елге емес, елдің басты адамдарына істеуші едім. Олардың қанжығасында жүруді өзіме ар көруші едім. Енді жасым алпыстан асып, сақал-мұртым тегіс ағарған кезде, үйде тыныш отырсам да болатын еді, бірақ, сендердің басыңа төнген қара күн мені амалсыз атқа мінгізіп отыр. Сендер үшін өзімді құрбандыққа атап шығып отырмын. Болыстың хабарын өздерің де есіткен шығарсыңдар, жастарды матап списоктап жатқан көрінеді. Бұрысына күйдірсе, онда да бір сәрі ғой. Болыс жалмауыздығын бұрынғыдан да асырып «топалаң кезіндегі қойдың» кебін келтіріп отыр. Азамат жаннан, ел малдан түндегін күн туғанда, болыс абыройды, арды, ел қамы дегенді былай қойып, құлқынын тойдырудың қамына кірісіп отыр. Елдің «игі жақсылары» болыстың көңілін тауып, балаларын амалдап алып қалмақшы дегенді де естіп отырмыз. Ал, жастар, көп айта беріп қайтейін, біз бет алып шықтық қой, барармыз; барғанда не істемекшіміз, осыны ойлағандарың бар ма?
Жұрт біріне-бірі қарап, күбір сөзге кіріп, аз-кем бөгелді. Бір мезгілде арт жақта отырғандардан:
— Болысты елтіру керек! − деген дауыс шықты.
Бөлкебай жалт қарап, тани кетті: Қайрақпай еді, ол қамшысын бүктеп, қайраты бойын кернеп, жүгініп-ақалып еді.
— Шын айтасыңдар ма?
— Шын айтамыз: елтіру керек!
Отырған жұрт бірден қозғалып, теңселіп, дабыр сөз басталды. Сөйлеген сайын көпшілік «өлтіру» деген сөзді дауыстап, одан басқаны ауызға алмады.
— Өлтіргенде бір адамға бәріміз бірден жабыспаймыз ғой, осы көптің ішінен белсеніп шығатындарың бар ма? — деді Жарықбас.
— Мен шығамын! — деп Қайрақпай ұшып тұрды.
Жұрт селт еткендей болып, бәрі де соның бетіне бажырайысты.
— Жаман айтпай, жақсы жоқ, түбінде ондай-мұндай іс болса, осы отырған бәріміз де жауапты боламыз, «мен өлтірген жоқ едім» деп ешқайсың бас тартпайсыңдар. Ондай ойларың барларың осы бастан ашып айтыңдар! − деді Жарықбас қалың топты көзімен бір шолып өтіп.
Отырған жұртта бас тартушы болмады. Тілектің бірлігіне бата қылысты. Атқа мініп, иә аруақ деп қамшыны басып жібергенде, аттың дүрсілімен жер күңіренген тәрізденді.
V
Ыбыраш болыс жастыққа шынтақтай түсіп, жанында жатқан күміс сауыттан шылымын алып тартты. Шырайы ашық. Бұрынғыдай зілденіп тұнжырамай, үйде отырғандардың әңгімесіне араласып, шүйіркелесіп отыр. Теңбектей боп семірген қызыл жүзді Биқасап бәйбіше, болысқа оқта-санда күле қарап, быртиған қолымен болыстың әміркен етігінің қонышын сипап қояды. Үй іші қара көлеңке. Түндік жабулы, түрулі есіктен болар-болмас қана самал ескен секілденеді. Дала шықылдаған тамыз ыстық. Жердің шөбі сарғылданып қурай бастаған.
Қамшыларын сүйретіп есіктен екі-үш адам сәлем беріп кіріп келді.
— Жоғары шығыңыздар! — деп болыс күңк етті.
— Е, жол бола берсін!
— Әли болсын. Бүгін өзіміз де осында келмекші едік. Оның үстіне, осы бір-екі күннен бері елдің өсегі көбейіп барады. Болыстың бұдан хабары бар ма екен, хабары болмаса хабарландырайық деген ойымызда бар еді... —деп, болысқа таяу отырған жуан қара кісі шіреніп барып жүкке арқасын тіреді.
Бәйбіше үрейленіп, тіксініп тыңдады. Болыс бастапқы кезде елеңдесе де, арт жағынан жай қалыпқа түсіп, күлімсіреді.
— Уай, Тасеке-ай, жоқтан қауіп қыла берудің не жөні бар, есікте жүрген құл емеспін ғой, бір аймақ елді басқарып отырған кісі емеспін пе? Менің басым нағып ойыншық болып кетті? Түсіне алмаймын. Өлтіреді екен деп айылымды да жимаймын. Маған қол көтеретін кісі бұл маңнан табыла қоймас. Табыла қойғанда да, оңайлықпен өлмеспін: бір өзімде үш мылтық бар, жанынан безген адам нешеу дейсің, өлсем де жастығымды ала өлермін!
Ыбыраш болыс мұны қорықпаған пішінмен айттым деп ойлады. Бірақ, жүзі қуқылданып, тұла бойы түршіккендей болып, дауысы қалтырап шықты.
Толқындаған көңілін басайын дегендей, болыс шылымға жабысты. Аузынан, мұрнынан көк ала түтінді будақ-будағымен шығарды. Аргывда тұрған ақ жастыққа шалқасынан керіле жатып, аз-кем ойланғандай болды: жасынан орыс мектебінде оқығаны, мектеп бітіріп уезге тілмәш болғаны, одан еліне келіп болыстыққа сайланғаны; жиырма жасында болыстықты алып, он бес жылдай ұдайымен болыс болып, бетіне жан қаратпағандығы, тағы-тағылар бірінен соң бірі жіпке тізгендей тізбектеліп көз алдынан өтіп, өмірдің есте қалғандай қызықты жерлерін алдына ашып салды.
Есік алдына біреу келіп қалтиып тұра қалып, ауылдың алдыңғы жағына қарап шұлғыды.
— Апырмау, бұл қалай? Тұс-тұсынан қаптап келе жатқан қара құрым адам ғой? — деді ол үрейленіп.
Үйдің ішілдегі адамдар селк ете түсті.
— Құдай-ай, пәле болып жүрмесе игі еді! — деп, бәйбіше бебеу қаға бастады. Төрде отырған қонақтар қуқыл тартқан пішінмен біріне-бірі қарасты.
— Қанша екен, көп адам ба? — деп болыс басын көтерді.
— Келіп қараңызшы, мен сескеніп тұрмын...
Болыс келіп есіктен қарағанда, лек-лек болып топтанған жұрт шанды аспанға бұрқыратып белестен жөңкіп түсіп келе жатыр еді. Болыс шошып кетті.
— Опырмай, түрлері жаман екен,тегін болмас, сақтану керек! — деді түсі қуқылданып.
Ыбыраш болыстың бұл өмірінде бірінші қорыққаны еді. Қызыл шырайлы ажары өзгеріп қуқыл тартты. Быртық қолы қалтырап, едірейген жебесін сипай берді.
Кеңседе отырған бірсыпыра адамдар, бастығы писарь Иван болып, асып-сасып олар да келді.
— Енді қайтеміз? — деді болыс.
— Сандықтан мылтықтарды алдыр. Төрт-бес жігітті қасымызға алып, есікті бекітіп отырайық. Адам салып жұмысын сұрармыз. Мәмілеге келсе, сұрағандарын беріп, құтылған жөн. Нақа болмай бара жатса, мылтықтың астына алармыз. Жанынан безген жындылар қанша дейсің, екеуі-үшеуі оққа жығылса, былайғылары өздері-ақ қашады, — деп Иван ақылын үсті-үстіне түйдектетті.
Иванның ақылын болыс теріс деген жоқ, дереу сандықты ашқызып, мылтықтарын алып, оқтатты. Көңілі бірленіп, жиналған дос-жарларына Тасбергенді бас қылып, қаптаған көпке елшілікке салмақшы болды.
— Тасеке, әйтеуір, аузыңыздың ебі бар еді ғой, сөзге келсе тоқтатудың жайын қарастыр, не сұраса да, болмайды деме, бәрін де берем. Аман құтылсам болды, — деп болыс сөзін қайта-қайта пысықтады.
...Қаптаған топтың алды дүркіреп ауылдың шетіне кірді. Aттың дүрсілі, сойылдың тарсылы, бұрқыраған шаң, шаң-шұң дауыс адамның үрейін аларлық. Кішкене мылтығын қымқыра ұстап сабаның есік жағында Ыбыраш болыс тұр. Босағанын екінші жағынан сығалап Иван тұр. Екі жігіт қатарласып жабулы есікті басып тұр. Ыбыраш болыс есіктен сығалап қарап еді, төніп келген қалың топты көріп, тұла бойы бұрынғыдан бетер түршікті. Топтың алдында — маңдайы күнге қасқайып Жарықбас тұр еді.
— Сен керек емессің, болыс керек! Баяғыдан бергі басынғаны жетер еңді. Адам деп бізді елейтін болса, өзі шықсын, ауыз екі сөйлесерміз. Оны істемей, жұмысты кісі арқылы бітірем десе, мен жастардың міндетін ала алмаймын. Ондағысын жастардың өзі біледі, − деді Жарықбас.
— Шықсын болыс!
— Неге елемейді?
— Шықсын!
— Неге шықпайды? — деп эр жерден де өршеленген дауыстар біріне-бірі жалғасып шыға берді.
Есіктел сығалап тұрып Ыбыраш аз-кем ойға шомғандай болды; «Шынында да шалдың сөзі рас-ау, жұмыстары менде. Мен айыпты да шығармын: бұл күнге шейін епжімді менсінбей келгенім де рас. Жұртты бір шыбықпен айдадым, адал-арам дегенді есіркемедім. Бірақ, осыным қате ғой. Бұл мінезіммен елді өзіме жау қылғаннан басқа бітірерім жоқ қой. Елмен араласып, қоян-қолтық отырып, келеспен іс істесем, менде жұрттың не жұмысы бар? Қайта екі талай күн туса, мына самсап тұрған азамат мені жауға алдырмаймын деп, ақтық қандары қалғанша алыспас па еді? Апырмау, менің ісім қате екен ғой! Ісімнің қате екенін қазір сездім ғой. Алдарына барып, «қате менен» деп бас ұрсам қайтер еді? Қазақ баласы ғой, ағайын ғой, мені аямас дейсің бе?!.»
— Ойбай, болыс, ату керек, — деп Иван мылтығын ыңғайлай бастады.
Ыбыраш селт етіп, тәтті ойын бұзып жіберді. Көзі бұлдырап кетті. Қыбырлаған топ жауатын бұлттай болып түнеріп төнген. Есіктің саңылауынан самсаған аттың тұяғы, шоқпардың жұмырланған басы көрінеді.
— Болыс қайда?.
— Шық бері!
— Жаның керек болса дал аға шық!
Сатырлаған сойып үйдің үстіне жауды. Күшті дауыл соққанда мызғымайтын ақ үй сықыр-сықыр етті. Сырлаулы уық қаламдықтан шытырлап сынуды шығарды.
Иван мылтығын ыңғайлап, құлағына шап берем дегенде, Ыбыраш барып ұстай алды:
— Атпа, өшігіп кетеді, бұрынғы кінәм да аз емес. Оның үстіне енді, адам өлтірсем, мені cay қоймайды.
Сырттан ұрған сойылдың екпінімен қатарлап жинаған жүк сусып барып құлады. Иван сасқалақтап, Ыбыраштың кезін ала беріп, құлаған жүктің арасына кіріп кетті.
Бір минуттың ішінде Ыбырашқа мың түрлі ой келді. Сатырлаған сойыл, айқай салған дауыс — бәрі де Ыбыраштың ойынан шығып кеткендей болды. Қазіргі минутте оның ойлап тұрғаны — өзінің істеген шексіз қиянаттары, астамшылығының ұшына шыққандығы; езілген елдің бас көтеріп, жауар бұлттай түнеріп, айбынымен жер сілкіндіріп тұрғандығы еді. Бұл көп — күні бүгінге шейін Ыбыраштың елемеген көбі. Мұндай көп бар екен, мұндай бас қосып құдіреттенеді екен деп Ыбыраш еш уақытта ойлаған емес еді. Ойда жоқ нәрсе болды. Көптің түрі жаман, мақсаттары не: «Ыбыраштың болыстығы ма? Әлде майданға жігіт жіберме деп өтінбекші ме? Өтініші талай болып еді, Ыбыраш оның бірін де тыңдаған жоқ еді, соны күшпен тыңдатпақшы ма екен?..»
Босаға жақ жабық сыр... тілініп кетті. Екі көзі қанталаған біреу тілінген жабықтан басын сұқты. Бас таныс, Қайрақпайдың басы! Қайрақпайдың басын көрген соң, Ыбыраш қуанбақшы да болды. Бірақ, кенет өзгерді, өткендегі ісі есіне түсе қалды. Бұдан 20 жылдар бұрын Ыбыраштың оқып жүрген кезінде, Қайрақпай жетім қалған болатын, Қайрақпайдың шешесі — Айғаным нәті кедей демесе, ажарлы әйелдің бірі болатын. Айғанымды әркімдер-ақ алмақшы. Бірақ Айғаным баласын тастап, туған-туысқанын тастап, бай іздейтін болмайды. Сосын Айғанымды көндіре алмағандар Ыбырашты жағалайды, Ыбыраш «тырнақ алды» қылып жұмысқа кіріседі: Айғанымды он қараға сатып, Қайрақпайды бес жасар күнінде босағасына жатқызып, құлдық таңбасын басады... Сол Қайрақпай осы! Жиырма жылдай қолыңда ескен. Жиырма жылдай салпақтап Ыбырашқа еңбегін сіңірген осы!
— Қалқам Қайрақпай, керегіңді айтшы, не айтқаныңды орындайын! − деді Ыбыраш қалтырап.
Қайрақпай тіл қатпады. Босағада тұрып, қанталаған көзін Ыбырашқа қадаумен болды. Кішкене келтекті оң қолына қымқыра ұстапты. Тістеніп, бойын ашулы ыза кернеп тұрған сияқты. Бір-екі басып Ыбырашқа жақындаған секілді болды. Ыбырашта құр сүлде. Не қыңарып білмейді. «Аяғына жығылып, жалынсам ба екен? Құшақтап сүйсем бе екен?» деп те ойлады. Сүйткенше болмай, кішкене келтек ербең етіп көтеріліп еді. Ыбыраштың көзінің оты жарқ етті: басы ауырған сияқтанды ма, біреу су құйып жібергеңдей болды ма? Әйтеуір теңселіп құлап бара жатқанын бір-ақ сезді. Одан арғысын бұлдыр біледі... Біреулер құшақтағандай болды... Біреулер аятынан тартқан сияқтанды. Жылаған баланың, әйелдің даусымен әлем жыңылдап кеткен секілденді. Жабықтан түскен жігіттер аяғына қыл шылбырды салып үйден сүйрей жөнелгенде Ыбыраш көзін жалтыратып бір рет ашты. Бірақ, не қылып жатқандарын айырып біле алмады. Қатты тартқан екпінмен үйден сүйретіліп шыға бергенде, табалдырыққа басы тақ етті. Осыны ғана сезді. Осыдан, арғысын сезуден Ыбыраш қалды...
Биенің бір сауымы кезінде, қара құрым топ тұс-тұсынан ыдыpaп, болыстың ауылы босады. Топ ыдырасымен, жаңбырдың ашылуын күтіп отырғандай, үйде тығылып отыр сандар тысқа шыққанда — алдымен көзге шалынған нәрсе — көлдің жиегіндегі. теңкиіп жатқан болыстың денесі мен жалыны басылып бықсып жанып жатқан кеңсенің орнындағы күлі еді. Басы аман жұрт жағаларын ұстады; бірін-бірі хабарландырып, ауыл-аймақ ә дегенше мың түрлі мәнермен сырлап Ыбыраштың өлімін жыр қылып үлгірді...
... Бөлкебай үйіне келген соң сандықтағы книжкасын алып күнделік жазды. Сондағы жазғаны мынау еді:
«... Мен де бардым, болысты Қайрақпай сүйретіп алып шықты. Үйден шыққанда жаны шығар деп едім. Шыққан ыңғайда бірнеше шоқпар қабатынан тиді. Бас сүйегі мылжа-мылжа болды... Көлдің басына апарған соң, Қайрақпай атынан түсіп, қонышынан бір семсерді суырып алып, болысты жарып жіберді. Адам қарауға бата алмайды екен... Мен де іштерінде болдым... Іштерінде болғанымның өзі мықты ерлігім деп білемін... 4-інші июль».
1929