Селен мен теллурдің оттекті қосылыстары
Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№ 16 колледж
Орындаған:А-51 топ студенті Мекембаев Бекмұрат Асқарұлы
Жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы
Селеннің оттекті қосылыстарының ішінде ең тұрақтысы SеО2 (селен диоксиді). Бұдан басқа SеО мен SеО3 белглі. Селеннің екі оксиді селен ауада жанған кезде түзіледі:
Sе + О2 →SеО2
Немесе элементтік селенд конценртлі НNО3 ерітіндісін буландыру арқылы тотықтыру:
Sе + 4 НNО3 →Н2SеО3 + 4NО2+Н2О
Н2SеО3 →SеО2 + Н2О
Селен диоксиді – ақ кристалды ұнтақ, оңай айналады, 340-3500С қысым қатысында балқиды. SО2-нің буы улы, шіріген шомырдың иісімен сипатталады.
SеО2 тотықтырғыштар болып табылады: SО2, С, Н2, Р және басқа тотықсыздандырғыштардың қатысында элементтік селенге дейін тотықсызданады. SеО2 тотықтырғыш суда жақсы еріп, селенді қышқыл түзеді:
SеО2 + Н2О → Н2SеО3 (К1=2·10-3; К2=5·10-9)
Селенді қышқыл – тотықтырғыш; жүйенің потенциалы Sе4+/Sе +0,74В/54/. Н2SеО3-тің элементтік селенге дейін тотықсыздандыру үшін, тәжірибеде көбінесе Zn және Сd, SnСl2, SО2, КІ, тұз қышқылды гидрозин, тұз қышқылды немесе күкірт қышқылды гидроксиламин, аскорбин қышқылы және басқа да тотықсыздандырғыштарды қолдануға болады. Басқа жағынан, күшті тотықтырғыштармен әрекеттестірсек (Н2О2, Вr2, Сl2,КМnО4, НСlО3 және басқалар) Н2SеО3 Н2SеО4 - ке дейін тотығады:
Н2SеО3 + Н2О2 → Н2SеО4 + Н2О
Н2SеО3 + Вr2 + Н2О → Н2SеО4 + 2НВr
Селен үш оксиді (селен ангидриді) SеО3 – ақ кристалды зат, ылғал тартқыштығымен ерекшеленеді. SеО3 –ті селенді тура тотықтыру арқылы ала алмаймыз. Селен үш оксидін алудың бірден–бір әдісі ол, таза сусыз Н2SеО4 -ті Р2О5-пен әрекеттестіріп арнайы вакуум-сублимирлейтін апаратта алады. SеО3–ті алудың қиындығы сонда, ол қалыпты қысым мен температура 1850С-тан жоғары болғанда ішкі молекулалық тотығу-тотықсыздану реакциялар жүріп, оттегі мен селен диоксид түзіледі:
3SеО3 → О2 + 2SеО2
Селен қышқылы көп жағынан Н2SО4- ті еске түсіреді, күшті қышқыл болып табылады (К1=1,2·10-2) және тотықтырғыштық қасиет көрсетеді (SеО3 2- / SеО4 2- жүйенің потенциалы +1,15В тең). Сусыз Н2SеО4 алтын мен кумісті тотықтырады.
Күкірт қышқылы сияқты Н2SеО4 және НСl-мен әрекеттесу реакциясының үлкен практикалық мәні бар:
Н2SеО4 +2НСl↔Сl2 + Н2SеО3 + Н2О
Реакция қайтымды: қышқыл ортада Н2SеО4 тотықсызданады, ал сылтылык ортада Н2SеО3 тотығады.
Теллур отекпен үш түрлі оксидтер түзеді: ТеО, ТеО2, ТеО3. Теллур монооксидін ТеО, ТеSО3-ті вакуумда 2300С-да айыру нәтижесінде алынады. ТеО – қара аморфты ұнтақ, ауада ТеО2-ге дейін аңай тотығады. Қатты қыздырғанда элементтік теллур мен ТеО2-ге айырылады.
Теллурдың диоксиді ТеО2, ақ ұнтақ, элементтік теллур ауада жандыру арқылы түзіледі Те + О2 →ТеО2 немесе оны азот қышқылымен келесі ерітіндіні буландыру арқылы алынады:
2Те + 9НNО3 →Те2О3(ОН)NО3 + 8NО2 + 4Н2О;
Те2О3(ОН)NО3 →2ТеО2 + НNО3.
SеО2-ден айырмашылығы, теллурдың диоксиді айдалмайды: ТеО2-нің бу қысымы 7040С тең 6,32 ·10-2 мм.сынап.бағ. Ол 732,20С балқиды. ТеО2 суда өте нашар ериді, бірақ қышқылдар мен сілтілерді оңай ериді:
2ТеО2 + 2 Н2SО4 →2ТеО2SО3 + 2Н2О;
ТеО2 + 2NаОН →Nа2ТеО3 + Н2О.
Теллурдың үшоксиді, теллур ангидриді ТеО3 Н2ТеО4- ті 600-6500С-да айыру арқылы алынады; ары қарай температураны жоғарлатса мына реакция жүреді: ТеО3 →ТеО2 + 1/2О2. Көрсетілген жағдайда α-ТеО3 алынады – сары ұнтақ, суда ерімейді деуге болады, бірақ күйдіргіш калийдің концентрлі ерітіндісінде ериді:
ТеО3 + КОН →К2ТеО4 + Н2О.
β-ТеО3-ті орто- немесе мета-теллур қышқылын ұзақ уақыт қыздыру арқылы пісіріп бекітілген түтікшеде 3200С алынады. β-ТеО3- сұр түсті кристалды зат, реакцияласу қабілеті өте аз. β-ТеО3 күйдіргіш калийдің концентрлі ерітіндісімен әрекеттеспейді, тұз қышқылымен, балқыған содамен, 4000С-ға дейін сутегімен де әрекеттеспейді.
Теллур қышқылының тотықтырғыштық қасиеті бар (жүйенің потенциалы ТеО2/ Н2ТеО6 =11,02В), ол күкіртті газбен, гидразинмен, т.б. элементік теллурға дейін, ал тұз қышқылымен Н2ТеО3-ке дейін тотықсызданады.
Оттекті қышқылдарының тұздары
Селен мен теллурдың оттекті қышқылдарының тұздары көбінесе сульфиттер мен сульфаттарды еске түсіреді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ферсман А.Е. Редкие металлы. 1932, № 4-5.
2. Сажин Н.П., Меерсон Г.А. Редкие элементы в новой технике // Хим. наука и пром., 1956. Т.І, № 5.
3. Меерсон Г.А. и Зеликман А.Н. Металлургия редких металлов. Метиаллургиздат, 1954.
4. Зеликман А.Н., Самсонов Г.В., Крейн О.Е. Металлургия редких металлов. Металлургиздат, 1954.
5. Тронов В.Г. Кклад русских ученых в химию редких элементов. Изд. Знание, 1952.
6. Виноградов А.П. Геохимия редких и рассеянных химических элементов в почвах. Изд. АН СССР, 1950.