Күзетші ата, біз және Жандос
Бәрінен де атын сабалап жеткен күзетші шалдың қылығын айтсаңшы.
— Әй, балалар, — деді ол лагерь ортасыңдағы алаңға атын ойнақтатып, қамшысын шошаңдатып, — Мына шашылын жатқан дүние өкіметтікі. Ештемесін бүлдірмеңдер.
Біз жалт қарастық. Күзетші шал Шұға Берікболқызына атын тебініп жақындап келді.
— Айтпады деме. Бастығы өзің шығарсың. Былтырғы күзде келген училищенің балаларынан көрмегенді көрдім. Бар терезенің әйнегін сындырып, бір түнде қашып кеткен жоқ па, түге. Бүлдірмегені жоқ, оңбағандардың, — деп бір тоқтады ол.
— Ата-ау, бұл мектептің оқушылары, — деген Шұға.
— Білемін, білемін. Аттың сыры иесіне мәлім. Көздеріне қарап дұрыс жүрсін. Тағы да директордан сөз естір шамам жоқ. Біле білсе, осының бәрі балалар үшін жасалған.
— Бізде тәртіп қатал, аға, — деді Шұға.
— Оны уақыт көрсетеді. Әліптің аяғын күтермін, — деп күзетші шал атын кері бұрды. Желген күйі қақпаға жетіп, атының тізгінін тартты.
— Осыдан бірдеңе қиратсаңдар айтпады деме, жондарыңнан таспа тілемін, — деді ол кіжіне дауыстап. Жанымызда тұрған мұғалім апай жымың етті.
— Қарт адам ғой, балалар. Көңілдеріңе ауыр алып жүрмеңдер, — деді ол сонан соң.
— Лагерь маңын тазалап шығайық. Бірінші топ асханаға, екінші топ жатахана төңірегіне аттаныңдар.
— Әп-сәтге жұмысқа кірісіп кеттік. Күзетші шал ренжісе ренжитіндей екен. Әйнектің сынықтары, жыртылған қағаз, консервінің қалбырынан аяқ алып жүре алмайсың. Кірпіштің сынықтары. Мектеп ауласынан аттанарда директор Маздаков ағайдың сөзі есіме түсті.
— Балалар! Сендер еңбек етіп, демалуға бара жатырсыңдар. Дүниеге жақсылық атаулы өздігінен келмейді. Қиыншылықтар кездеседі. Оны қасқая қарсы алып, жеңіп шығу керек. Шындығын айтсам, сеңдер күні ыстық, еңбегі ауыр дала майданына барасындар, — деген ол. Жандос:
— Бекзатов, дала майданында жүрміз, атакаға, деп балаларды бір күлдіріп алды.
— Жауын аяған жаралы, Қойбағаров алға, — дедім.
— Тоқ бала аш болам деп ойламайды, — деді Жандос кекетіп. Кір-қоқыстарды, қағаздарды бір жерге жинап, от қойып ем, қара түтін будақтай жөнеледі. Енді бір сәт қатты желіспен күзетші шал қақпадан кіріп келді. Ат тізгінін тартып, көзін көлегейлеп жан-жағына қарады. Алғашқыдағыдай арынды емес.
— Ә, қызым, мыналарың дұрыс. Тазалық бар жерде дерт жүрмейді. Бұларыңа қосыламын. Тек оттан сақ болындар. Қурап тұр ғой, мына дүние. Шаланы су құйып әбден өшіріңдер, — деп ол атынан түсіп.
— Дүниенің қызығы еңбек ету ғой. Міне, алпыстан ассақ та, тірліктен қалған жоқпын. Тек жалқаулар да арамызда бары анық. Солардан аулақ болайықшы.
— Естідің бе? — дедім Жандосқа сыбырлап. Балалар ду күлді. Жандостың жағы қушиып түктері жыбырлап төмен қарады.
— Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын, — деді күңк етіп.
— А, солай ма? — деймін.
— Сахара шөлі басталды, Қойбағаров, — деймін. Ол үндемеді. Түнімен ұйқымыз қаңбағанының белгісі, сүйретіле-сүйретіле бөлмелерден шықтық. Әйнегі сынық терезелерден кірген сары маса өз дегендерін жасапты. Бет-аузымыз домбығып ісіп, көздеріміз қызарыпты. Үстіне спорттық киім киген Шұға керней тартушы екеудің жанында тұр. Қатардағы балаларға бұрылып ем, Табыс күңк етті.
— Жандос пен Қайыр жоқ! Қапелімде сасып қалдым.
— Олар қайда?
— Қашып кетті, — деді Қоңқас.
— Не дейді? Қашан?
— Білмедім. Сахара шөліне шыдамады.
Енді байқадым, Шұғаның жүзі қызарып, қабақтары түйіліп қатты ашуланып тұр.
— Жаныңа сенімді екі-үш баланы алып, қос қашқынды лагерге алып келіңдер.
— Құп болады, — деймін қолымды шекеге алып.
— Күш қолданбайсыңдар.
— Мақұл, Шұға Берікболқызы!
Ол менің ойымды түсінді ме, кім білсін, арқамнан қағып, мән жайды түсіндіре бастады.
— Қашқындар таң атқаннан кейін жолға шыққан. Жүктері бар. Ауыл мен екі орта жиырма бес шақырым. Төтесінен жүрсе он бес, — деді ол ойын айтып.
— Дәл айтасыз, — дедім.
— Олар төте жолмен жүреді. Жұрт көзіне түсуден ығады. Ол сәл үндемей қалды да, әңгімесін қайта жалғады.
— Қазір Көкиірім тасып жатыр. Өзеннің бойы ну құрақ, қала бере батпақ. Әлденеге арандап қалса, жағдай қиын — деді сонан соң.
— Қулықты қашқындар бізден бұрын ойлайды, — дедім оның сөзін бөліп.
— Баланың аты бала, — деді ол күдігін жасырмай.
— Оларды қайтару керек. Жаза қолданбасақ, ертең басқа «қорқақтар» қашады.
— Өте дұрыс айттың, — деді Шұға арқамнан қағып.
— Жолың болсын, жөнел!
— Құп болады.
Құбылаға қарай созылған соқпақ жолды қуалай жүгірген үшеуміз. Көзімізді ауық-ауық алға тігеміз. Ұшы-қиырсыз алып дала. Суретшінің полотносындай әр түске боялып, ғажайып бір түрге енген. Белуарден келген көк шағын жолды қиындатын келеді. Жазғытұрым апамның шелектің түбін даңғырлатып. «Жаңбыр мол жауса, елдің ырысы көбейеді» дегені есіме түседі.
Апам шынында өте ақылды адам. Ұрысып, ренжігенін көрген емеспін.
— Балам-ай, реніштен зиянды қасиеттер туындайды. Тек кекшіл болма. Ол жақсылық емес, — дейтін. Ал, мына Жандос ше? Нағыз өзімшіл деймін ішімнен. Дәл мен осылай істей қоймас ем. Қиыншылыққа шыдамады. Дегенмен де қызық бала. Кеуде қағатындай бізден артық емес. Сабағы орта, шәлкес-шалыс мінезі бар. Тек жақсы киінгенге мәз. Сонысына мақтанады. Бір ойдан тәубесін есіне түсіргенім де жөн шығар. Адам «білегі жуан бірді жығады» демеуші ме еді. Сондықтан да оған түсіндіру керек. Бізде табиғат сияқтымыз, ә. Ашуымыз да, сабырлығымыз да бар. Апам айтпақшы, көп күннің бір нөсері шығар бұл. Алдыма көз тастадым. Шалғыңды дала теңіздің толқындарындай тербеледі.
Баянтаудың баурайы биыл былтырғыдай сары жолақ емес. Ойдым-ойдым жазыққа текеметтің өрнегіндей гүлдер өсіпті. Төменгі бетте көгеріп қызылша алабы көрінеді. Бізге бекітілген алпыс гектар жері осы болса керек. Лагерьдің нақ тұсы екен. Баянтаудың тасасынан шыққан күн арқан бойы көтеріле ен даланы нұрымен көміп-көміп жіберді. Осыған дейін тіл қатыспай келе жатқан Табыс бір сәт:
— Мынаны қара, — деп дауыстап жіберді.
Арықтан аттаған адам ізі жатыр. Кеданың табанының кескіндері.
— Мыналар солар. Бағытымыз тура, — деді Қоңқас.
— Алысқа ұзай қоймаған шығар, — дейді Табыс кәдімгі сарапшылардай топырақты қолымен уыстап.
Жоңышқалы алқапты кесіп отырып белеңге көтерілгенде, түйетайлы жардың қабағына кездестік.
Арасында мен де қостап қоямын. Шындығы да осы бір ойлап кезінде көгі белуардан келген көкорай жер екен. Көкиірімнің жағасы шүйгін, отты боп, мыңғырған малды асырап шығыпты. Балығы бұзаудай, құсы құжынаған осы бір өзен қазір адам танымастай өзгерген. Мөлдір суы лайланып, балығы қырылып, шөбі тақырланып, дағдарысқа ұшыраған. Күні кеше, арынды су Балқашқа құйса, бүгін Қарасудың құмына сіңеді. Аң атаулы басқа жаққа ауып, жағасындағы ағаш қиылып, жетімденіпті. Үлкен адамдар осыны ойлап мазасы кетеді. Табиғатгың сұлулығына, байлығына қылыш тақаған адамдардың өзі екен. Ойлап отырсақ Қоңқастың сөзінің жаны бар. Атам да осы бір әңгімені айтқан. Мән бермеуші едім. Ойға қонымды іс екен. Адамдар неге сонша қатыгез деймін ішімнен.
Біз төмен қарай құлдиладық. Өзен бойындағыдай өгіз өлең бұлты жоқ көк шыны аспан тәрізді. Әредік-әредік топтала өскен құрақ пен балғын талдар. Көктің үстіне аунай кеттім де сәлден соң:
— Өзен тасып жатыр, — дедім орнымнан атып тұрып. — Өлгі қашқындар суға ағып кетіп жүрмесін. Жағасын қамыс көмкерген түйетайлы бетті артқа тастап, жадағай тұс іздедік.
— Осы тұс өткел болуы керек, — деді Қоңқас. Біз тұрған ашық бетте Көкиірімнің арнасы кеңейіп, су ағыны саябырлайды екен. Жағалықты көзбен тінтіп жүрміз. Әрі-бері өткен мал тұяғының ізі баршылық.
— Мыналар солар. Бағытымыз тура, — деді Қоңқас.
— Алысқа ұзай қоймаған шығар, — дейді Табыс кәдімгі сарапшылардай топырақты қолымен уыстап. Жоңышқалы алқапты кесіп отырып белеңге көтерілгенде, түйетайлы жардың қабағына кездестік.
Тек адам ізі көрінбейді. Ақ көбік боп ақырып жатқан Көкиірім тереңіне сүйрей жөнелсе, саудаң біткені.
— Олар судан өткен жоқ, — деді Қоңқас.
— Жандостың сыры маған белгілі. Осы маңайда бізден тағылып жатыр. Әйтпесе төмен қарай өзен жағалап кетті, — дедім мен.
— Мүмкін, — деп қоштады Табыс.
Кенет ат тұяғының дүрсілі естілді де, қарсы беттегі қамыс арасынан жалғыз салт атты шыға келді. Жүрісі суыт. Иығында қоқандаған мылтығы. Атын бас-көзге ұрып төпелеп келеді. — Тығылдық, — деді Қоңқас көзі бақырайып. — Қорқақ, — деді Табыс.
— Құтылғышын шіркіннің. Шұбар аттыны анадайдан таныдық. Күзетші шал.
— О, қулар-ай, қайда шұбап барасың, түге. Судың тасып жатқаны мынау, — деді ол тізгінін тартып.
— Қашқын іздеп келеміз, ата, — деді Қоңқас салған жерден.
— Тападай тал түсте, жоқ жоғалтқышын мұның. Лагерьдің сары масасынан зәбір көріп, алды-арттарыңа қарамай зытқан бала емессіңдер ме? Күзетші шал қою қасын керіп көзін сығырайтып сынай қарады. Жасында қапсағай денелі, шойын қараның өзі болса керек. Атқа жайдақ мінгенде аяқтары жерге салбырап тұр.
— Шынымыз, ата. Өзіңіз осылай қарай өткен екі бала көрдіңіз бе? Лагерьден қашып кетіпті. Солардың соңынан қуғыншы болып келеміз.
— Тоқтаңдар, — деді күзетші шал. — Жалған айтып тұрған жоқсыңдар ма?
Бәріміз шу ете қалдық.
— Олар сендер тұрмақ, мені де көзімді бақырайтып тұрып алдап соқты. Атқа теріс мінгізейін, ол күшіктерді.
Осы жерден күтіңдер. Күзетші шал қатты желіспен, жадағай жағалықтан суға түсті. Асыға тепкіленіп, суды кемерлей кешіп арғы жаққа өте шықты.
— Су терең екен. Қашқандардың тұйыққа тірелген жері осы. Өздерінің жолы болғыш-ай, — деді ызаланған Табыс.
— Әліптің артын бағайық, — дедім.
Көк аспанға көз тігіп шалқамнан жатырмын. Аққудай қалқыған ақ ұлпа бұлттар нұрлы күнді бетінен сипап өтіп, қиырға қарай көшіп барады. «Баянтаудың басынан өткен бұлт сонау әлем аспанын аралап шығады» дейтін апам менің кішкентай кезімде. Апамның мінезі қызық қой. «Әлгіңдегі қарттар — ел көркі дегені» дұрыс сияқты. «Әй, Секентай, құлыным, Баянтаудың басына бір шығып көр. Көкиірім осы елдің анасы, Баянтау атасы» дейді. Мен түсінбей әлек. Жанбала апамның әңгімесін достарыма айтқанымда: «Түу, Қиялхан-ай» деп мазақтағаны бар. Сол әңгіме есіме түсіп кетгі. Кенет:
— Әне, қараңдар, тұтқындар келе жатыр, — деп Табыстың дауыстағаны естілді. Қызықты қара! Күзетші шал Жандос пен Қайырды алдына сап томпаждатып айдап келеді. Ауық-ауық қамшысын жоғары көтеріп кіжінетін сияқты.
— Сазайларын тартсын, — деді Табыс.
— Жазасы әлі аз, — дедім мен.
Қонқас пен Табыс жүздері қатуланып арғы жағаға көз тікті. Бір сәт Жандосты аттың артына, Қайырды алдына мінгізген күзетші шал жағалықтан өзенге қойып кетті. Карттың даусы енді анық-анық естіле бастады.
— Шірік неме, әке-шешеңнің алдына қай бетіңмен барасыңдар, ей? Суға ағып кетсеңдер, кім жауап береді. Мені алдап кетуін, бұлардың.
Күзетші шал бергі жағаға ілінгеңде үшеуміз шөп арасынан шыға келдік.
— Ал, қашқындар жол болсын, — деді Табыс аттан түсіп жатқандарға қолы бүйіріне таянып оқырана қарап.
— Бұлар опасыздар! — дедім мен дүрсе қоя беріп.
— Қамшының астына алайын деп едім, жылап қоя бергендері. Қарақоғаның қамысына кірген кешегі үш қасқыр кездесіп парша-паршасын шығарғанда кімге жылағандарыңды көрер едім. Осы күнгінің баласы аласа келеді, әке-шешесімен жағаласа келеді деген осы да.
Оқиғаның болғанынан боладысы қызық. Пішендікті малдан қорыған күзетші шал, Көкиірім бойынан лагерге қарай бағыт түзегенде екі бала жолығады. Мән-жайды сұраған қартқа, Жандос: «Мұғалім рұқсатын берді. Ағаларымыз әскерден оралыпты» дейді. Күзетші шалдың немересі биылғы жылы әскер қатарына алыныпты. Сағынып жүрсе керек, балаларды атқа мінгізіп өткелден өткізіп салын, қоштасыпты.
— Бұлар әскерге жарамайды, — деді күзетші қарт ашуын баса алмай.
— Қиындықтан қашқан әскер, әскер емес. Жандоста да, Қайыр да да үн жоқ. Кәдімгі киноларда көретін қолға түскен тұтқындар. Шұбар атына қонжия мінген күзетші шал соңымыздан еріп келеді.
— Ата, ата сіз осы соғысқа бардыңыз ба? — дейді Табыс қартты әңгімеге жетектеп.
— Әй, балам-ай, тілді қышыттың ғой. Өткердік қой, талайды, мына бастан. Сұм фашистерді де көрдік. Отқа да жандық. Суға да баттық. Бірақ оны сендердің пешенелеріңе жазбасын. Мына тікбақайлардікі тоңмойындық қой.
— Соғыс кезінде қашқындарды атып тастамай ма? — деді енді Қоңқас өшіге килігіп.
— Әрине, балам, әрине.
— Күзетші шал ауыр күрсініп, ойға қалды. — Кеудемізді оққа төсеп мына Баянтау мен ана Көкиірімді қорғадық. Талайлар оралмай майдан даласында көз жұмды. Мына күшіктер соны түсінсе, әттең.
Түскі асты ішіп балалар ұйықтап демалуға бөлмеге кірген сәтте қызыл түсті жеңіл фургон «Москвич» қақпа алдына кеп тоқтады. Мен лагерь кезекшісі едім. Есігінен семізше, жалпақ бет, қарасұр адам шықты.
— Қош келдіңіз. Лагерь кезекшісі Бекзатов Сәкен, — дедім қолымды шекеме апарып.
— Дұрыс екен, — деді ол қолын көзіне көлегейлей маған қарап. Дөң мұрын, бойы биік. «Қаңбақшал» ертегісіндегі алып дәуді көз алдыңа елестетеді. Жандостың әкесі.
— Біздің бала қайда екен? — деді сонан соң гүр етіп. — Осында, халі жақсы, — дедім.
— Бастықтарың қайда? — Мұғалімнің бөлмесін нұсқадым. Ойыма Жандостың қылықтары түсті. Бұжыр бет, қызыл сары бала. Соқтығыса кетуге дайын, тілі мірдің оғындай. Апам айтпақшы бірде көл, бірде шөл. Екеуміз алғашқы күні-ақ шайқасып алдық. Лагерьден қашып, қолға түсіп қайта оралды. Сазайын тартты. Жазасын алды. Уәдесін берді. Әкесі болған оқиғаны біреуден естіп келген ғой. Міндетті түрде Жандосты лагерьден әкетеді. Оған сөз жоқ. Ал ол не дер екен? Қазір аз-маз әңгімеден соң, әкесі баласын ертіп шығарды да, қызыл машинамен кетіп отырды. Тек осыдан үйіне қайтса, бізді жерге қаратқаны. Бірақ бұл менің өз түсінігім. Тіпті қыздардан ұят. Сөйткенше ойда жоқта Жандос жүгіріп жаныма келді. Қимылы одағай.
— Сәкен, — деді ол сыбырлап.
— Мені құтқар.
— Кімнен? — деймін қапелімде түкке түсінбей.
— Әкемнің мені алып қайтатыны анық. Үйге барғым келмейді.
— Әкең ренжімей ме?
— Мейлі. Сен рұқсат бер. Сыртқа шығарып жібер. Достығымыз үшін мені бір сыйла.
Не істеуім керек? Лагерь ережесін бұзбау, немесе Жандосты құтқару, Ол осы бір сәт маған аса бір ғажап бала сияқтанып кетті. «Жандос тіпті де қиқар бала емес. Ол өзі үшін, тіпті өзге үшін де намысын бермес, көпшіл бала. Бізді түсінді» деген ой келді.
— Мақұл, —деп басымды изегінімді де өзім білмей қалдым.
— Мына қағазды жастығымның үстіне тастай салшы. — Жандос лып етіп, қақпадан шықты да, қалың ағаштың ішіне кіріп жөнелді. Мен жатақханаға қарай ұштым. Жандостың әкесі мен Шұға сыртқа шыққанша кезекшілік орынға қайтып оралу керек. Бір жапырақ қағазға: «Әке, мен лагерьден кетпеймін. Бүкіл жолдастарымды ұятқа қалдырамын. Мен ешкімнен артық емеспін. Қайта беріңіз. Жандос» деп жазыпты. Адам деген осы қызық. Кешегі күні Жандос екеуміз бір-бірімізге қарсы пікірде едік. Енді бір-бірімізден айырылғымыз жоқ. Далаға шыққан Жаңдостың әкесі мен Шұға екеуара сөзін құлағым шалып қалды.
— Өзі аурушаң бала. Мына күн ыстықта бала тұрмақ, үлкен кісіге жан қайғы. Жандосты алып қайтамын, — дейді әкесі.
— Баланың бәрі бірдей. Еңбек етіп, демалғаны Жандос үшін зиян емес, пайда, — дейді Шұға Берікболова.
— Жұмыс қашпас, денсаулығын айтамын, — дейді әкесі.
— Баланың өзі келіссе, маған бәрі-бір. Тек жайын айтып жатқаным ғой. Ертеңгі күні сіз сияқты барлық ата-ана лагерге кеп балаларын алып кетуі мүмкін.
— Мейлі, — деді Жандостың әкесі. —Жалғыз бала... Қарап отырған ұлдың түрі осы...
Шұға тырс үндемеді. Менің білуімше Жандостың еш жері ауырмайды. Төсек тартып жатқанын көрген емеспін.
«Жаны қиналатын жұмыс жоқ қой, мұнда» дегім келді. Бұл екі ортада әкесінің:
— Жандос, — деп лагерьді басына көтере айқайлағаны естілді. Жатахана жақтан Қоңқастың:
— Жандос жоқ, — деген жауап жетті.
— Сәкен, сен барып келші, — деді маған мұғалім.
Бір парақ қағазды алып кеп, Жандостың әкесіне ұсындым.
— Балаңыз жазыпты. Өзі қайда екені белгісіз. Жандостың әкесінің жүзі күреңітіп сала берді. Қара мұртының түктері жыбырлап, еті өскен көздері қызарып кетті.
— Есекті отқа айдасаң текке қашады. Иттің күшігі. Әдейі кетіріп отырсыңдар, сендер, — деді ол маған жаман көзімен қарап.
— Баламды тауып беріндер.
— Лагерь күзетшілері! «Сапқа тұр» дабылын қағыңдар: Шұға «сен бүлдірген жоқсың ба» дегендей маған түйіле қарап қойды.
Керней үні шықты. Бөлмелерден ағыла шыққан балалардың басы қосыла Шұға балаларға мән-жайды түсіндіріп Жандосты іздеуге аттандырып жатты.
Көптің аты көп. Айналасы он бес минуттың ішінде топ бала Жандосты қақпадан алып кірді.
— Ауылға қайтпаймын, — деді ол балаларға аузын қомпылдатып.
— Бұйрықты орыңдауға міндеттіміз, — дейді Табыс тақылдап. Осы сәт мұғалімге ренжідім. Несін ғана дабыл қақты екен. Балалар бұйрықты орындауға міндетті. Бірақ Жандостың әкесі тепсініп тұр ғой. Әкесі де Жандостың бір тілегін неге орындамайды? Ол да адам баласы емес пе? Бүкіл лагерьдің алдында ұятқа қалдырып. Әкелердің де қатігездері бар-ау. Бірақ олар өте аз шығар. Әкесі баласына түнере қарап алды.
— Әй, киім-кешегінді жина, — деді ақырып. — Сенің қиқаңыңды көтеретін уақыт жоқ. Әп-сәтте балалар Жандостың жүгін алып келді. Әкесі баласын желкелей автомашинаға қарай жүрді.
Жандос қоштасқан да жоқ. Шамасы қолға түсірген балаларға өкпесі бар сияқты. Әкесі есікті ашып машинаға оны итермелей кіргізді. Есікті жапты. Сонан соң басын изеді. Қоштасқан түрі.
Жаңбыр түнімен жауды. Түстен кейін Баяншоқының басына оймақтай қара бауыр бұлт ойнап шыға келген. Алғашқыда оны ешкім елеген жоқ-ты. Сәлден соң әлгі бұлт аумақтана бастады да, бауырынан ауық-ауық жылт еткен шыбык, көрінді. Сөйтті де, жер-дүниені сілкіндіре күн күркіреді.
— Балалар асханаға! — деді кезекші.
Артынан білдік, Шұға тамақты ерте ішіп алуға жасаған амалы екен. Біз жатаханадан шыға жел лебі білінді.
— Қозғалыңдар. Нөсер келе жатыр, — деді Шұға дауыстап. Тамағымызды ішіп бола, әлем тапырақ, алай-түлей дауыл басталды. Жел бет қаратар емес. Найзағай оты жарық-жұрқ етіп, зәреңді ұшырады.
— Терезелеріңді бекітіңдер! — деді кезекшілер.
— Бөлмелеріңе кіріңдер. Сөйткенше электр шамы да сөнді. Күн шатыр-шұтыр ете қалған сәтте балалар басын төмен иді. Әлдебірі кереуетіне сүңгіп кетіп, көрпелерін жамылып алды.
— Жай түсті, — деп сыбырлады Қоңқас. Бөлме іші тым-тырыс. Құлаққа ұрған танадай. Сөйткенше тағы да күркіреді.
— Тағы да түсті, — деді Қоңқас сыбырлап. Сыртқа тырс-тырс жаңбыр тамшысы тамды. Артынша шелектеп төккендей құйып кетті. Бір ғажабы осы сәт дүлейлене соққан жел басыла қалды.
— Ерте, ерте, ертеде алып бәйтеректің басына бір самұрық құс ұя салып, балапандарын шығарып, алты айлық жерге азық іздеп ұшады екен. Осы сәтін жыл сайын бір айдаһар пайдаланып, оның балаларын жеп тояттапты. Самұрық құс ұясына ораларда балапандарын тірі көрсем-ау деп армандап жылайды екен. Жауыны сол самұрықтың көз жасы, қатты жел қанатының қағысы екен. Ер Төстік бәйтеректе өрмелеп бара жатқан айдаһарды дәл басынан көздеп атып жерге түсіріпті. Сәлден соң ұясына кеп жеткен самұрық құс балапандарын тірі көріп қуанын, Төстікке тіл қатады... Ойым өрі қарай шарықтай берер ме еді, кенет терезені әлдекім тарсылдатқандай болды. Балалар орындарынан атып-атып тұрысты.
— Жел ғой, — деді Қоңқас білгішсініп.
— Әлде кімнің терезені қаққаны анық.
Ентелей басын барып пердені аштым. Үсті-басы малмаңдай су, шашы бетіне түскен, бейтаныс біреу қараңдайды. Құбыжық көргендей шошынын кеттім.
— Сәкен, қақпаны ашшы. Мен ғой, — дейді.
— Сен кімсің? — деймін.
— Жандоспын.
Есікке ұмтылдым. Балалар сұрап үлгергенше, мен де табалдырыққа жеттім. Бір ғажап дүние. Ауық-ауық алып фонардай найзағай отынан жер дүние жарқ ете қалады да лагерь ауласы ап-анық көрінеді. Осы сәтте бағытымның дұрыс екенін ішім сезеді. Кеш бүгін ерте батқан сияқты. Шындығында қақпа жабық екен. Ілгекті ашын үлгергенім сол еді, ар жағынан Жандос жүгін мықшындай көтеріп кіріп келе жатты.
— Уһ, тоңып кеттім, — деді ол.
— Жүкті көтерісіп жіберші. Балалар бізді асыға күтіп отыр екен.
— Құрғақ киімдеріңді беріңдер Жандостың киімін шешісіп, киіндіріп ап, балалар «тергеуге» кірісті.
— Әкемнен қашып кеттім, — деді ол иегі иегіне тимей.
— Міне, жігіт.
— Шын айтасың ба?
— Көрпеге оранып жата қал.
— Айыптымыз. Енді сені ұстап бермейміз, Жандос, — деді тағы біреулері.
Жандос үйіне де бас сұқпапты. Қатты ашуланған әкесі жол бойы жер-жебіріне жете ұрысса да, Жандос тырс үндемепті. Әкесі кеңсеге тоқтап, жұмыс бабымен ішке кіріп кеткенде Жандос Ақбелге көмір тиеп бара жатқан бір шопрға жолығып, келісе кетеді де тартып отырады. «Ақбел» «Қайыңдының» бір бөлімшесі.
Одан бергі екі шақырымға өзі жаяу жүріпті. Қалың жаңбырда жол бойындағы қалың қамысты паналапты. Содан малшыныпі жеткені осы екен.
— Әкең ұрсып жүрмей ме? — деді Қоңқас.
— Енді лагерге келме. Бәрібір ауылға қайтпаймын, — деп қағаз жазып тастап кеттім. Өзі де қызық. Мен балалардан артық емеспін ғой. Сендерді қимадым, — дейді Жандос — Сендер менің шын қамқоршы достарым емессіңдер ме? Бір қателік кетті. Кешірім сұрадым. Енді не көрсек те бірге көреміз деп өзіме-өзім серт бергенмін.
Ертеңгісін сапқа тұрғанда, Шұға таң қалды.
— Ой, Жандос сен көктен түстің бе? — деді ол.
— Жоқ, Шұға Берікболқызы. Әкемнен қашып, амалымды асырып қайтып келдім. Балаларға берген сертімді орындауым керек қой.
Балалар шынында Жаңдостың қылығына сүйінді.