Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тіл философиясы және аударма философиясы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс магистранты Қадырқұл Алтынай

Жетекшісі - ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Жанатаев Д.Ж.

«Белгілі бір сала философиясы» деген тіркестер тілде жиі кездеседі, мысалы дін философиясы, мәдениет философиясы, ғылым философиясы. Алайда аударма философияға байланысты жеке пән жоқ. Бұл тіркестерді қолдану неміс классикалық идеализміне сәйкес келеді – сол кезде философия Гумбольдт университеті және оған ұқсас ғылыми және білім беру мекемелері сияқты білімнің барлық салаларын қамтуға және жаңа білім беру жүйесін құруға ұмтылды. Сонда философия түбегейлі жеке пән ретінде емес, белгілі бір пәндерге сай ойлау  тәсілі ретінде пайда болды.

Аударма философиясының мәселелері әдетте тіл философиясының шеңберінде қарастырылады. Тіл философиясы аналитикалық нұсқада да, континенталды нұсқада да бар. Тіл тақырыбы бірқатар себептерге байланысты XX ғасырда басым философиялық тақырыптардың біріне айналды: ең алдымен, бұл философиялық құралдардың жаңаруы және барлық тілдер үшін бірдей метатілдің және философиялық терминологияның бірыңғай жүйесі бола алмағандықтан көптеген көптілді философиялардың пайда болуы.

Әмбебап тұжырымдамалық тіл идеясының күйреуі және философияның теориялық пәннен өмірлік тәжірибеге айналуы (мысалы, философия бірінші кезекте өзінөзі жетілдіру құралы болатын экзистенциалистік ізденістер сияқты герменевтикалық жоба, феноменологиялық жоба сияқты) тіл мәселесін көтеруге мәжбүр етті. Тіл философияның негізінен «Тіл біздің құралымыз ба? Яғни, біздің қандай да бір мақсаттар үшін ойлап тапқан және қолданатын құралымыз ба?» немесе «Тіл бізді қандай-да бір жолмен шектейді ме, белгілі бір түрде біздің жеке басымызды анықтайды ма?» деген сияқты сұрақтарды қарастырады. Ал егер аударма философиясын осындай тіл философияның бөлімі ретінде қарастыратын болсақ, онда ол «Аударма қаншалықты дәрежеде философиялық акт және ойлау әрекеті болып табылады?» деген сұрақ аясында зерттеулер жүргізер еді. Тіл философиясы ресурстардың, мысалы, автоматты аударманың жеткіліксіздігі айқын болған кезде пайда болады.

XX ғасырдан бастап философия қайтадан түсіндіру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. XIX ғасырдың философиясы интерпретацияға мүлдем мән берген жоқ, өйткені заттардың өзі, әлемдегі процестер, олар эволюция болсын, кейбір мағыналардың айқындығы болсын өз-өздерін түсіндіреді деп ойлаған. Біздің өмір сүру режиміміз әлемнің өмір сүру режимімен ешқашан сәйкес келмейтіні, біздің тіршілік етуіміз қоршаған әлемге және біздің ойлауымызға қарағанда әр түрлі заңдарға сәйкес өмір сүретіндігі анық болғанда, аударма туралы, Дильтейдің герменевтикаға «белгіліні түсіну» деп анықтама белгендігі сияқты бұрыннан белгіліні түсіну туралы сұрақ туындады. Егер бізге қандай-да бір мағына сәйкес келді деп ойласақ, бұл кездейсоқтық шынымен болғанын немесе біздің оған қандай да бір деңгейде қатысымыз бар дегенді білдірмейді. Біз оны дұрыс аударғанымызға көз жеткізуіміз, мүмкін болса оны қайтадан аударуға тырысуымыз қажет. Тіл философиясы Дильтейден Гадамерге дейінгі герменевтикалық дәстүр нұсқасында болсын, Бергсоннан Рикоға дейінгі француз дәстүрі болсын, Витгенштейн дәстүрі болсын, Рассел мектебінің дәстүрі болсын тек бірдей «Бір ойды қалай әртүрлі жолмен аударуға болады?», «Бұл сөздердің заттарға қатысты болуы үшін қажет тек түсінудің өзі жеткілікті ме?», «Немесе түсінікті қайта-қайта жаңғыртып отыру керек пе?» деген сұрақтар аясында зерттеулер жүргізеді.

Ағылшын аударматанушысы Энтони Пим «Философия және аударма» мақаласында аударма мен философия арасындағы өзара байланыстың негізгі үш бағытын атап өтеді:

  1. Жалпы аударманың мәні және тіларалық аударма мәселелері туралы философтардың ойпікірлері;
  2. Аударматанушылар мен аудармашылардың белгілі бір философиялық жүйелер мен теорияларға өз ойларын негіздеу үшін жүгінуі;
  3. Философиялық мәтіндердің және түсініктемелердің аударылуы.

Осы сияқты кез келген ғылымды философиямен байланыстырудың маңыздылығы өте зор. Себебі философия метағылым ретінде анықталады, яғни әмбебап метатілдің, әдістеменің және тұжырымдамалық базаның тасымалдаушысы рөлін атқарады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама