Әл-Фарабидің имани тағылымы
Әл - Фарабидің имани тағылымы Әл - Фарабидің имани тағылымы Адамзат нәсілінде Алланың жамалына шомылған айтулы тұлғалар баршылық. Олар жаратылыс пен ондағы адам баласының рөлін толыққанды түсіндіріп бергендігі үшін де қария тарихтан кемеңгер есімін иеленді. Осындай данышпанның бірі Тұран топырағының тумасы - Әбунасыр әл - Фараби. Ерте замандарда жазылған араб тарих - шылары мен саяхатшыларының еңбектерін тереңінен қарастырған Ақжан Әл - Машани Шығыстың екінші ұстазы Әл - Фарабидің туған жері қазіргі Қазақ елі екенін былай дәлел келтіріп: «Әл - Фарабидің туған жері Сырдария бойындағы Фараб (Отырар) екенін дәлелдеп жазып, картаға түсірген – арабтың атақты ғалымгеографы ибн - Хаукал.
Ол өзінің «Китап Масалик уа мамалик» деп аталатын географиялық еңбегінде Түркістан аймағының сипатын беріп, қалаларын картаға түсірген. Ол Отырарды жазғанда, картаға түсіргенде әдейі, арнайы тоқталып: «Бұл жер атақты ғұлама, асқан философ әл - Фарабидің туған жері», – деп көрсетіп кеткен. Ибн Хаукал мен әл - Фараби бірін - бірі жақсы таныған, сол кездегі Дамаск шаһарының билеушісі Сайф ад - Дауланың сарайында бірге болған» деп жазады. Қазақ ұлтының дүниетанымы, ой - өрісі, әдет - ғұрпы, салт - санасы шығыстың рухани әлемімен астасып тұтастық құрады. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағының көзі ашық, көкірегі ояу ойшыл азаматтары бүкіл шығыс мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза білді. Кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Солардың бірі – түркі әлемінің ұлы ойшылы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл˗Фараби бабамыз. Ғұлама ойшылдың толық аты - жөні – Әбу - Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл - Фараби (870 - 950).
Ол ғылым мен білімдегі, адам мен әлемдегі ең терең байланыстарды, қасиеттерді, сипаттарды құндылық ретінде өрнектей білген. Фарабидің философиялық көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл - парасат туралы ілімді саралады. Ол ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ деді. Мінез - құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Ол «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздейді.«Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт үшін жаралған» дейді. «Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен мінез - құлық арқылы» дейді. «Ол білімнің мәні қандай? Бақытқа апаратын мінез - құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез - құлық, рухани білім» дейді.
«Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа « Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады»- деп түйіндеді. " Біз жақсы мінез - құлық пен ақыл - парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және іс - әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз". Бұл, Фарабидің адамтануда ұстанған негізгі қағидасы. Бүгінгі біздің «жан - жақты дамыған жас» деп жүрген ұғымды, ол, сол заманда тиянақтай білген. Әл – Фараби Адам дамуындағы басты мақсаты интеллек - туальды – рухани жетілу арқылы бақытқа жету деп көрсетеді. “Бақытқа жету жолын көрсету” деген трактатында: “Бақыт - ол әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол қандайда бір жетілу болып табылады”.
Жалпы, әл - Фараби еңбектерінде адамның жетілу мәселесіне ерекше ден қойылған. Екінші ұстаз атанған әл - Фараби бабамыз да бақыт жолын сілтейтін нәрсе адам бойындағы ақыл - парасат, мәселе сол арқылы ақыл - парасатты әділет пен жақсылыққа бағыттай білуде. Жақсы ақыл - парасаттан тамаша әрекеттер, жаман ақыл - парасаттан оңбаған әрекеттер болады [4], – деп көрсеті - леді. Әл – Фарабидің пікірінше, адамның жан – жақты жетіліп, бақытқа жетуі үшін жағымды іс – әрекет, ізгі мінез, дұрыс ақыл қажет. Адамның. жан - жақты дамуын, ол адам әдебінің жетілуімен сәйкестендіреді. Адамның жан - жақты дамуы, әл – Фараби бойынша, практикалық ақылдың міндетіне жатады. Практикалық ақыл адам - ның кәміл дамуы үшін мүмкіндік жасайды. Әл – Фарабидің адамның жан - жақты дамуы ілімінен шығатын түйіндер: адам барлық заттың өлшемі, ол - басты құндылық, адам ақылы табиғат құбылыстарын танудағы басты құрал, адамзат қоғамының прогресіне кәміл сенім, адам дамып кемелденуі арқылы көркемділік, сұлулық, үйлесімділік ұғымдарының кеңеюі. Әл – Фараби үшін жан – жақты жетіліп, кемелденген адам - өз күш – қуатын адамдардың игілігіне жұмсайтын тұлға.
Ондай адам ақыл мен әдептілікті, ізеттілікті үйлесімді тоғыстырады. Фараби ең әуелі ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық, ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемел - дендіру, дамыту мақсатына арналған. Ол - адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады. Осы мұратқа жету үшін ғұлама адамдарды дұрыс танып, тәрбиелеу жолын жеке - жеке көрсетеді. Ұстаздың айтуы бойынша адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі кредосы – адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі. Ұстаздың пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты. « Тәрбиелеу дегеніміз – халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» - дейді ғұлама..
«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеу керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» Тәрбие әдістерін дұрыс таңдап алу тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеудің кепілі. «Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жүзеге асыруға көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары – сұрқиялық, кемістік немесе опасыздық болып шығады». Әл Фараби сонау Ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл - парасаттың жетілуін, оқу - ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Фараби идеялары оның 140 - тан астам трактаттарының арқауы болды. Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида, теория мен әдіс. Солардың бірі 948 жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындар - ының көзқарастары туралы трактат» болып табылады. Адам кемелдігі неде? Бақытқа қалай жетуге болады деген сұраққа әлемнің екінші ұстазы атанған Әл - Фараби білім мен іс - әрекет арқылы жетуге болатындығын айтады.
Бақытқа жеткізетін барлық іс - әрекеттер мен қызмет әрқашан қайырымды. Әрекетшіл жанның мақсаты - әдейі көзделген ұмтылыс болуға тиіс. Оған іскерлік пен көрегендікті, яғни дүниені тану қабілетін бойына дарыту ұмтылысы ұйытқы болады. "Адам қайырымдылық, сұлулық, игілік және ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің жаны мен тәні арасындағы барлықтан алса, ол шынымен де қайырымдылық пен бақытқа қол жеткізеді". Қайырымды жан — ақыл - парасаттың, адам бақыты мен бақ - дәулетінің күрескері. Қайырымдылық - табиғи бейімділіктің іс - әрекетпен ұштасуы, маңызды міндет - мұрат үшін жігер мен табандылық. Адам өмірін жай ғана сүрмей, үнемі қайырымдылық жасауға, ізгілікке, жақсылыққа қарай ұмтылуға қажеттігін ескертеді ұлы ойшыл, сонымен қатар қоғамдағы ең негізгі рухани құндылықтарға « Өзара көмектесуді» жатқызады.« Қайырымдылық екі түрлі болады, - дейді ғұлама: этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық – (жанның) ақыл - парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат, ақыл - ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық.
Этикалық қайыр - ымдылық – (жанның) ұмтылу жағына жататын қайырым - дылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді». Бұл жерде этикалық қайырымды - лықтардың нағыз рухани құндылықтар екендігін атап өтуге болады. Сонымен қатар осы қасиеттердің тұрақтануы үшін көп рет қайталануы және соған үйренуі қажет екендігі айтылады. Бұл адамның тұлға болып қалыптасуындағы рухани дамудың ролі зор екендігіне қарай бағыттайды. Фараби бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез - құлық тәрбиесін қояды. Фараби мінез - құлық тәрбиесінің құрал, әдістерін белгілеуде Аристотельдің адамдағы барлық мінез - құлық, қасиеттерді туа біткен емес, жаттығу, әдеттену машықтану нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алып, ары қарай дамытып әкетеді. Ол адамда жақсы әдет - мінез қалыптастыруда ерік - қайратына көп мән береді, өйткені сезім мен рухани нәпсі мен парасат мұқтаждықтары бір - біріне қарама - қарсы келгенде санамен шешу ерікке, өзін - өзі билеуге тіреледі. Мұндай жақсы ниет, оң істер бара - бара адамның дағдысына, жақсы қасиетіне айналып, ол тәрбиелі жақсы мінез - кұлықты болып өседі. Бұл айтылғандар Фарабидің "Бақытқа жол сілтеуінде" былай дәйектеледі: "Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез - құлқымыз мақтаулы болады. Біз мінез - құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре - тұра пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез - құлық болмаса, онда ол жақсы немесе жаман мінез - құлыққа тап болғанда, қарама - қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп кетуі мүмкін. Адамның белгілі бір мінез - құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез - құлықтан басқа бір мінез - құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе - әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі - жиі және ұзақ уақыт қайталануын айта - мын. Мінез - кұлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйрену жолдары сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де келу жолы дәл осындай... Абзал әрекет жөнінде де істің жайы осылай сияқты ол адам жақсы мінез - құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет. Адамда белгілі бір мінез - құлық қалыптасуы үшін осыған сай келетін әдеттер берік орын алулары керек». Фараби мұнан басқа жүйелі түрде жаттығу, машықтану, сендіру, еліктіру, үлгі көрсету т. б. тәрбие және өзін - өзі тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсынады.
Практикалық дағды, шеберлік - терді, жақсы мінез - құлықты дарытуда ол тәрбиелену - шінің мінезін және басқа жағдайларды ескере отырып екі педагогикалық әдісті - жұмсақ және қатаң әдісті ұштастыруды көздеді. әл - Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: «Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім - білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі...».
Осы анықтама - лардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы «оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады. әл - Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын «білім беру» ұғымы да қарастырылған. «Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар – ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы» деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы «білім беру - оқыту нәтижесі, тура мағынасында ол оқып - үйренілетін пән туралы алғашқы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдір - еді» деген анықтамамен өзара байланыс табады. Қоғамдық сананың формасы ретінде өнердің атқаратын қызметі зор. Өнер арқылы дүниені көркемдік тану, өмірге эстетикалық қатынасты қалыптастыру, жеке тұлғаның азаматтық және рухани адам - гершілік қасиеттерін тәрбиелеуге қол жеткіземіз. Эстетикалық тәрбие – адамның өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы, әсемдікті, асқан сұлулықты сүйсініп, сезім арқылы ұнату, дұрыс ұғынып, ләззат алуы. Көркемдік негіз еңбекті одан сайын қасиеттендіреді, тұрмысты сәндендіреді және адамның жоғары моральдық қасиетін қалыптастырады. Әл - Фараби «Адамның мінез - құлқын кемелдендіретін іс - әрекеттер адамның тәнін кемелдендіретін іс - әрекеттерге ұқсайды. Тәннің кемелдігі – денсаулық, денсаулық бар болса, оны сақтау керек. Жоқ болса, оған жетуге тырысу керек. Тәнді сауықтыратын іс - әрекеттер тек қалыпты деңгейде болса ғана, саулыққа жетуге болады.
Дәл осы секілді іс - әрекеттер де орта деңгейде болса, солар арқылы жақсы мінез - құлыққа ие боламыз» - дей отырып, тән сұлулығы адамның денсаулығында, ақыл, парасат күшінде және адамгершілік сапаларында екендігін баса көрсетеді Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет - пердесі, мінезі мен жүріс - тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі ауру сияқты көптеген объективтік және субъективтік себептердің әсерімен қалыптасады, өзгереді. Фарабидің пікірінше, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, үзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек." 'Жаман қылық - ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек"- дейді ғұлама.. Әл - Фараби еңбектерінде патриоттық тәрбие де назардан тыс қалмаған. Фараби -"Бақытқа жету жолы" атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, т. б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу жолын баяндайды. Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл - Фарабидің алатын орны ерекше. әл - Фараби алғашқы педагогикалық ой - пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы туғызған данышпандық ой - пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады.
Оның педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады. әл - Фарабидің тәлім - тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. әл - Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды. Әл - Фарабидің мемлекеттік басқарудың механизмдерін жетілдіріп, билікті ізгілендіру үшін ұжымдық, топтық басқарудың үлгілі идеясын, демократиялық әділетті, ақылды басшы туралы идеясын ұсынды. Әл - Фарабидің ойы бойынша қоғамның жетілген алғашқы үлгісі «қала - мемлекет» билігі болып есептелінді.
Ғұлама ғалым анықтаған адамның адамгершілік құндылықтарына басымдық берілуі ізгі қоғамның неғұрлым орнықты сипаттамасы болып саналады, бұл қағида қазіргі заманғы таным үшін маңызды да өзекті болып отыр. Данышпан билеуші бейнесінде көрініс тапқан кемел адам идеясы оның шыңы болды. Парасатты адам, қайрымды қала, қайрымды мемлекет, ақылды адам, ақылды тұрғын, ақылды қала, бақытты ел, бақытты өлке, бақытты ауыл, бақытты мекен бүгінгі таңда қияли мұрат емес, дүниенің кез келген бұрышынан табылатын ордалар мен шаһарлар... Міне бұл айтылғандар, ғұлама бабамыздың ұлағатты ойларын, педагогикалық ой пікірлерін, мұраларын зерделеп зерттеген қазақстандық ғалымдардың (Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, А. К. Көб - есов, Ә. Н. Көшербаев, К. Ж. Ибраев, Т. Ә. Ахметов, А. Қ. Жұмабеков. С. А. Ұзақбаева, А. С. Кабылова, К. Ж. Қожахиетоиа, т. б.) тұжырымдарынан алынған үзінділер. Бұлардың басты ерекшелігі белгілі талапты қалыпқа (Фарабиді утопист, атеист, деист, материалист - деген сияқты үкімдермен ) талданып өңделген тұжырымдар. Кеңестік идиология салтанат құрған сол шақта бұдан басқа мүмкіндік те. жол да болған жоқ. Ал, шынайылық, тарихи әділеттік шындық қайда жатыр? Нағыз парасатты, толық, жетілген адамдар жауынгер атейзмді де, гылыми материализмді де ұстана отырып, тұмшаланған сананы саясатқа бағындырмай паш ете алады екен.
Мысалы, Ақжан Жақсыбекұлы әл - Машани:« Ғылыми парыздың бірі де бірегейі де әл - Фарабиді кемеңгер ғалым еткен, ұлы ғұламалыққа жеткізген бабаның өзі тәлім алған ортасы – ғылыми ислами жол» – деп исламда ғылым мен дін тұтас бір нәрсе екендігін дінді ауызға алуды ақымақтық санайтың заманның өзінде баршаға паш еткен... Ал, осы шақта, Д. Кенжетай: «... Фараби барлық рисалаларын "Бисмиллаһ" деп бастаған ойшыл. Ол діндар. Ол дегдар. Ол моралист. Ол философ. Ол мәселеге ислам әлемі деп емес, адам әлемі деп қарады. Сол арқылы ислам әлемін жаңа сатыға көтерді. Батыс, исламның өркениеттік әлемін мойындады. Исламнан үйренуге мәжбүр болды.», «Фарабидің ислам әлемінен, оның дін мен философияны, ғылым мен дінді, саясат пен дінді, мораль мен дінді, адам мен дінді, Алла мен дінді тұжырымдауынан көруге болады. Ең басты орында адам және оның санасы тұр. Бұл ойлар Фарабидің "Китаб ал милла" яғни "Дін туралы трактатында" орын алған. Алла мына әлемді адам үшін жаратқан. Адам бірінші орында тұр. Адамға адамдығын есіне салатын, таным, түсінік, теория, шаблонға қарағанда "ұстаз адамның", "үлгі адамның" ықпалы қуатты болады.
Міне осы тұжырымға сай ол Хазірет Мұхаммад пайғамбарды, адамзаттың тұңғыш ұстазы, "Раис ал аууал" ретінде түсіндіреді.»- дейді. Бұл тұжырым, ұлы бабамыз ислам дінін ғылыммен егіз деп танығандығын көрсетеді. Ғылым, білім, дін арасындағы байланысқа жаңаша көзқарас қалыптастыру сияқты еңбектердің ұлттық рухты ояту мен қалпына келтіруге қосар үлесі зор. Әл - Фараби Алланың құдіреті мен ұлылығын басты орынға қойды. Жаратқаннан күнә - қателіктерден тазартып, таза ақылды нәсіп етуін сұрап күндіз - түні дұға қылған.«Дін кітабы» еңбегінде: мынандай үзінділер бар: «Уа, Алла! Пендеңнен надандық пердесін сыпырып, пәнилік кінәрат - тардан пәк ете гөр. Өзің разы болатын іс қылуды нәсіп ет! Уа, Алла! Мәртебемді биік ет! Әр ісімнің соңын қайырлы қыл! Мақсат - мұраттарымды асыл қылып, іске асыр! Уа, шығыстар мен батыстардың Иесі! Уа, Раббым! Бойыма тектілік пен бекзаттықты бер, пайғамбарлардың кереметтерін көрсет, байлардың бақытын бер, данышпандардың даналығын дарытқайсың, тақуалардың тақуа - лығын таныт - қайсың! Маған ақиқатты ақ қылып көрсет! Жалғанды жалған етіп көрсет. Уа, Алла! Даналықтың ең биік деңгейіне жеткізіп, пәкизат періштелеріңнің әлеміне жақындат! Осы жолдарға талдау жасай отырып ұлы ойшылдың бар өмірі Алладан өзі тілеген тілегі қабыл болды ғой деп қорытындыға келуге болады.
Себебі: Әл - Фарабиге әлемге танымал ұлы тұлға, ойшыл, ғалым, түркі, ислам әлемі философиясының жұлдызы, халықтың өзі Аристотельден кейінгі адамзаттың екінші ұстазы деген атау берді. Бұл тұста ұлы бабамыздың өзі де Аристотельді аса жоғары бағалап, ұстаз санаған. әл - Фарабидің «жаман мінез - құлық - бұл рухани дерт, жақсы мінез - құлық пен ақыл - ой парасаты - адамның басты қадір - қасиеттері», «бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат», ал «ұстаздың мінез - құлық нормасы қалыпты іс - әрекет үстінде ғана қалыптасады», «ол интеллектің пайымдағыш объектілерін аңғарады, сұлулықты сұмпайылықтан айырады, сөйтіп, өнер мен ғылымға ие болады» деген ортақ тағдырдың қағидаттарын өз педагогикаға орнықтырды. Әл - Фарабидің «Қайыр - ымды қаланың тұрғындарының көзқарас - тары» мен «Философияның дінді қажетсінбеуі» т. б. философиялық трактат - тарында шеңбер - қала болмысы жер шарындағы он сегіз мыңда бір Ғаламдағы тіршіліктің шағын моделі түрінде алынып, адамзат баласын несібелі бақытқа кенелтетін ізгілік пен әділет етіп көрсетеді. Игілік, байлық атаулы - өткінші дүниенің, пәнидің ғана өлшемі, ал ізгілік бақыт ұғымдары - мәңгіліктің бақилықтың жолы. Ізгілік - имандылықтың сәулесі. Жүрегінен иманы тайған, нәпсісін ынсабын тыймаған жан адамзат баласына жазмыш ілім - білімді, тағлым тәжірибиені ізгілік жолына емес, кесірлі кесапатқа, теріс пиғылға пайдалануы мүмкін, жүрегін таза ұстап, иманына кіршік түсірмей, рухани кемелдікке талпынған тұлғалар ұлы жаратушы деңгейіне жақын сатыға көтеріліп, жер бетіндегі тіршілік сырын бағамдай алады. [ «Философиялық трактаттар» Орысшадан ауд. Қ. Сағындықов, М. Жанғали және М. Ишмухаммедов.- Алматы: Ғылым, 1973. - 448 б.] Әл – Фараби өз дәуіріндегі атқарған ең маңызды қызметі дін мен философия арасына көпір салды.
Оның ойынша нағыз ойшыл философ пен пайғамбар арасында айырма - шылық аз. Әл – Фараби дана ойшылдарды, дін шындығын түсіндіру мәселесінде, пайғамбар дәрежесімен теңес - тіреді. Әл - Фарабидің пікірінше, ең кемеңгер басшы бойында ойшылдық қасиеті бар адам. Бұл қасиеттер Мұхаммед пайғамбардың бойында болған. Соңдықтан Әл - Фараби Мұхаммед пайғамбарды «Бірінші басшы» деп есептеген. Имандылық қасиеттер – интеллектуалды ұлт тәрбиелеудің, ұлтжан - дылық қасиеттерді меңгертудің бірден - бір негізгі жолы. Әл - Фараби ділдік тазалық, адамдарға деген қайырымдылық, әрбір істегі парасаттылық туралы ойларымен ислам дінін адамдардың қарапайым тіршілігіне жақындата түседі.. “Жүрегі шынайы сенімге толы, пәк - мінезді жандар ғана тәңірі махаббатта лайықты”. Мұндай тұлғада рухани сана өз кемелдігіне жеткен. Сондықтан, рухани сана арқылы адам танымынан орын алған тәңірі болмысын кемелдікке жеткен тұлға ғана (ақыл - ой күшімен) танып біле алады. Танымның екі формасына назар аударған әл - Фараби, оны ішкі және сыртқы деп беледі. Және сол арқылы рухани дүниені таразылайды. Әл - Фараби: “Әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге негізделген таным – адам танымының сыртқы негізін түзеді.
Ал танымның ішкі бөлігін абсолютті таза, киелі рух көрініс алған ақыл - ойдың қызметімен байланыстырамыз” - деп танымның ішкі белігіне көбірек мен береді. Әбу Наср Әл - Фараби: философия мен дінді шендестіре қарастырып, екеуін бір санаттағы саналы білім деп танып, философияның басты ұстанымы - дәлел, діннің өзегі сенім деп тұжырымдаған. Иман, инабат, адамгершілік, ізеттілік, ізгілік іздерінің қайнар көзі діни танымда, дінде жатыр. Дін – адамның күнәдан тазару жолы, адамды адамшылыққа бастау, тәрбиелеу жолы. Құран - адам бойында адамгершілік қасиеттерді дарытатын асыл мұра. Әдепті инабатты, шындықты, адалдықты қастерлейтін қазына. Қазақтың бір ақиқаты дәлелденген болса "Құран атсын"- деп, істі қарғануы тегін емес қой. Қазақ баласы дүниесі таза, ар - ожданы пәк, арлы адамды "Иман жүзді" "Аузында алласы, қолында құраны бар екен деп құрмет тұтады. Немесе "Ал хаяу шоғбатун мин - ал - иман». Аристотелден кейінгі Ұлы ұстаз мұрасында адам тәрбиесіне де қатысты құнды дүниелер жетерлік. Оның құзар шыңы - Туран топырағына ІЗГІЛІК ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ дәнін сеуіп, оның ғылыми негізін салып, практикалық бағытын көрсетіп бергендігі болып табылады. Осы тұрғыдан оның Әлемдік Ұстаз мәртбесіне сай тарихи ролі жоғары бағаланғаны белгілі.
Сондықтан да, ол ойшыл ғұлама ғана емес ғұламалардың әлемдіқ ұстазы, әлемдік абызы атанды. Ол, иманипедагогика аталатын педагогикалық ілімнің төлиесі. Әл - Фараби жаңа философиялық түсініктер орната отырып соларға сай нәтижелерге жетіп отырды. Бұл нәтижелердің көрінісін дінде, діни заңнамаларда, саясат пен ғылым салаларында байқай аламыз. Бұл енгізілген «жаңашылдықтарда» әл - Фарабидің философ - иялық принциптері мен философиялық көзқарастарының ең алғашқы бастауы ретінде дін қаралады, әрине дін бұл жерде ерекше философиялық ғылым ретінде қаралды. Дін мен философия сонау софистер заманынан бері бір - біріне қарсы қарастырылып келді. Сократқа тағылған айыптардың бірі оның діни құндылықтарды мойындамай, онымен санаспауында еді (яғни, ол философияны діннен жоғары қойды). Әл - Фараби философия мен әлеуметтану, саясат, педагогика, этика, диалектика және саясат мәселелеріне қызығушылық танытты. Ойшылдың идеялары өз заманынан озық болды. Оның жұмыстары әлі де өзекті. Әл - Фараби әлемдегі барлық нәрсенің 6 деңгейге бөлген. Олар бір - біріне тығыз байланысты екенін айтқан. Бірінші кезең — барлық нәрсенің тууы. Екінші кезең барлық заттың пайда болуы. Үшінші кезең Ақыл - ой немесе дамып келе жатқан ақыл. Төртінші кезең — жан.
Бесінші кезең пішін (форма). Ал алтыншы - материя. Бұл алты кезең адам және қоршаған ортаның пайда болуына әсер еткен деген философиялық ой. Осыларды ескерсек, әл - Фарабидің тәрбиелік ілімінде философия, педагогика, дін үшеуі ошақтың үш бұтындай бірі - біріне иық тіресіп жымдасып тұр. Жәй ғана қарасақ имандылыққа баулу қазақ ілімінің тереңдегі тұғыры тәрізді сезіледі. Ал. Фарабидің дәуір деңгейімен қарасақ Иманипедагогика ғылымын бағдарлай аламыз. Фараби бабамыз иманипедагогиканың төлиесі.
Себебі, әл - Фарабидің тәлім - тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды сурет - тейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. Әл - Фараби өзiнiң осы тұжырымдарын ары қарай ғыл - ыми жетiлдiре келiп, түркi халықтарының тәлiм - тәрбиесiнің негiзi болған үш түрлi iлiмнiң: бірінші - хауас, хауас салим хауаси хамса заһириди (түйсiк, iшкi бес сезiм және сыртқы, бес сезiм), екiншi - Имани гүл (үш сүю), үшiншi – Жәуанмәртлiк (ақыл, әдiлет, рақым) мәнiн түсiндiредi. Фарабидің педагогикалық әрекеті: ӨЗІ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІН ТҰЖЫРЫМДАҒАН, МОРАЛЬДЫҚ - ЭТИКАЛЫҚ ІЛІМІНДЕ, ПАРАСАТТЫ АДАМ (ИНАНИ ФАЗЫЛ) ТУРАЛЫ ТАНЫМЫНДА ЖАТТЫ.
(С. Ғаббасов) Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым - жазушы)