Гуманизм туралы түсінік
Гуманизм туралы пікір дүниетаным ретінде өте күрделі феномен болып табылады. Ол көп деңгейлі мәнге ие, пәндік тұрғыдан көп мазмұнды және өзінің көрініс беруі тұрғысынан көп формалы болып табылады. Бұл формалардың жетеуін бөліп алып қарауға болады: теориялық, әлеуметтік, тарихи, психологиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық, экзистенциалды, әлеуметтік-мәдени. Бірінші үшеуі кез келген мәдени феноменге тән. Одан кейінгілері гуманизмнің әр түрлі жақтарын қамтиды. Мысалы, гуманизмге ерекше психология, әлеуметтік, саяси-құқықтық мәртебе, экзистенциалды құндылық тән. Осылардың жиынтығы метагуманизмді, гуманизмнің дүниетаным ретіндегі және мәдениеттің феномені ретіндегі рефлексиясын береді. Өзінің мәні тұрғысынан гуманизм теорияның (сенімдер мен білімер) және адам өмірінің, практикасының имманентті бірлігі ретіндегі дүниетаным болып табылады. Гуманизм адамға тән гумандылықта негізделеді адамдардың ішкі жан дүниесінен туатын гумандық сезімдері мен іс-әрекеттерінде көрінеді. Осы әрекеттерден адам өмірінің ең позитивті, жасаушы, шығармашыл жақтары бастау алады. Теориялық, діни, көркем әдебиет және т.б. арқылы бейнелене отырып, гуманизм көп түрлі гуманистік ілімдер түрінде көрініс береді. Егер гуманизмнің нақты бір мазмұнына көңіл аудармай, оның құрылымын, логикасын және адамның гуманистік әркеті арасындагы қатынастың сипатын талдайтын болсақ, біз теориялық объект ретінде бұл дүниетанымға қатысты рефлективті деңгейге көтерілеміз. Гуманизм кең мағынасында мәдениеттанулық детерминантты, адам өмірінің өзіндік құндылықтарын мойындау негізінде өмірлік құрылымның жалпы принциптерін білдіреді. Бұл жағдайда ол әлемнің барлық халықтарының рухани тарихында бар, яғни ол гуманизмнің әмбебаптық мәнін білдіреді. Дәстүр бойынша гуманизм білім мен тәрбие арқылы адамның жетілу жүйесінен көрінеді.
Философ-экзистенциалистер үшін гуманизация негізгі өмірлік құндылықтар мен оның қоғамдағы орны мен рөлін басқаша ойлау жағдайымен байланысты. Технологиялық қоғамға сәйкес гуманизация мәселесі Э. Фроммның «Үміт революциясы» (1969) еңбегінде көтерілген. Психолог К.К.Платонов техниканың гуманизациясын инженерлік психологияның мәні, техниканың адамның ерекшелігі мен іс-әрекетіне сай келуі тұрғысынан қарастырған. Гуманизация адамгершілікке жету жолындағы жеке және әлеуметтік келісілген жағдайды білдіреді. Біздің ойымызша, гуманизация табиғат пен социум әлемінің «адамдануын» көрсетеді. Гуманизм құбылыс әрі жағдай ретінде ұзақ тарихқа ие және соған сай оның мәнінің түсініктемелері де әртүрлі. Гуманизмнің маңызды сипаттамаларын оның шығу тегін зерттегенде түсінуте болады. Бұл қиын теориялық мәселе. Гуманизмнің бастауларын зерттеуте кіріскен қай зерттеуші болмасын өзінше шешуі қиын, тарихи түрленімі бар және рационализациялануы қиын адам табиғаты, жақсылық пен жамандық, өзгешілдік және басқа да ұғымдарға кездеседі. Сонымен бірге жалпы болса да оның шығу тегін анықтау керек, себебі ары қарай талдау да осыған байланысты болады. Алдымен кейбір көзқарастарға тоқталайық.
Гуманизмнің қалыптасуын адамның бойында жиналған қасиеттермен байланыстыратын тұрақты дәстүр бар. Кейде «адамдық» ұғымын адам мәнінің сипаты ретінде қолданады. Белгілі философ, Ресей гуманистік қоғамының Президенті В.А. Кувакин гумандықты адамның туғаннан пайда болған антропологиялық белгісі деп жазады. Ол: «Адамның мәні, мақсаты, оның құндылығы мен шынайылығы адамның өзінде. Тек осы жағдайда ғана қоғам, табиғат, ештеңе, белгісіздік, Құдай (егер бар болса) өз дәрежесінде бағаланады, тек осы жағдайда олар шынайы құндылыққа ие болады. Гуманизмнің негізгі алғышарты осындай», — дейді. Л. Иожеф те «Мәдениеттегі гуманизм және гуманизмдегі мәдениет» мақаласында бұл мәселеге тоқталады. Ол логикалық ойлау құралдары адамның абсолюттік құндылығын дәлелдеп бере алмайды деп көрсетеді: «Мұны анықтаудың жалғыз мүмкіндігі — әлемдік құрылымның болмыстық негізіне емес, адамның өмір сүру фактісіне сүйену керек. Адамның өзіндік санасы бар болғандықтан ол өзін әлемнің орталығы ретінде жариялайды». Отыз жылдық психотерапевтік тәжірибе негізінде адам табиғатының жақсы жақтары жайлы жазған К.Роджерстің көзқарасы анық. Адамның мәнін бұлай бағалау шетелдік гуманистік қозғалыс теорияшыларының зерттеулерінің көпшілігінде кездеседі. П. Куртц адамдағы рационалдық бастаудың басымдылығын, ал С. Ламонт адамның жақсылыққа қарай талпынысын басты деп көрсетеді.
Бірақ адамның антропологиялық ерекшелігі ретінде гумандылықты түсіндірудегі негізгі қайшылықтарды байқамауға болмайды. Ең алдымен көзге түсетіні осы немесе оған қарама-қайшы тезистің түбегейлі дәлелденбеуі болып табылады. Адам табиғатынан мейірімді ме, әлде мейірімді емес пе деген бұрыннан келе жатқан философиялық пікірталастың негізінде абстрактілі адам жатса, онда талас шексіз болуы мүмкін. Әр тарихи кезеңде бұл пікірталастың екі жағы да өзекті болған, дағдарыста, не дағдарыстың алдындағы кезеңдерінде зұлымдық мәселесі өткір қарастырылды, ал мұндай жағдайлардың адамзат тарихында аз болмағандығынан зұлымдық феномені көп зерттелді. Бір-біріне ұқсас түсініктерді көрсетуге болады: денсаулық-дерт, бейбітшілік-соғыс, ал өзінің қауіптілігімен мәселенің дерт, соғыс сияқты жақтары көп назар аудартады.
Жақсылықтың бірінші, бастапқы болуы туралы абстрактілі ұғымның да белгілі бір қаупі бар. Де Садтың «Философия в будуаре» еңбегіне талдау жасап болғаннан кейін философ Л.В. Прокофьев: «Адамдағы тығылып жатқан қасиеттердің жаңа қырын ашуға тырысу, классик байқағандай, ондай қасиеттер өте көп, этикалық жағынан өте еркін көзқарасты көрсетеді. Онда олардың қандай да болмасын табиғи қасиеттерін жоғалтатын менмендік пен өзімшілдікке көңіл аударуынан адамның намысы мен мәртебесі әрқашан өз дәрежесінен төмендей береді. Әлемді адам арқылы өлшеп, оны тек адам арқылы көру әлем үшін де, адам үшін де қайғыға әкеліп соқтырады», — деп жазады. Біздің пікірімізше, зайырлы гуманистік негізде адамды құдайдың орнына абсолютті ізгілік ретінде қою үрдісі жүріп жатыр. Ол Ренессанстық гуманизмнен бастау алатыны белгілі. Латындық негізге енген тілдерде адамдық және гуманистік синоним сөздер болып табылады. Бұл терминдерді практикада қолдануда гуманистіктің құндылықтық мәнін адамдықтан жоғары көрсетуі адамға байланыстының бәрінің гуманистік бағытта болмайтындығы, оның адам феноменіне қарағанда кеш пайда болгандыгын көрсетеді. Гуманизмнің пайда болуының жалпы себептерін зерттеу ресейлік философтар И.М. Борзенко, В.А. Кувакин, А.А. Кудишиналардың бірігіп жазған «Қазіргі гуманизмнің негіздері» (2002 ж.) деген еңбегінде қарастырылған. Олар адамның өмірде көріну сапасы «адамзат тарихының ерте кезінен, гоминидтің — homo sapienske, тобырдың қоғамға айналумен бірге пайда болып, дамыған», — деп көрсетеді.
Ары қарай олар гуманизмнің пайда болу себептерін тірі табиғаттың пайда болуымен, әсіресе оның заңдылық, шығармашылық мінез сияқты сипаттарымен, ашықтық, бағытталған және дамудың үздіксіз процесі, сонымен бірге табиғаттың белгілі бір құбылыстарының тіршілік етуінің абсолюттік емес кепілдігі сияқты ерекшеліктерімен байланыстырады. Гуманизмге қатысты авторлар: «Дамудың көрсетілген сипаттары гуманистік дүниетанымда өз бейнесін табады. Біріншіден, олар табиғи, кездейсоқ емес, ойлау қабілеті бар жоғарыдан реттелген материя-энергия ретінде адамның психофизиологиясы негізінде пайда болған. Екіншіден, гуманизм — бұл еркін адамның шығармашылық дүниетанымы, бұл оны әлемдік дамудың шығармашылық сипатымен жақындастырады. Үшіншіден, гуманизм дүниетанымы өзінің ашықтығымен, тұрақты өзгеруі мен дамуымен, адамның ішкі әлемінің шексіздігі ретіндегі қатыстылығымен ерекшеленеді. Төртіншіден, гуманизм абсолютті ақиқат пен аяқталғандық дегенді білдірмейді», -деп көрсетеді. Бұл жағдайда табиғи болмыс негіздеріне жүгіну діни нұсқадан еш артық емес. Айтылған авторлардың көрсетуі бойынша, гуманизм мен оның тарихына талдау жасау адамның жеке даралыгының жақсы жақтарын шексіз түгендеп, тарихтағы болған идеяларды теріп шығуға алып келеді. Қайдан шығатыны белгісіз адамның өзіндік құндылығын жәй ғана сипаттап қою мәселеден қашуды білдіреді. Адамның даму деңгейіндегі қогамдық прогрестің рөлін көрсете отырып, В.А. Туев былай дейді: «Бұл дамудың негізі қажеттілік болып табылады, себебі олар адамның белсенділігінің негізгі жүйесі, яғни адам болмысының жалпы негізі ретінде жүреді».
Біздің көзқарасымыз бойынша, методологиялық тұрғыдан ең дұрысы — гуманизмнің мәні мен оның шығу тарихын абстрактілі түрде ғана қарастырмау. Өз қажеттілігі мен мүмкіншіліктері бар белгілі бір тарихи ортада адамды талдаудың философиялық дәстүріне жүгіну ерекше маңызды. Бүл жерде Э.Фроммның еңбектері мен оның ішінде радикалды гуманизм концепциясының маңызы ерекше. Оған «Здоровое общество» (1955), «Образ челоБека у Маркса» (1961), «Душа человека» (1964), «Анатомия человеческой деструктивности» (1973), Иметь или быть» (1976) деген жұмыстары дәлел бола алады. Ол өз жақтастары ретінде К.Марксті, Тороны, Эмерсонды, Альберт Швейцерды, Эрнст Блохты, Г. Петровичті, С. Стоянобичті, экономист Э.Ф. Шумахерді көрсетті.
Біз гуманизм феноменінің пайда болуын оның тұжырымдамасынан бұрын пайда болғанын ескереміз. Адамды қорғау мен оған көмек көрсету, адамды сүюге деген негізгі қажеттіліктің эволюциясы болуы керек ғой. Адамның қалыптасуының қоғамдық сипатын ескерсек, мұндай қажеттілік алғашқы тайпаларда адамдардың өздерін сақтау мен дамытудан туса керек. Бұл жерде А. Швейцердың бас ию (құрмет) принципімен аналогия жүгізуте болады. Халықтық мәдениетте табиғатты сақтау әрқашанда болған (мән бермеу де болған), бірақ бұл түсінікті тұжырымдауда А. Швейцердің еңбегі зор.
Біз адамның бойындағы негізгі гуманистік детерминанттардың қалыптасуы адамдық дамудың ерте кезеңіндегі адамдардың болмыс ерекшелігіне байланысты және түрдің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін олардың өмірлік іс-әрекетінің қалыптасқан сапасы болған деген көзқарасқа қосыламыз. Гуманизмнің әлеуметтік қызметі адамдардың қауымдастықтағы қатынасын сақтаудан туған қажеттілік. Бұл мағынада гуманизм адамның эболюциялық даму шарты болып табылады. Әрине, жалғыз сол ғана шарт емес. Сонымен қатар, адамның руханилығынан да туған шарт. Өйткені адам тек зерделі ғана емес, сонымен қатар рухани да жан. Адамның зерделілігі үлкен мәнге ие болады. Түрдің өзі зерделі адам ретінде анықталады. Бұл тұжырымды жоққа шығармаймыз, бірақ зерделілік адамның эболюциялық дамуындағы жалғыз белгі емес. Қазіргі кездегі зерттеулер адамның руханилық, сенім сияқты қасиеттерін негізге алады. Біздің пікірімізше, осыған көне мәдениеттен сақталған гуманизмді қосуға болады.
Қазақстандық руханилықты зерттеушілер С.Ю. Колчигин мен А.Б. Қапышев «Адамдық деген не?, егер ол — не ақыл, не іскерлік болмаса, ішкі сезім, немесе руханилық па? деген сұрақ қоя отырып, оны «рух» және «жан» ұғымдары арқылы ашып көрсетеді. Зерттеушілер рухты «адамдық адамгершілік бастау ретінде анықтайды. Немесе бұл адамдағы ұлы, діни бастау деп атайды». Біріншіден, гуманизмді қоғам мен адамның даму қажеттілігіне сай адам әлеуетінің сақталуы мен дамуының практикасы ретінде анықтауға болады. Гуманизм қоғамдық дамудың адамға айналған мазмұны болып табылады. Тұтас алғанда, гуманизм бастаулары біртұтас сипатқа ие және оның әлеуметтік биологиялық, әлеуметтік және мәдени алғышарттарын зерттеуді талап етеді. Соған сай методологиялық мәні бар маңызды ұғымдарға қажеттілік, конструктивтілік және деструктивтілік, кооперативтілік, біртүрлілік пен адам дамуының әртүрлілігі, бірлік және көптүрлілік жатады.
Гуманизмнің қалыптасуына әлеуметтік фактордың әсері марксизм мен эволюционизм тұжырымдарының шеңберінде қарастырылған. Гуманизмнің қалыптасуының маңызды кезеңі еңбектің бөлінуі мен оның өнімдерімен алмасуы пайда болған кезден басталады. К. Маркс бұл процестің екі алғышартын көреді: «… Еңбектің табиғи бөлінуі жыныстық және жасының айырмашылығына қарай өзгеруіне байланысты, лғни таза физиологиялық мәнде пайда болады… басқа жағынан қарағанда … табиғи пайда болған өзгешеліктер кезінде, қауыммен араласқанда олардың арасында өнімдерімен өзара айырбас пайда болады, біртіндеп бұл өнімдер затқа айналады». Алғашқы адамдардың қабілетін ажыратуға негізделген еңбекті бөлу қабілеттерімен алмасу қажеттілігіне, сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар, гуманистік байланыстар қалыптасатын қатынастардың қалыптасуына алып келеді. Еңбекті бөлу деңгейі бойынша адамдардың түрлі қабілеттері қалыптасуы мүмкін әртүрлі еңбек қызметтерінің саны артады. Өмірдің жаңа стилін қалыптастыру көптүрлілік жағдайында мүмкін болады. Мысалы, мәдениеттің гүлденген кезеңдері оны қиртаумен сәйкес келіп жатқан кездер де болады. Ондай кезде әлеуметтік дамуы революциямен өзгертіледі, әлеуметтік динамика күшейіп, ескі нормалардың орнын жаңа стандарттар басады, девиация қалыптасады. Гуманизмге деген қоғамдық қажеттілік әсіресе тұрмыс салтының динамикалық ауысуы жағдайында пайда болады, ол қоғамның тыныш даму кезеңінде жаңаны қалыптаструшының алғышарты болып табылады. Әлеуметтік дамудағы бірыңғайлылық пен әр алуандық, біртүрлілік пен көптүрлілік арасындағы қайшылық адамзат дамуының көне кезеңінде де сақталған. Мысалы, көп уақыт бойы жауынгердің ерекше құндылығын қорғаған, белгілі бір стандартқа сай келмейтін әлсіз балаларды құртқан Спартаны алута болады. Бірақ тарихта қабілеттердің көптүрлілігін сақтау принципі бар Афина жеңімпаз болды. Жаңа уақытта әр алуан қабілеттерді шығаруға үлкен мүмкіндігі бар демократия эволюциялы тұрақты болады, ал тұрақсызы — қаншалықты бірлігі және жоғары жұмылдырушы потенциалына қарамастан — тоталитаризм болды.