Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет

Ортағасырлық шығыс мұсылман халық­тарының әдебиет тарихына назар аударғанымызда кейбір классикалық туындылардың дүниеге келуінде сол заман­дағы хандар мен ел билеушілерінің тікелей ұсыныстары мен материалдық қолдауы жатқанын көреміз. Тарихта шығармасын белгілі бір тұлғаға арнап, жан баққан қалам иелері де аз болмаған. Ортағасырларда өз заманының сөз зер­герін қадірлеп, бір шығарма жазып беруді сұраған ел билеушілер де жиі кездеседі. Ақынының қасынан табылған ханның тарихта беделі де үстем болған. Әдетте, әлем­ді жаулаған билеушілердің тарихи тұлғасына қарағанда, әдеби бейнесі бұқараның жадында ұзақ сақталатыны белгілі. Бұған Әбілқасым Фирдауси мен Сұлтан Махмұт, шираздық Хафиз бен Әмір Темір, Бұқар жырау мен Абылай хан арасындағы сұхбаттардың ел арасына аңыз-әңгіме түрінде тарағаны мысал.

Сол секілді Алтын Орда тұсындағы кейбір жәдігер сол заман билеушілерінің тікелей қолдауымен жазылған. Мысалы, 1310 жылы жазылған Рабғұзидың «Пай­ғам­барлар қиссасы» жергілікті бей Наси­раддин Тоқбұға бекке арналса, Құтб «Хұсрау-Шырын» дастанын 1341-1342 жылдары ел билеген Тыныбек пен оның жұбайы Мәликә ханымға сыйлаған. Сондай-ақ нама жанрының көшбасында тұрған Харазмидің «Мұхаббатнамасы» 1353 жылы қоңырат руының көсемі Мұхам­мед Қожабектің құрметіне жазыл­ған. Аталған бұл шығармалардың «Тәлиф-е сәбәб» яғни туындының жа­зы­лу себебі ашып көрсетілетін тұста осы ел билеушілеріне жыр арналып, ма­дақ­тар айтылған. Осыдан-ақ, Алтын Ор­да тұсында ел билеушілері тарапынан сөз өнеріне, оларды жаратушы сөз зер­герлеріне деген құрметтің артқанын көреміз. 

Алтын Орда әдебиетінің дамуын Мысырдағы мәмлүк-қыпшақтар жазба мұрасынан бөліп қарастыру мүмкін емес. Еуразия кеңістігіндегі Жошы ұлысы мен Солтүстік Африкадағы Мысыр би­леушілерін генетикалық жағынан туыс­тық һәм ортақ мәдениет біріктіретін. Содан Ислам өркениетінің аясына ұйыс­қан қыпшақтардың әдеби кеңістігі де бір еді. Әсіресе түркілік рух пен исла­ми құндылықтарда басты мүдделер то­ғысатын. Ең негізгісі – екі елдің де бір имани сенімде болуы дер едік. Жалпы, сая­си-дипломатиялық қарым-қатынаста генетикалық туыстыққа қарағанда, имани сенімге негізделген мәдениеттің салмағы басым түсетіні белгілі. Мұны Жошы ұрпақтарының бір аталас Хулагу ұлысына қарағанда, алыстағы Мысыр билеушілерімен тығыз қарым-қатынас орнатуынан-ақ байқауға болады.

Алтын Орда мен Мысыр арасын­да саяси-дипломатиялық қарым-қаты­настардың жоғары деңгейде дамығаны тарихтан белгілі. Аббасидтер билігі Ху­лагу тарапынан құлатылғаннан кейін мәмлүктер билігіндегі Мысыр елі сол кездегі ислам әлемінің негізгі ор­талығына айналды. Әрі сарай билеу­шілерінің Ис­ламды қабылдауында да мәмлүк-қып­шақтарының ықпалы зор болды. Екі ел мәдениетінің барын­ша жақындай түсуіне сол заманда өмір сүрген қалам иелері де қатты әсер етті. Сарайдан Каирге қоныс аудару­шы­­лардың қатарында Құтб, Сәйф Сараи секілді ақындар болды. Олардың шығармаларының идеясы Алтын Ор­дада туғанымен де, туынды ретінде Мысырда жемісін берді. Сондықтан да ғалымдар Жошы ұлысы мен Мысырдағы түркі әдеби жәдігерлерін ХІІІ-ХVІ ғасырлардағы Қыпшақ әдебиеті немесе Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі шығармалар деп, жалпылама атаумен қарастырады. Себебі сол кездегі жазба жәдігерлер Жошы ұлысындағы дала қыпшақтары мен Мысырдағы мәмлүк-қыпшақтары тарапынан жаратылған еді.

Шыңғыс хан жорығының адамзат өркениетіне, соның ішінде ислам әлеміне тигізген әсері туралы, көбіне бір жақты ғана пікір айтылатыны белгілі. Десек те, осы жорықтан кейін ислам өр­кениеті түркілердің қолына өтті һәм түркі әдеби тілі дами бастады. Бағдат халифатын Хулагу барып құлатқаннан кейін, ислам әлемінің орталығы қыпшақтар билігіндегі Мысырға ауысса, Дешті Қыпшақта Жошы ұлысы негізіндегі Алтын Орда мемлекеті бой көтерді. Осы екі елдің де мемлекеттік тілі – қыпшақ тілі болды. Көркем туындылар да сол тілде дүниеге келді. Сырт қарағанда «Қиссәсул-әнбия», «Жұмжұма», «Нәһжул-фәрадис», «Мұғинул-мүрид» болып, жәдігерлердің атауы арабша не парсыша аталғанымен де, шығарма бүтін­дей түркі әдеби тілінде жазылды.

Алтын Орда дәуірі әдебиеті – екі арнадан нәр алды: көне түркі һәм шығыс мұсыл­ман әдебиеті. Қарахандықтар би­лігі тұсында өмір сүрген Махмұт Қаш­қари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Жүйнеки, Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани секілді ақындардың көркем ойларын Жо­шы ұлысында өмір сүрген түркі ақын­дары одан әрі дамытты. Сондай-ақ олар Сағди, Фердауси, Ғазали, Аттар, Руми, Низамилер секілді парсы әдебиеті өкіл­дерінің шығармаларымен де таныс болды. Кейбірінің туындыларын түркі әдеби тіліне тәржімалады. Тіпті Шейх Сағдидың шығармалары сарайда кеңінен танымал болғаны соншалық, оның жыр шумақтары Алтын Орда астанасының кейбір ғимараттарының қабырғаларына жазылды.

Кайратов Арайлым

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама